Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - 1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қазанның 1-ін Халықаралық қарттар күні деп бекітті.
Алғашында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада, ал 80-ші жылдардың соңында бүкіл әлемде аталып өтетін болды. Бұл күні аз қамтамасыз етілген қарт адамдар, жалғызілікті зейнеткерлер мен қарт мүгедектер құрметке бөленеді
Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтарын сақтау, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандырылу, денсаулығын сақтау, білікті, оның ішінде ақысыз құқықтық көмек алу құқығы кепілдендірілген.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қарттарды әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан, ол зейнетақымен қамсыздандыруды
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып. Отбасында, бала – шаға қасында
Біз ардагерлер мен қарттар алдындағы өзіміздің парызымызды мойындаймыз. Бұл парыз - оларға күнделікті қамқорлық, қолдау көрсету арқылы өтеледі. Бұл аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады...
Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызда сіздерді құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз болсын!