3-топ Сұрақ-жауап Қазақстан Республикасындағы сот билігі


Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары



бет6/15
Дата31.12.2021
өлшемі27,63 Kb.
#21909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Құқық 3-топ

5.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.

Сайлау жүйесі депсайлауға қатысқан сайлаушылардыңдауыс беруін


есептейтін заң тарапынанбелгіленгенесептеу тетігін айтады.

Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз - Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз - сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:



  • республикалық Орталық сайлау комиссиясы;

  • аумақтық сайлау комиссиялары;

  • округтік сайлау комиссиялары;

  • учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі - бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет