4.Мәміле нысаны.Мәміленің жарамдылығының,жарамсыздығының негіздері.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) нормаларына сәйкес сот мәмілені жарамсыз (даулы мәміле) деп таныса не осындай тануға қарамастан оның жарамсыздығы заңда тікелей көрсетілсе (мәніссіз мәміле), мәміле заңда белгіленген негіздер бойынша жарамсыз болуы мүмкін.
Даулы мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптарды, оның салдарлары жөніндегі талаптарды қолдану туралы талапты мүдделі адам, тиісті мемлекеттік орган не прокурор қоюы мүмкін.
Мәміленің заңмен мәніссіз деп анықталуы мүдделі адамның осындай мәмілені сот арқылы жарамсыз деп тануды талап етуіне кедергі болмайды.
Мәніссіз мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану туралы талапты мәніссіз мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапты кез келген мүдделі адам қоюы мүмкін.
Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айкындалады мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі,мәміленің нысанын сақтау Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс,яғни кез келген құқықтық нормативті құжаттарға сай келуі Мәміле ерікті әрекет болғандықтан,оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады Мәміленің жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіруі бір бірімен сәйкес келуі керек Олардың арасындағы сәйкессіздік мәміленіжарамсыз етіп көрсетеді Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады,сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді Мәселеноған мәмілені нотариалдық куәландырумен тіркеуді айтуға болады
Достарыңызбен бөлісу: |