3-тоқсан. «Электростатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары



бет1/2
Дата08.05.2023
өлшемі0,75 Mb.
#91023
  1   2

3-тоқсан. «Электростатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.1.1 - электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын
есептер шығаруда қолдану 10.3.1.3 -зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану
10.3.1.8-конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу;
10.3.1.9 -конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда;
10.3.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Зарядтардың өзара әрекеттесу күшін сипаттайды
 Электр өрісіндегі өткізгіштерді сипаттайды
 Электр сыйымдылығының мағынасын сипаттайды және мәнін анықтайды
Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолданады  Электр өрісінің энергиясын анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар

  1. Екі бірдей заряд ауада бір-бірінен 0,05 м қашықтықта 1,2·104Н күшпен әсерлеседі.




    1. Зарядтардың шамасын есептеңіз.




    1. Осы екі зарядты диэлектрлік өтімділігі ε сұйыққа бір-бірінен 0,05 м қашықтыққа орналастырады.

І. Зарядтардың арасындағы әрекеттесу күші қалай өзгеретінін сипаттаңыз.


ІІ. Зарядтар диэлектрикте бір-бірінен 0,12 м қашықтықтан өзара 1,5·105Н күшпен әрекеттеседі деп алып, сұйықтың диэлектрлік өтімділігін анықтаңыз.



  1. Әр аттас зарядталған пластиналар арасына зарядталмаған өткізгіш шарды орналастырып, көрсетілген бағыт бойынша қозғалысқа келтірсе, қандай өзгерістер болатынын тұжырымдаңыз.






  1. Кернеулігі 1,2 Н/Кл біртекті электр өрісінде заряды –3 мкКл-ға тең тозаң тепе-теңдік қалпын сақтаған. Тозаңның массасын анықтаңыз. Электр өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетіңіз.

4. Әр конденсатор сыйымдылығы 7 мкФ болса онда конденсатор батереясының


сыйымдылығы неге тең?

5. а) Электр сыйымдылығы ұғымына анықтама беріңіз.

б) Конденсаторлар қолданылуының бір себебі – олардың электр энергиясын сақтауға


болатыны. Конденсаторларда электр энергиясы қалай сақталатыны туралы қысқаша түсіндіріңіз.

с) Сыйымдылығы 1200 мкФ конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырымы


50 В-тан 15 В-қа дейін өзгергенде конденсатордағы электр энергиясының өзгерісін есептеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет