Бөлім: Адам жанының құпиясы
Шығармалар: І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты,
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы,
Т. Айбергенов «Сағыныш»,
Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем»
1-БӨЛІМ 1. «Құлагер» поэмасындағы психологизмнің анық байқалатын тұсы қай бөлімде?
А)Бай, бай, Құлагерім!..
В) Толғану
С) Ат шаңы
D) Ат қайтқанда
[1]
2.Шұғаның Әбдірахманға деген сезімінің оянуын білдіретін детальді белгілеңіз.
А) қос аттының келуі
Б) алтыбақанда кездесуі
С) отаудың сықырлауығы
Д) ауыл жастарының тойы
[1]
3. Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңінен алынған үзіндідегі бос орындарды өз қалауыңызша толтырыңыз.
Сағынышдеген..., бола да берерартық-кем, Ал нағыз...араның балы бар тіптен. Мен мынау...қаратасты да сағынам, Қаланыпқалса тәртіппен. __________________________
__________________________
__________________________
[1]
5.Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінде «жарылуға жақындап келем» деген жолға сәйкесін анықтаңыз.
А) Біреудің пасықтығынан,
біреудің жасып мұңынан,
жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
В) қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
С) кімнен өшімді аларымды білмей,
кімдерге кінә тағарымды білмей,
алдыңа лапылдап келем
D) шаттанып қалған шағымда,
жеткендей арман-сағымға,
қуаныштан дірілдеп денем
[1]
2-БӨЛІМ 6.Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі
О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан, Ондағы жандар көз ашпас еді-ау, сағыну менен шаршаудан. Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние, Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан, – деген жолдарда автор бейнесі, өмірге деген құштарлығы мен сағынышы қалай байқалды?Талдаңыз. (5-6сөйлем).
[3]