Натрий фенолятының түзілу теңдеуін жазыңыз.
Күкірт қышқылымен әрекеттесу кезінде қоспаның бұлттану себебі.
б) Тәжірибе жүргізу үшін екі пробиркаға 0,1–0,3 г фенол салынады. Біреуінде 1-2 мл карбонат ерітіндісі, ал екіншісінде – 1-2 мл натрий бикарбонаты қосылады.
Фенолдың еруі байқалады ма?
Екі пробиркада біртекті сұйықтықтың пайда болда ма?
Бұл тәжірибе нені көрсетеді?
Натрий карбонатының фенолмен реакциясының теңдеуін жазыңыз.
Фенол сілтілермен және натрий карбонатымен өзара әрекеттесу кезінде қандай қасиеттерді көрсетеді?
2-тәжірибе. ФЕНОЛДЫҢ ТЕМІР ХЛОРИДІМЕН РЕАКЦИЯСЫ.
Құрал - жабдықтар: пробирка, зертханалық штатив.
Реактивтер мен ерітінділер: 5 %-дық фенол ерітіндісі, 5 %-дық темір (III) хлориді ерітіндісі.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 1мл фенолдың 5 %-дық ерітіндісін және 1-2 тамшы темір (III) хлориді ерітіндісін тамызады. Пробиркада фенол күлгін (фиолетовый) түс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |