Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 г кристалды фенол салынып, 2 мл су құйылады. Араластырғанда фенол жартылай ериді. Мұқият қызған кезде фенол толығымен ериді және қоспасы біртекті сұйықтыққа айналады, өйткені температураның жоғарылауымен фенолдың ерігіштігі артып, 68С-тан жоғары фенол барлық жағынан сумен араласады. Фенолдың алынған сулы ерітіндісі көк лакмус қағазымен сыналады. Түс өзгеруі байқалады, бұл фенолдың қышқыл сипатын көрсетеді.
Фенолдың судағы ерігіштігінің температураға тәуелділігі туралы қорытынды жасаңыз.