б) Нитрофенолдардың натрий гидроксидімен әрекеттесуі. Орто-және пара-нитрофенолдың қаныққан сулы ерітінділерінің бірнеше тамшылары пробиркаларға салынып, олардың әрқайсысына натрий гидроксидінің ерітіндісі сілтілі реакцияға дейін, содан кейін сұйылтылған күкірт қышқылына құйылады.
Сілтінің қатысуымен нитрофенолдардың түсі қалай өзгереді?
Мұндай күшті түс өзгерісін қалай түсіндіруге болады?
Нитрофенолдардың сілтілі ерітінділерін қышқылдандыру кезінде қандай өзгерістер болады?
Реактивтер мен ерітінділер: Фенол, концентрлі күкірт қышқылы.
Жұмыс барысы: 3 мл концентрлі күкірт қышқылына жаймендеп араластыра отырып, 2 г фенол салады. Қоспаны екі пробиркаға бөледі. Біреуіне 3-5 мл салқын су құяды. Фенол иісі шықты. Келесі пробирканы су моншасында 5 мин қыздырады. Салғындатып, 10 мл салқын су құяды. Қоспа біртекті болып қала береді, фенол иісі жоқ.