Жұмыс барысы: Пробиркада 1 мл 5%-дық фенол ерітіндісі мен 1 мл 5%-дық натрий карбонаты ерітіндісін араластырады. Араластыра отырып 1%-дық калий перманганаты ерітіндісін тамшылатып қосады. Ерітінді түссізденеді, қоңыр тұнба түседі.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 мл 5%-дық фенол ерітіндісін құйып, үстіне бром суын тамшылатып қосады. Ақ түсті тұнбаның түзілгенін байқайды. Бром суын артық мөлшерде қосқанда тұнба сары түс ауысады.