Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет1/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ


Сутегі
1 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: сутегін алуға дайындалған Кипп аппараты, штатив, ұшы сүйірленген шыны түтікшесі бар тығынмен тығындалған сынауық, сыйымдылығы 50-100 мл стакан, шыны пластинкалар, сынауықтары бар штатив, мырыш, алюминий, мыс (ІІ) оксиді СиО; ерітінділер, күкірт қышқылы,, натрий гидроксиді (10%), 0,1 н калий перманганаты ерітіндісі.
Ескерту: Сутегінің тазалығын тексермей, бөлініп жатқан сутегін жағуга болмайды, себебі қопарылыс болып, құрал жарылып кетуі мүмкін!
Алынуы:
1. Металл мен қышқылдың әрекеттесуі. Сынауыққа мырыш түйірлерін салып, 1/3 бөлігіне дейін сұйытылған күкірт қышқылын құйыңдар, түтігі бар тығынмен жауып, газ шығатынын байқаңдар (57-сурет). Сутегінің таза екеніне көз жеткізгеннен кейін, осы түтіктің аузында жағыңдар. Жалынға құрғақ стақанды ұстаңдар, не байқадыңдар? Қандай зат түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Металл мен сілтіні әрекеттестіру арқылы сутегін алу. Алдыңғы тәжірибеде алынған құралдың (57-сурет) сынауығына алюминий жаңқасын салып, 2-3 мл натрий гидроксидінің ерітіндісін құйыңдар. Газ бөлінгенін байқап, қыздырыңдар. Сынауықты түтігі бар тығынмен жауып, 1-тәжірибедегідей сутегінің тазалығын тексеріңдер. Таза сутегін жағыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

57 -сурет. Сутегін алуға арналған қондырғы. 58 -сурет. Мыс (II) оксидін сутегімен тотықсыздандыру
Қасиеттері:
3. Сутегін бір ыдыстан екінші ыдысқа құю. Ығыстыру әдісімен бір сынауыққа Кипп аппаратынан сутегін жинап толтырыңдар. Сосын сутегін жайлап екінші сынауыққа құйыңдар, ол үшін сынауықтың түбін жоғары қарай ұстаңдар. Енді екеуін де жалынға апарыңдар. Не байқалады? Түсіндіріп беріңдер.
4. Күркіреуік газдың қопарылысы. Түбінде тесігі бар төңкерілген консерві банкасының астына Кипп аппаратынан сутегін жіберіңдер. Тесігін шырпымен немесе мақтамен бітеп қою керек. Біраздан кейін газ түтігін шығарып, банканың тесігін ашып, жанып тұрған шыраны консерві банкасының тесігіне ұстаңдар. Не байқалады? Түсіндіріп беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет