30. Абсолют қара дененің сәулеленуі. Ультракүлгін апат



бет3/3
Дата22.12.2022
өлшемі1,68 Mb.
#59021
1   2   3
Вакансия. Тордың атом орналаспаған түйіндері - вакансиялар – орнықты немесе орнықсыз күйлерде болуы мүмкін. Орнықты вакансиялар кристалдың баяу өсуі кезінде байқалса, орнықсыз вакансиялар кристалдың тез өсуі кезінде пайда болады. 
Орнықты вакансиялар концентрациясы белгілі және еркін энергия минимумын қажет етеді. Орнықсыз вакансия термиялық немесе механикалық әсер нәтижесінде пайда болып, метастабил күйде ұзақ өмір сүруі мүмкін. Мұндай ақауларды жою үшін ұзақ қыздыру қажет. Атомды басқа валентті атоммен алмастыру кезінде иондық кристалда зарядтық балансты бұзу, вакансия түзілуі нәтижесінде қарама-қарсы зарядты ақаулармен де толықтырылуы мүмкін. 
Жоғарыда қарастырылған қарапайым ақаулармен қатар кристалда күрделі ақаулар да кездеседі. 
- Түстену центрі немесе F-центрі - аниондық вакансия және оның маңындағы электрондар. Мысалы, NaCl - ас тұзын қыздырғанда Na буында байқалатын F-центрдің түзілуі.
- Шоттки ақауы - анион вакансиясы және көршілес катионның вакансиясы.
- Френкель ақауы – вакансия және күйін аралық атом немесе ион. Бұдан басқа да күрделі ақаулар болады. Мысалы, М - центр - қатар орналасқан екі F – центр, R – центрі – үш F – центр, Н – центрі - екі анион бір түйінде және оның маңындағы кемтік. V - центр –көршілес түйіндерде орналасқан 2 анион және екеуіне ортақ кемтік. Бұл күрделі ақаулар зарядталмаған және кристалдың зарядтық балансын өзгертпейді.
Қозғалғыш ақаулар қысқа ғұмырлы болады. Негізгі қозғалғыш ақаулар – экситондар мен поллярондар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет