30 қазақ орта мектебі



бет3/3
Дата26.04.2023
өлшемі179,25 Kb.
#87037
1   2   3
Байланысты:
Тәуелсіздік таңы мәңгілік

Сабақ ортасы
(25 минут)

Тәуелсіздік туралы
тақпақтарын айту

Тәуелсіздік дегенде көңілден жыр-шумақтар ағытылар. Ендеше келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.


Айару: Отан деген берекелі отбасы,
Сүйер оны адамзаттың баршасы.
Мен бақытты бүлдіршінмін
бүгінде,
Жоқ қой оған ешкімнің де
таласы.
Бұның бәрі татулықтың арқасы,
Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы.
Мирас: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен – тек,
Елдің ашық қабағы.


Бибінұр: Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.


Нұриман: Құтты болсын мерейтойым
мерейлі,
Бейбіт күннің нұры мәңгі
сөнбейді.
Байрағымыз желбіриді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым
өлмейді.


Дильназ: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.


Ерқанат: Қазақстан тәуелсіз азат елім,
Кең байтақ, қасиетті туған
жерім.
Таңдай қағып бар әлем
тамсанатын,
Құдіретіңнен айналдым асыл.
елім.


Азиза: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім.
менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім
менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!


Мансур: Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
Іңкәр: Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім.
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.


Нұртілеу: Тәуелсіздік мақтанышым,
Бізге бақыт сыйлаған.
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.



Мерей: Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып,
Осы тұрған халқыма,
Бейбітшілік орнады


Әли: Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.
Нұрай: Құтты болсын тәуелсіздік
мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз
әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі


Рауан: Қазақстаным Отаным,
Шалқыған шаттық ордасы.
Тәуелсіздіктің ұраны,
Шаттық ән-жырдың ордасы.


Аружан: Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел – Қазақстан,
Көркіне көркі жарасқан.


Сардар: Көкбайрағы – көгінде,
Тектілігі – тегінде!
Бірлігімен тұтасып,
Жеткен азат өмірге.
Тұғырлы елім, рухты,
Той боп жатыр төріңде!


Еркеназ: Тәуелсіз елдің ұраны,
Қырандай көкке самғасын.
Көк туым менің желбіреп,
Тұғыры мәңгі таймасын.


Қуантқан: Шұғылалы таңымыз,
Қазақ жері – бағымыз.
Қайнарынан мөп-мөлдір,
Сусындайды жанымыз.


Айдана: Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған.
Тәуелсіздік таңдары,
Бақ береді баршаға.


Мәди: Елтанбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі!


Асылай: Егеменмін, тәуелсізбін,
еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің.
Қазақстан қарыштай бер
гүлденіп,
Атамекен қастғр тұтар киелім.


Нұрлыбек: Көк туымды қолыма
Бүгін биік ұстадым.
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!



Тәуелсіздік. Отан туралы


тақпақтар айтады




Құрастырғыш” әдісі


Жұмбақ шешкізу.

Балалар қазір мен бірінші қатарға – құрастырғыш, екінші қатарға – сурет қиындыларын,


үшінші қатарға – магнитті фигураларды беріп шығамын.
Қиындыларды құрастырып болсақ, әр қатарға сұрақтар қойып шығамын.
- Бірінші қатар сендерден қандай сурет шықты?
- Елтаңба
- Елтаңбада не бейнеленген?
- Елтаңбада шаңырақ, уық, қанатты тұлпарлар, бес бұрышты жұлдыз және “Қазақстан” деген жазу бейнеленген.


- Екінші қатар сендерде қандпй сурет шықты?
- Қазақстан картасы
- Қазақстанда қанша облыс бар?
- 17 облыс бар.


- Үшінші қатар сендерден қандай сурет шықты?
- Қазақстан туы
- Туда не бейнеленген?
- Туда көгілдір аспан, шұғылалы күн, қалықтап ұшқан қыран құс, қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген.
Үш қатарда дұрыс жауап берді. Олай болса барлығымыз бірге үш рет шапалақтайық
Келесі кезекті “Тапқыр болсаң, тауып көр” атты жұмбақтар сайысына
берейік.
Тәуелсіздік жолында,
Тапқан істің шешімін.
Президенті қазақтың,
Айтшы қане есімін.
(Қасым-Жомарт Тоқаев)
Келмеді ол жайдан жай,
Жеңдік барлық езгіні.
Тәуелсіздік алған ай
Жылдың қай мезгілі? (Қыс)

Туымыздан күн қарап,


Күлімдейді әлемге.
Күн астында қандай құс
Қанат қаққан әлемге?
(Қыран)
Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұщқан қалықтап,
Қай елдің туы біліп ал?
(Қазақстан)



Сабақ басында жинақылық танытып, тапсырмаларды жылдам орындап отыру;
Қиындыларды құрастырып, сұрақтарға жауап беру.

Сабақ барысында жинақылық танытып, жұмбақтарға дұрыс жауап беру.














Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Оқушылар бір сөзден бірнеше сөз жазады.



Сабақтың соңы



Рефлексия
Көңіл-күй” әдісі

Б
алалар қазір сендерге көңіл күйді білдіретін смайликтер тарататын боламын. Көңіл күйді білдіретін смайликтердің ішінен бір смайликті бояу арқылы сендердің тәрбие сағатын қандай деңгейде түсінгендеріңді анықтаймыз.

Қатысушылар жылдам, жинақы түрде тапсырманы орындауы қажет. Бүкіл сынып барысындағы жұмысты бағалау мақсатында жүргізіледі.





Қорытынды
(1 минут)

Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіздік күнің туды, кенеле бер,
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, зор қуаныш шаттық тілейміз. Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет