Миокард инфарктінің негізгі клиникалық синдромдары:
1. Ангинальдік синдром.
2. Ошақты ЭКГ-лық өзгерістер синдромы.
3. Резорбциялық-некроздық миокард инфарктін дәлелдейтін басты синдром. Бұл синдром некроз ошағынан бөлінген заттардың қанға өтуінен және асептикалық қабынудан болады.
ӨөОның басты белгілері:
• дене қызуының 37-38 оС шамасына дейін биіктеуі;
• нейтрофильдік лейкоцитоз;
• 5-7-ші күндерде лейкоцитоздың төмендеуінен және ЭТЖ-ның жоғарылауынан болатын қайшылық белгісі;
• кардиомиоциттердің өлуін көрсететін зертханалық белгілердің болуы.
Миокард инфарктінің емі:
- ауырсыну синдромын тоқтату: нитроглицерин пероралды спрей, немесе сублингвалды таблетка түрінде қолданылады;
- морфин 4-6 мг көктамырға жіберіледі, қажет жағдайда қосымша әр 5 минутта 4 мг-нан 1-3 рет салынады. Осы препаратқа альтернативті дәрі оксидон 3-5 мг көктамырға жіберіледі;
- қандағы оксигенация жетімсіздігіне оттегі ингаляциясы қолданылады;
- ауырсыну синдромын азайту мақсатында бета - адреноблокаторлар көктамырға жіберіледі;
- ацетилсалицил қышқылын 250 мг шайнату керек;
- гепарин көктамырға жіберіледі;
- миокард инфаркті жүрек шамасыздығына әкелген жағдайда ангиотензин түзуші ферменттердің ингибиторлары беріледі.
33. Егде және қарт жастағы науқастарға инсульттан кейінгі күтім.
Достарыңызбен бөлісу: |