31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» жырындағы көркемдік тәсілді мысалмен дәйектеп, талдаңыз



бет13/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
31-60 хандық

43. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» жырындағы көркемдік тәсілді мысалмен дәйектеп, талдаңыз.
Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менім кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..
Меніменен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайындай.
Көруші едім, Есім хан,
Ханымды күнім, сізді айымдай.
Сырым саған түзу-ді
Садаққа салған бұлыңдай.
Жұмыскерің мен едім
Сатып алған құлыңдай.
Жүруші едім араңда
Өзіңнің інің менен ұлындай...
Мен, өлсе, құнсыз кетер деме сен
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай!
Тілеуберді құлың мен емес,
Мұның, ханым, жөн емес.
Менің ер екемді көргенсің,
Әуелден бірге жүргенсің,
Дегенімді қылғансың,
Қайратымды білгенсің.
Ағбытпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен,
Біздің естен кеткен жоқ:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға
Сонда бір жайдақ мінгенсің...
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,
Сұлтандар суға сылаған,
Қаз мойынды ханшаңыз
Қалада тұрып жылаған...
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Қайрылып қайыр қылуға
Қылығың жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман!
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дәурен сүрермін,
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнімді көрермін!
Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып, бұйырдың
Басын бер деп батырдың -
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа.
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес.
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес.
Жол тосып, алып кетіпті
Қалмақтан алмақ сыйыңды.
Қаһарыңды басқалы
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиенбет сынды биің-ді.
Малын салып алдына,
Әр саладан құйылды,
Он екі ата Байұлы
Бір Тәңірге сыйынды.
Жиембет жырау – Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы, жауынгері, жорықшы жырауы. Жиембет жыраудың мұрасынан бізге жеткендері ханға арнап айтқан үш толғауы және жыраудың айдауда болған кезіндегі халін баян еткен екі лирикалық өлеңі. Дегенмен, осындай аз дүниенің өзі Жиембеттің айтулы жырау болғанын, асыл сөздің де, істің де парқын білетін қайраткер, парасатты, дана абыз екенін дәлелдейді. Оның толғауларының көпшілігінде батырлар мен дала жасақтарының, ержүрек ер азаматтар мен батыл жауынгерлердің ерлік істері дәріптеліп, олардың бейнелері асқан шеберлікпен суреттеліп, ерекше биік серпінмен жырланады. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде Жиембет жырау өзінің батырлық бейнесін алдыңғы қатарға қойып, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді насихаттайды. 
Жиембет жыраудан қалған аса бір елеулі мұра – оның Есім ханға арнаған толғаулары. Жырау өздерінің жеке басының мүдделерін халықтың жағдайынан жоғары қойған атақты, өршіл хандарды әшкерелеп, оларды ауыр сынның астына алған. Өмірінің соңғы жылдарында жырау Есім ханның қаһарына ҧшырады. Сол кезде Жиембет жырау ҿзінің «Еңсегей бойлы ер Есім» атты ханға ҥндеуінде, жауынгер ес білгелі жаныңда болдым, ақыл- кеңесімді бердім, демеу болдым, ал сенің болса өмірің қатты деп, өз еңбегінің бағаланбағанына жырау өкпе назын білдіреді:
Еңсегей бойлы ер Есім, Есім, сені есірткен
Есіл де менім кеңесім. Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сҥйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Жыраулар – халқымыздың барлық жастағы адамдарының асыл, саналы, иманды, тҽрбиелі, адал қасиетті болуын мұрат еткен нағыз тҽрбиешілер. Жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнеріндегі шынайы ұлттық сипаттың негізгі көркемдік іргетасы. Сондықтан, халықтық тәрбие дәстүрін жыраулар поэзиясы арқылы тереңдете ұғындыру – өмір талабынан туындаған мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет