31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


Шал ақын айтыстарының ерекшеліктері



бет16/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
48. Шал ақын айтыстарының ерекшеліктері
Шал (Тілеуке) ҚұлекеұлыШал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны.
Арғын тайпасы Атығай руы Бәйімбет бөлімінен шыққан.[1][2]
Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).[3] Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді. [4]
Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды.[5] Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген.
Шал ақын қазақ халқының аса бір ерекше құндылығы - перзенті де сөз етіп, жырлайды, табиғат құбылыстарымен салыстырады: жер-боз, қой-қозы, ағаш-жапырақ, құс-жұмыртқа, тау-бұлақ, ешкі-лақ, көл жағады жасыл құрақ. Бұл табиғаттағы келісімділік адам өмірінде де болу керек екенін айтып, өзінің перзентсіз болғанын зарлы түрде жырлайды:
"Бір жаратқан пенденмің,
Перзент үшін жылаттың.
Балалы арқар маңырайды,
Баласыз арқар зарлайды,
Балалыны көргенде
Екі көзім жайнайды,
Ішім оттай қайнайды!"
Жырау көпті көргендердің, өнегелі адамдардың жастар тәрбиесіндегі роліне ерекше мән береді: Жақсы ағаңыз бар болса, Алдында сары бел- мен тең… Алдыңда үлгілі, өнегелі ағаң болса, оны сыйла, құрметте, тілін ал, үйрен, дейді ақын. Майда бол жігіт болсаң тал жібектей, Жарамайды қатты болу тікенектей, Білімің болсадағы ұшан-теңіз, Пайда жоқ өз хал- қыңа қызмет етпей… Ашылмас жігіт адам сыннан өтпей, Пайдаңды жақ- сы болсаң тигіз көпке, Жатырқап еш адамды сыртқа теппей, Ғибрат ал жақсылардан жақын жүріп, Қаша гөр жамандықтан аулақ беттей…
Ақын жастарға еңбек ет, мал бақ, еңбегіңнің қызығын, бейнетін көре біл, еңбек барлық адамға – байға да, жарлыға да, әйел-еркекке де бірдей табиғи қажет нәрсе дейді. Елгезек, еңбекшіл адам мұратына жетпей қой- майды, тек кеш жатып ерте тұрсаң ғана ісіңнен берекет табасың, ерін- шек, жатып ішер жалқау болсаң еш уақытта мақсатыңа жете алмайсың деген қағида ұсынады.
Ақын жоғарыда келтірілген шумақ- тарда жігіт адамның мінезінің «тал жібектей» майда, жайсаң кішіпейіл болғанын қалайды. Ол жас адамның аса білгір, өрен жүйрік, зерек, жұрт- тан озған болса да қарапайым, ілти- патты болғандығын, яғни халқына адал қызмет етуін қалайды. Шал ақын дүниенің қыры мен сыры мол, жұм- бағы көп, мұны білу үшін үздіксіз әрекет ету, маңдайдан тер төгілту ке- ректігін айта келіп, «біздің білетіні- міз бір тоғыз, білмейтініміз тоқсан тоғыз» екенін, жақсы жігіттің ай- наласын толық танып білуі үшін көп еңбектенудің қажеттігін ескертеді.
Шал ақын халқымыздың «талапты ерге нұр жауар» деген нақыл сөзіне сүйене отырып, талаптанған адам- ға қолы жетпейтін нәрсе жоқ және адамның қолынан келмейтін іс жоқ екендігін баса айтып, жастарды қа- жыр-қайраттылыққа, пәрменділікке, мақсаттылыққа, парасаттылыққа баулуды ойлайды. Ақын, сондай-ақ, адамның ойлаған мақсатына бірден жетпейтінін, бұл жолда ол небір «тар жол, тайғақ кешулердің» басынан кешіретінін, мақсатқа жетудің жолы ауыр жол екендігін жастардың зер- десіне құяды.
Ойшыл ақын «жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол» деген идея- ның төңірегіне ой тастай келіп, көп үшін әрекет ет, көпке пайдаңды тигіз деп ұлағатты ақыл, кеңестер береді. Ол жақсы адамның жұртқа үйірсек келетінін, осындайлардан үлгі-өнеге алудың соншама маңыздылығын жырына қосады. Шал ақынның мұн- дай аталы сөздері өзінің маңызын ешқашан да жоймайды, осындай өне- гелі өсиетті сөздер қазіргі жастары- мыздың тәлім-тәрбиесіне де аса қа- тысты жайт.
Ақын барша түркі халықтарына ор- тақ тақырып, яғни адам өмірін жас кезеңдеріне байланыстыра сипат- тайтын бірнеше өлең жазды. Осыла- рының ішінде ол кәрілікті ерекше даттап, ол жастық дәуренді көзі жа- саурай тебіріне еске түсіріп жырлай- ды. Адамның түрлі жас кезеңдерін тамаша теңеулермен бергендіктен бұлары психологиялық жағынан аса нанымды, әрі тартымды. Мәселен, мұнда «елу – ердің жасы, алпыс – бір сұмдықтың басы, жетпіс-сексен – оттың қасы» деген сияқты мақал- мәтелге, тақпақ афоризмге ұқсас адамның дүниеге келген күнінен өмірінің соңғы кездеріне дейінгі ұзақ жолды тұтас сипаттайтын ойлы тү- йіндер көптеп кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет