31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


Асан қайғының «көшпенділер философы» аталуының себебін түсіндіріңіз



бет14/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
31-60 хандық

44. Асан қайғының «көшпенділер философы» аталуының себебін түсіндіріңіз

Жыраулардың руханиятында ел мүддесінің болашақ тағдыры тұрғысында көтерілген идеялар ел мен ата- мекеннің , аға ұрпақ буынның рухани бейнесін тарихи тұрғыда анықтап отыратын шындық . « Қазақтың деп жазады Х. Досмұхамедов , жеке өмірінің барлық сәттері – туғаннан бастап өмірден озғанға дейін , сондай – ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық әдебиетінде жырланады ». XV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген қазақ даласының ұлы ойшылы, Желмая мініп, Жерұйық іздеген Асан қайғы Сәбитұлының қоныс іздей жүріп , жайлау , қыстауларға берген бағасы өз алдына бір жүйе құрайтын қанатты сөздерге , ел аңызына айналғаны дүйім жұртқа мәлім . Еділ бойында дүниеге келген ақын, аңыз кейіпкері, философ, елдің ертеңін ойлап , еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен абыз халқына ыңғайлы , уайым – қайғысы жоқ « Жерұйықты » іздеп , желмаямен қазақ жерін аралайды . Талай жақсы жерлерді де , шөл даланы да көреді, бәріне тиісті бағасын береді , алайда , өзінің ойындағы жер үстінде , адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақты , «Жерұйықты » таба алмай қайғырады . Сондықтан халық оның Асан атына « қайғы » деген сөз қосып , Асан қайғы атап кеткен . Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов « көшпенділер философы » деп атаған Асан қайғынының есімі қазақ сахарасының қай түпкірінде болмасын мәшһүр және Асан атын естімеген , оның бірер ауыз нақылын , аңызын білмейтіні кемде – кем . Асан қайғы жөнінде бұрын – соңды жазылған зерттеушілердің пікірлерінің ішінде өзінің ғылыми ұстамдылыгы жағынан ерекшеленген М.Әуезовтың « Қазақ әдебиеті тарихынан » ( 1948 ) арнап жазған « Асан қайғы » атты еңбегін жеке бөліп атауға болады . Бұл зерттеуінде автор Асан өмірде болган тарихи тұлға екенін , ол жөніндегі алуан түрлі « Асан қайғы » атты еңбегін жеке бөліп атауға болады . Бұл зерттеуінде автор Асан өмірде болған тарихи тұлға екенін , ол жөніндегі алуан түрлі аңыз әпсаналар шындықпен жанасып , өмірден алынғандығын ерекше ескеріп айтады . Зерттеуші Асан бейнесін халық арманының асқақ көрінісі ретінде сипаттаған, Асанның жер – су , қоныс – мекендер туралы айтқан баға сындарын да жүйелеп , талдайды . Бұл жөнінде зерттеушінің : « Алуаны бөлек ерекше бір аңыз – ертегінің адамы – Асан Қайғы … Мұнда Асан – ақын Асан , көркем сөз шығарушы Асан ғана емес , өзі халық шығарған көркем әңгіменің геройы болып кеткен Асан . Бірақ , осы қалпында да Асан туралы екі түрлі бір – біріне қайшы , қарсы екі алуан аңыз – әңгімелер бар » , – деген ұстамды да әділ бағасының ғылым үшін мәні зор. Асан – өз заманының асқан ақылгөйі , данышпаны , ойшылы . Жыраудан қалған « таза мінсіз асыл сөз » аз емес . Бүгінгі таңда Асан қайғының нақыл сөздері мен философиялық толғаулары құнды , рухани дүние болып сақталып келеді


Мысалы: Таза мінсіз асыл тас ,
Су түбінде жатады .
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады .
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады ,
Ой түбінде жаткан сөз
Шер толқытса шығады,- деген жолдар қай заманда да өзінің көркемдік құндылығы мен фәлсапалық мәнін жоғалтпаган ғибратлы қанатты сөз. Бұл толғауында жырау сөз өнерінің қадірін білдірген , сөз жалаң дүние емес , соз деген адам жанының ішкі толғанысының , жан сырыны көрінісі екенін көрсетіп , керемет өрнектеп жеткізген . Қорытындылай келе, Асан қайғы толғауларында адамгершілік пен имандылық мәселесі басты орын алады . Асан кайгы казақ қоғамының болашағы үшін барша жұртты адамгершілікке, бірлікке , ізгілікке , қамқорлыққа , бауырмашылыққа шақырады . Дана қария адамдар өздеріне қажетті игі істерді жасауда бір – бірлеріне болысып , бірлесіп , Қоғамдасып іс – әрекет жасаулары керек , сонда ғана адам баласы бақытқа жетеді , басына бақ қонады деп түсінді . Жырау сөздің нарқы мен парқын біліп , сөз қадірін қастерлеп , түсінген . Ол кімнен болса да мейірімділік пен ізеттілікті күтті .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет