31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


ШЫҒАРМАЛАРЫ: МАДАҚ ЖЫРЫ, АЛАҢ ДА АЛАҢ АЛАҢ ЖҰРТ



бет7/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
ШЫҒАРМАЛАРЫ: МАДАҚ ЖЫРЫ, АЛАҢ ДА АЛАҢ АЛАҢ ЖҰРТ ,
Қазтуған толғауларының идеялық мазмұны
Қазтуғанның бізге жеткен санаулы өлеңі бар. “Мадақ” жыры, “Алаң да алаң, алаң жұрт”- деп тебірене жырлаумен қатар, туған жерге деген сезімі, терең махаббаты сезіледі, оған деген сүйіспеншілігі ерекше бөлек.
Қазтуған толғауларының құрылысы
Қазтуған өлеңдері 7 – 8 буынды болып келеді. Егіз ұйқас, шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқасқа құрылған.
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақ ала ордам қонған жұрт. (Егіз ұйқас)
Қазтуған өлеңдері ырғақты, күшті поэзия. Дауысты “А” дыбысымен қатар қолданып, тыңдаушыға әсерлі, жұғымды.
Қазтуған толғауларының ерекшелігі
Өзіне тән теңеу, метафораларды қолданған:
Боташығы бұзаудай.
Боз сазаны тоқтыдай.
Адам тұлғасын жасауда жыраудың қабылеті жетерлік. Батыр бейнесін, өз басының суреті айқын, реалистік көзқараспен көрсетілген.
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Ақынға тән қолданыс пен көркемдік тәсілдер де көп.
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас.
Қазтуған заманының жаны пәк, толық қанды көркемсөз үлгісін өз поэзиясы арқылы бізге жеткізген әйгілі жырау.
Қазтуған шығармаларының зерттелуі
Қазтуған шығармаларын жинау, реттеу, бастыру ісі өткен ғасырдың аяқ кезінде қолға алына бастады. Н. Аристов, Г. Потанин сияқты ғалымдар Қазтуған мұрасын зерттеуге сүбелі үлестер қосты. Қазақ ғалымдарынан М. Мағауин Қазтуған мұрасын тереңдете зерттеумен қатар, өзі құрастырған Қазақ Хандық дәуір әдебиетіне арнаулы бағыттар енгізді


37. Үмбетей жыраудың «Бұқарға» атты жырының мазмұны, көркемдігі.

Үй сыртында арқа тау,
Панасы егер жоқ болса,
Бұл шіркіннің несі тау?!
Кетеген болса, түйең жау,
Тебеген болса, биең жау,
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келінің жау.
Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Есіктегі құлмен тең.
Қойыныңдағы қатының жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең.
Кей сорлының қатыны
Күндіз ауру, түнде сау, -
Арқаңа артқан тұзбен тең!
Сәл бөгеліп барып:
Жылға сай батпақ болса, өте алмассың,
Жастан шыққан жүйрікке жете алмассың.
Дүниенің жүзінде осы қиын -
Жаман деп өз үйіңнен кете алмассың.
Бәйбішең аю болса, аса алмассың,
Қарау болса, әй деуге бата алмассың.
Мейманға отың басы болса суық,
Еліңе жақсы жігіт атанбассың.
Қосағың қоса ағармас қосақ екен,
Құдайым осылай да қосады екен.
Тоты құс жарқанатқа пенде бопты,
Бұқарым, айтар мінің осы-ақ екен.
Үмбетейдің поэзиясында жеке – даралық творчествоның белгілері айқындау көріне бастаған, оның анық обьектісі бар арнау өлеңдерінен аңғаруға болады. Бұған “Бәкеге”, “Бұқарға” дейтін бір қатар толғаулары куә. Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыраудан үлкен эпикалық сарынға икемі барлығын байқаймыз.
Үмбетей жырларында фәлсапа айтып келіп, мәселені әйел жайындағы түйінмен тәмәмдайды. Өзіне сауал қояды да, жауабын өзі береді. Түйенің, биенің, адамның, жаманның қандай болатындығын нақты сөздермен келтіріп, тұрмыс философиясын тартымды бейнелейді.
Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Есіктегі құлмен тең.
Қойныңдағы қатының жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең, -
дейді жырау “Бұқарға” атты арнауында. Мұнда да ұлдың жақсы, жаманы сын таразысына түседі. Әйелдің нашарын “Арқаңа артқан тұзбен тең” дейді. Өзі жорықта жүрсе де от басының тірлігін, бірлігін тілеген кісінің келбетін елестетеді жырау.

Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып – аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы – жыршысы бола білді. Оның жыр – толғауларының үнемі әлеуметтік мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан.


Тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған аумалы – төкпелі заманға душар болған ел – жұртқа “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында біржола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр қолбасшы – көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сүйтіп, ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен, халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес әдеби бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке барабар іс - әрекеттерін аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет