38. Асан Қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» толғауынының мазмұны (тақырыбы мен идеясы). Асан Қайғы шығармаларын өз дәуірлесі Қазтуған жыраумен салыстыра қарасақ, бұл екі жыраудың бір-бірінен бөлектене танылатын тұстары олардың елдік мұрат жолындағы ісәрекеттерінің сипатына қатыстылығын байқаймыз. Мақсат ортақ болса да, екі жыраудың елдік деңгейдегі қайраткерлік істерінің мазмұны бір-бірінен бөлекшелеу келеді. Қазтуған толғауларынан оның әрекетшілдігі, қандай да бір істің бел ортасында өзі араласа жүріп, қарекет жасайтыны аңдалса, Асан қайғыдан жол нұсқау, ақыл-кеңес беру үлгісіндегі әрекет басым сезіледі. Осы жәйттерге назар аударар болсақ, Асан қайғының бізге белгілі жыртолғаулары айтылған кезеңде жыраудың жасы ұлғайып, белсенді әрекеттен қала бастағанын, сол себепті өмірден көрген-түйгендерін ұлағат ете және салиқалы ақыл-ойға ден қоя ұсынғанын байқаймыз. Жыраудың ішкі мазмұны динамикаға толы жырларының өзінде бітімге бейімділік, тыныштықты алдыңғы орынға қою сияқты мақсаттардың жетекші мән иеленуінің бір сыры осында жатса керек. Оның жыр-толғауларының: Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа… – деген үлгіде келуінің өзі толғау иесінің ақыл-ойға кемел жасқа келгендігін, адам өмірінің мәніне парасат арқылы ден қоятынын танытады.
Асан қайғы туындыларының мазмұны мен сол туындылардың әрқайсындағы ойтүйіндерді басшылыққа алсақ, оның жыр-толғауларын тарихи оқиғалармен сабақтастыра, іштей үш кезеңге жіктей тануға келеді. Бірінші кезең қазақтардың ноғайлы жұртынан ірге ажырата, өз мемлекетін құруға бет түзеген алғашқы жылдарымен орайласса, екінші кезең Қазақ хандығының өзіндік саяси бағыт-бағдарын белгілеуге, айналадағы жұртқа дербес ел ретінде танылуға ұмтылыс жасалған жылдармен айқындалады, ал үшінші кезең хандықтың біршама нығайып, ендігі кезекте ішкі тірлігін тиянақтау, елдің өз ішіндегі түрлі сипаттағы қарым-қатынастар мен байланыстардың жөн-жобасын қалыптастыру жолдарын нақтылай бастаған жылдарын танытады.
Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа, — деп, көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деген үгіт-насихат айтады.