31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


Доспамбет жыраудың «Арғымаққа оқ тиді» толғауындағы жалғыздық сарынын сипаттап, түсіндіріңіз



бет22/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
31-60 хандық

59. Доспамбет жыраудың «Арғымаққа оқ тиді» толғауындағы жалғыздық сарынын сипаттап, түсіндіріңіз


Жыраудың Отан қорғау, халқын сүю рухындағы «Айнала бұлақ басы таң», «Азау,азау дегенің», «Тоғай,торғай, тоғай су», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ жайық», тағы басқа жыраулары бүгінгі күнге дейін жеткен. Оларда өзі талай қол бастап, қорғаған елін, жерін, ата қонысын сүйіспеншілікпен жырлайды.
60. Жиембет жырларындағы жырау бейнесінің жасалу ерекшелігін көрсетіңіз.

Жиембет Бортоғашұлы - жырау, әскербасы болған. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен, қазақтың жорық жырауын жырлаған.


Жиембет Бортоғашұлы қазақ халқының ішкі және сыртқы істерінің бел ортасында жүрді. Есім хан тұсында ол Кіші жүздің әскербасы, батыры, биі болған.
Жиембет жырау-қазақ тарихындағы ел басқарған көсем деңгейінде көтерілген елеулі тұлғалардың бірі. Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасынан шыққан Жиембет жырау өз заманында бүкіл алшынға әмірін жүргізген. Еңсегей бойлы ер Есім ханның ұлы жорықтарында асқан ерлік көрсетеді. Ол 1620 жылғы ойраттармен болған ірі соғыста Кіші жүз қолын басқарып, қазақтардың жеңіске жетуіне ықпал еткен. 1627 жылы Қазақ хандығы құрамынан бөлініп шығып, дербес билік құрғысы кеген Қатағанның ханы Тұрсынның бүлігін басқан Есім ханның қасында болып, ел тұтастығын сақтау жолында қажырлы қайрат көрсетеді. Кейін Кіші жүзге сөзі өтіп тұрған Жиембет жырау билігінен сескенген Есім хан, оны інісі Жолымбетпен бірге жер аударып жібереді. Жиембет жырау ханның қаһарынан қайтпаған өр кеуделі адам болған сияқты. Иесіз аралға айдалып бара жатқан Жиембет жырау "Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен, Есіл де менің кеңесім… "-деп Есім ханға айбат шеге, ойындағысын тайсалмай айтып кетеді. Ел аузындағы бір деректерге қарағанда, Жиембет жырау сол аудауда жүріп, қайтыс болады. Келесі бір деректерде, Есім хан дүниеден өткеннен кейін туған жұртына қайтып оралады. Бірақ Жиембет жырау Есім хан қайтыс болған 1643 жылдан кейінгі ғұмыры белгісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет