31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


Ақтамбердінің «Күлдір де күлдір кісінетіп» толғауындағы көркемдік тәсілдерге талдау жасаңыз



бет18/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
31-60 хандық

52. Ақтамбердінің «Күлдір де күлдір кісінетіп» толғауындағы көркемдік тәсілдерге талдау жасаңыз.
Көшпелі қазақ тіршілігінде жылқының алар орны бөлек. Ол сауса сусын, сойса азық. Жорықта ер қанаты, серігі. Ақтамберді жирында жылқы малының осы қасиет-қадірі ерекше жирланған. Ол «Биенің сүті сары бал, Қымыздан асқан ас бар ма, Жылқыдан асқан мал бар ма, Кермеде тұлпар бусанса» деп жылқы малын аса дәріптейді. Ақтамберді сол жылқының сипатын «От басар орны отаудай» өлеңінде тамаша өрнектеген. Сондай «табаны жалпақ тарланды» ер қанаты, серігі тұлпарды армандаған. Ақтамберді жираудың толғауларынан еліне, халқына сүйіспеншілігі айқын сезіледі. Ол: Кеуде бір жерді жол қылсам Құрап жанды көп жиып Шөлең бір жерді көл қылсам Өз алдына ел қылсам!- деп, халқының басын құрап ел етуді армандаған. Шөлең бір жерді көл қылсам Өз алдына ел қылсам!- деп, халқының басын құрап ел етуді армандаған. Жырау «Күмбір-күмбір кісінетіп» деген толғауында: Әділ туған жақсыға Тізесін қисық бұрмаса, Екі даугер жүгінер, Әділдігі білінер,- деп ер азамат бойынан қара қылды қақ жарған, теріске бұрмас әділдікті, жоғары адамгершілікті көргісі келген. Жырау халық тағдырын терең ойлаған. Ол елдің ел болып, жұрт болуын ел басқарған әкімдердің әділдігімен байланыстырған. Халқы тозып кеп болмас, Әділ болса ұлығы,- деген жолдарда сол ойын нақтылай айтқан. 
53. Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауындағы тіршіліктің мәні туралы толғамына талдау жасаңыз.

Қом су. XV-XVI ғасыр жырауларының өлең-толғауларында:

Қоғалы көлдер, қом сулар,
Кімдерге қоныс болмаған (Шалкиіз);
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Қоныстар қонған өкінбес (Доспамбет) – деген жолдарды оқимыз. XV-XVIІІ ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулар мұралары жариялланған басылымдардың барлығында дерлік бұл өлең тармағы қоғалы көлдер, құм сулар болып жазылған. Дұрысы қом сулар болуы керек. Қом сөзінің қазірде біз білетін мағыналары: 1) түйе өркештерінің түп жағында тұтаса біткен жота майы; 2) түйеге жүк арту үшін, оның қос өркеші мен жотасын (қомын) орай салынған қабат-қабат киіз.

Бұл тұлғалардың мағынасын іздей түссек, алтай тілінде ол «толқын» деген ұғымды да береді екен (Радлов. Опыт словаря...). толқын тұрды дегенді қом кірді дейді. Қомды тұлғасы толқынды дегенді білдіреді. Сонда мағынасы «қоғалы көлдер, қом сулар» деген бейнелі тұрақты тіркес болып сақталып қалған деуге болады. Қоғалы көл – тыныш кішкене көлдер, ал толқынды сулар – үлкен өзендер мен теңіздер болмақ. 


Өзінің «Қоғалы көлдер, қом сулар»толғауында:
Қоғалы көлдер, қом сулар
Кімдерге қоныс болмаған.
Саздауға біткен қара ағаш
Кімдерге сайғақ болмаған.
Күлелік те ойналық,
Киелік те ішелік
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған! –
деп, өмірдің өтпелі екеніне пәлсапалық пайымдау жасаған.
Көптеген жорықтарға қатысқан Шалкиіз толғауларынан ерлік сарыны айқын көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет