§31 КӘсіби білім беру бағдарламаларын бағалаудың Әдістемелік ұсыныстары


Құзіреттіліктер мен оқыту нәтижелерін бағалау



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі34,07 Kb.
#11839
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
31 kz

Құзіреттіліктер мен оқыту нәтижелерін бағалау

Бітірушінің құзіреттік үлгісінің шеңберінде білім беру оқытуды студентке бағытталған көзқарасқа қайта бағдарлауды талап етеді, өз кезегінде басымдылықты оқытушыдан білім алушыға қарай; не берілетінінен не оқытылатынына қарай; оқытушы не бергісі келетінінен және нені бере алатынынан болашақ мамандықтың қажеттілігіне қарай аударуды болжайды.

«Оқыту нәтижесі» («learning outcomes») ұғымын 2005 жылы Еуропалық біліктілік құрылымын жасау бойынша Болон үдерісінің жұмыс тобы енгізген. Анықтама бойынша, оқыту нәтижесі – «оқу кезеңі аяқталғаннан кейін білім алушы не білетіні, түсінетіні немесе/және көрсете алатыны туралы күтілетіні тұжырымдар».

Оқытудың болжамды нәтижелері (intended learning outcomes) – оқу үдерісі (бағдарлама, пән, модуль) аяқталғаннан кейін білімін, түсінігін, дағдысын анықтау, яғни оқыту нәтижелері құзіреттілік деңгейді көрсететін құрал және оқу аяқталғаннан кейін студент не білетіні, түсінетіні және оны көрсете алатыны туралы күтілетін тұжырымдама болып табылады. Олар жеке пәнге (модульге) немесе оқыту кезеңіне қатысты болуы мүмкін және кредитті тағайындау үшін қажетті шарттарын анықтайды. Оқытудың болжамды нәтижелерін оқытушы анықтайды.

Оқытудың нақты нәтижелері (actual learning outcomes) – бағдарлама (пән, модуль) аяқталғаннан кейін бағалаудан өткен студенттің көрсетілген білімдері мен құзыреттіліктері.

Оқытудың күтілетін нәтижелері (expected learning outcomes) –біліктілік деңгейін анықтау үшін қажетті оқыту нәтижелерінің үлгілік көрінісі. Біліктіліктің ұлттық шеңберіне негіз болатын күтілетін нәтижелерді жұмыс берушілер кәсіби стандарттарға сәйкес анықтайды.

Білім, түсінік, білік және дағдының динамикалық комбинациясы болып табылатын құзыреттіліктер әртүрлі пәндерді оқыту нәтижесінде қалыптасып, түрлі кезеңдерде бағалануы мүмкін. Құзыреттіліктерді студенттер игеріп қалыптастырады және оларды дамыту оқу бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Яғни, кәсіби білім беру бағдарламасының нәтижелері ретінде білім мен біліктіліктің белгілі бір деңгейіне сәйкес жалпы және кәсіби құзыреттіліктер болады.

Құзыреттіліктерді жазған кезде етістіктің мына түрлерін пайдалану қажет: түсіну, ғылыми түсінігі болу, меңгеру, білу, қабілетіне ие болу, дайын болу, ескеру, негіздеу, жетілдіруге тырысу, көзқарасын білдіру және т.б. Сонымен қатар, мақсатқа қарай құзыреттіліктерді зат есімдер арқылы қысқаша сөйлемдер түрінде қабілеттілігі, дағдысы, білімі, дайындығы, түсінігі, ұстамдылығы және т.б. тұжырымдауға болады.

Бітірушінің құзіреттік үлгісінде кәсіби білім беру бағдарламасының ең маңызды құраушысы бітірушінің мамандық бойынша құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін бағалау болып табылады.

Оқыту нәтижелерін, яғни құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін нақты және шынайы бағалау үшін пән (модуль) оқу нәтижелері төмендегі қағидалар бойынша анықталуы тиіс:

- оқыту нәтижелерін анықтауды белсенді етістіктерден бастау қажет (түсіндіру, есептеу, салыстыру, жүйелеу, таңдау және т.б.);

- айқын емес терминдерді қолданбау (түсіну, білу және т.б.);

- 10-нан аспайтын оқу нәтижелерін беру;

- болашақ кәсіби қызметі үшін ең маңыздыларын ескеру;

- жұмыс берушілермен келісу;

- қолда бар қор мен оқыту мерзіміне қол жетімділікті ескеру;

- талапты бір мағынада түсінуге көз жеткізу;

- оқыту нәтижелерінің өлшенетініне көз жеткізу.

Оқыту нәтижелерін бақылау – қол жеткізген оқыту нәтижелері мен берілген оқыту нәтижелерін салыстыру үдерісі.

Оқыту нәтижелерін бағалау – кәсіби білім берудегі білім алушылар мен бітірушілердің жеке оқу жетістіктерін оқыту қызметінің тұтынушыларының талаптарына сәйкестігін анықтау.

Оқытудың кредиттік технологиясына сай осындай бағалауды төрт кезеңмен өткізуге болады:

- сабақтарда бағалау (ағымдық және аралық бақылау);

- жеке пәндік және инструменталды кәсіби құзыреттіліктерді қамтама-сыз ететін пән бойынша емтихандар;

- белгілі бір нақты ғылыми мәселені (міндетті) шешудегі құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін көрсететін қорытынды мемлекеттік аттестация (диплом жұмысын (жобаны) қорғау);

- кез келген кәсіби салада маманның құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік беретін бітірушілерді Жұмыс берушілер ассоциациялары арқылы сертификаттау.

Емтихан бақылау түрі ретінде оқыту нәтижелерін дәл бағалауға ықпал етуі керек. Сондықтан бітірушінің құзіреттілік үлгісі шеңберіндегі пән бойынша емтихан сұрақтары төмендегі талаптарға сай болу керек:



  • курстың мақсаты, міндеттері және тақырыптық мазмұнына сәйкестігі;

  • ұсынылған құзыреттіліктерге сәйкестігі;

  • оқыту нәтижелерін нақты, дәл бағалау мүмкіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет