Құзыреттілік сұрақтары критерийлік-бағдарлы тұрғыдан әрбір құзыреттілік үшін немесе әрбір құзыреттілік кластері үшін дайындалуы тиіс.
Сұрақтар құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалардан тұруы қажет. Тапсырмалардың мазмұны оқу ақпаратын қамтып, жауап алу үдерісі мен тапсырма жауабының мазмұны ЖОО бітірушісінің болашақ кәсіби қызметімен байланыстырылуы қажет.
Сұрақтарды құрастыруда маңызды рөл сұрақтарды тұжырымдауға беріледі. Күрделі, шатасқан сөйлем құрылымдарын, қайталама сөйлемдерді пайдаланбау керек. Сөйлемдер нақты және мағыналас болуы тиіс, қарсы жағдайда студенттер дұрыс емес болжамдар жасауы мүмкін. Кейде сұрақтар құрастырушылар үшін өте айқын болғанымен, студенттер үшін анық болмауы мүмкін, ондай жағдайда сұрақтарды әріптестермен бірге талдап, студенттер арасында кішігірім емтихан (аралық бақылау) жүргізуге болады. Сондай-ақ, сұрақтар мазмұны параграфтар мазмұны мен дәріс тақырыптарын дәлме-дәл қайталамау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |