31. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтарын санамалап беріңіз Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді.
Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару заңдылықтары жатады. Менеджмент жəне мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары, ол оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Мектепішілік менеджменттің заңдылықтарына талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік жəне мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады.
Білім беру мекемелері өзіне қатысты бірнеше функцияларды атқарады, олардың ішінде мақсаттылық пен жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және реттеу, мекеменің жұмысын есепке алу, жұмысты бақылау және талдау жасау сияқты түрлері жатады.
Кәсіптік білім беру саласында педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаты кәсіби білім беру процесін басқару саласымен мейлінше жақындастыру, тиімді нәтижелерге жетуді қамтамасыз ету. Соның нәтижесінде педагогтар, студенттер мен оқушыларды басқара білу. Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны басқару функциясының мына төмендегі компонентерінің өзара үйлесімділігі:
1. Жоспарлау; Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста және даму үстінде болуына байланысты мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыру керек. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан, ол педагог пен оқушының әрекеттерін қамтуы тиіс. Басқару қызметінің мақсаты – жұмыстың жалпы бағытын, мазмұнын, түрлері мен тәсілдерін анықтау болып табылады.
Жоспарлау басқарудың функциясы ретінде міндетті түрі болып саналады. Тіпті қарапайым еңбек қызметіне де жоспарлау элементтері кіреді. Жоспарлау процесінде басқару дамуының негізгі бағыттары, олардың тиімділігі анықталады. Жоспарда нақты жағдайларды ұйымдастырудың ең тиімді нұсқасы көрсетіледі.