Тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары мен негізгі генетикалық ұғымдар



Дата19.06.2022
өлшемі65,02 Kb.
#37052
Байланысты:
13 генетика


13. Тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары мен негізгі генетикалық ұғымдарын сызбанұсқа түрінде келтіріңіз. Генетикалық символикасын суреттеңіз.Моногибридті будандастырудың сызбасын келтіріңіз. Толық және толымсыз доминанттылық кезінде тұқым қуалаудың схемасын көрсетіңіз.

Тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары мен негізгі генетикалық ұғымдар.
Белгі-өсімдік пен жануарлардың анатомиялық, физиологиялық, биохимиялық, өнімдік қасиеті.
Будандастыру - әртүрлі генотиптермен ағзаларды бір бірімен шағылыстыру.
Хромосоманың белгілі бір бөлігінде орналасқан, тұқым қуалайтын белгі – қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі ген деп аталады (ол гректің genos – тұқым, тек деген сөзінен шыққан).
Бірінші ұрпақта байқалатын белгіні доминанттық белгі деп атайды (басыңқы)
Көрінбеген белгіні рецессивтік белгі деп атайды (басылыңқы)
Альтернативті жұп белгілерді анықтаушы жұп гендерді аллеломорфты жұп деп, ал жұп болып келу құбылысын аллеломорфизм немесе аллелизм деп атайды. Əр ген екі түрлі жағдайда болады жəне олар бір жұп түзеді, ал ол жұптың əр мүшесі аллель деп аталады. Мендель тұқым қуалайтын альтернативті жұп белгілерді латын алфавитінің əріптерімен көрстеуді ұсынылады. Мысалы, А жəне а, В жəне в т.с.с. Аллельді гендер гомологты хромосомалардың ұқсас бөлімінде орналасады, ал олардың орналасатын орнын локус деп атайды.
Альтернативті белгілері бар екі ағзаны будандастырудан алынған ұрпақты будандық немесе гибридтік ұрпақ деп, ал оның жекелеген дарабастарын – будан немесе гибрид деп атайды.
Егер зигота бірдей аллельдерді бар жыныс жасушаларының қосылуынан түзілсе, онда зиготаны гомозигота АА, аа, ВВ деп, ал əртүрлі аллельдері бар екі жыныс жасушасының қосылуынан түзілсе, онда гетерозигота Аа, Вв, Сс дейді.
Ағзалардың сыртқы көрінетін белгілерінің жиынтығын фенотип, ал тұқым қуалау бастамаларының жиынтығын генотип деп атайды.
Генетикалық символикасы
P- ата-ана
G-гаметалар
Ғ- ұрпақ, Ғ1 бірінші ұрпақ, F2 екінші ұрпақ т.б.
А-доминантты аллель
a-рецессивті аллель
♀- аналық ағза
- аталық ағза

Моногибридті будандастыру
Моногибридті будандастыру - бір-бірінен тек 1 ғана альтернативті белгілір жұбымен өзгешеленетін түрлерді будандастыру.



Толық доминанттылық- доминанты белгі толық басымдылық көрсетіп, өз белгісін беруі

Толымсыз доминанттылық-Доминантты аллель рецессивті аллельдің әсерін толық баса алмайды, гетерогизоталардың өз фенотиптері болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет