31 петропавл қаласындағы инженерлік-геологиялық ізденістер туралы



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі377,04 Kb.
#8792

 

31 


УДК 624.131.1 

 

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ 



ІЗДЕНІСТЕР ТУРАЛЫ 

 

Жекеев Д.Ш., Айтмагомбетова К.М., Аблина П.Б., Карабатыров Н.К. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Берілген  жұмыста  Петропавл  қаласының  орталық  бөлігінің  инженерлік-

геологиялық ізденістерінің нәтижелері түйінделді. 

Инженерлік-геологиялық 

іздестірулер 

алаңды 


құрайтын 

жыныстардың 

геологиялық-литологиялық  құрылымын,  көтерімдік  қабілетін  бағалау  үшін  жер 

қыртысының 

физикалық-механикалық 

құрылымын, 

зерттеу 

учаскесінің 

гидрогеологиялық  жағдайларын  және  цементтің  әр  түрлі  маркаларына  қатысты  жер 

асты  суларының  қауіп  төндіруін,  әзірлеу  шарттары  бойынша  жер  қыртыстары 

санаттарын зерттеу мақсатында жүргізіледі.  

Инженерлік-геологиялық  іздестірулер  өзіне  далалық  (саңылауларды    бағаналы 

бұрғылау,  жер  қыртысы  жиынтықтарын  сұрыптау,  саңылаулардағы  сулардың 

сынамасын  сұрыптау),  зертханалық  (жер  қыртысының  физика-механикалық  қасиеті 

анықтамасының  толық  кешені,  суды  химиялық  талдау)  және  ғылыми  өңдеу 

жұмыстарын қосады. 

Саңылауларды бөлу және оларды жоспарлы байлау аспапты түрде орындалады.  

Саңылаулардың  тереңдігі  болжалған  фундамент  типіне  және  инженерлік-

геологиялық  шараларға байланысты басталады. 

Инженерлік-геологиялық  элементтерді  белгілеу  жер  қыртысының,  генезистің 

номенклатурасы  және  жер  қыртысының  физика-механикалық  қасиеті  есебінен 

орындалады.  

Саңылауларды  бұрғылау  бұрғы  қондырғылармен,  соның  ішінде    шағын 

қондырғылармен өндіріледі. Сынамаларды сұрыптау үшін ГОСТ 12071-2000 сәйкес әр 

инженерлік-геологиялық  элементтеріндегі  жиынтықтарды  сұрыптаумен    бағаналы 

тәсілдер пайдаланылады. Интервалды қабылдау әдетте: 1,0-2,0 м. 

Жер  қыртысының  физикалық  қасиеттерін  зертханалық  зерттеу  ГОСТ  5180-84 

сәйкес орындалады. Жылжытпалы сынақ  ГОСТ 12248-2010 сәйкес нұсқауларды сумен 

қанықтырумен  шоғырландыру  –  құрғату  сынағының  сызбасы  бойынша  біржазықтық 

кесу әдісімен  өткізіледі.  

Компрессиялық  сынақ  табиғи  ылғалдылық  кезінде  табан  салмақтары  0,05;  0,10; 

0,15; 0,20; 0,25; 0,30 МПа, 0,30 МПа кезінде  болжалған жібітумен және жер қыртысын 

жібітумен  шөгу қасиеттерін анықтау мақсатында ГОСТ 12248-2010 сәйкес жүргізіледі. 

Балшықты  жер  қыртысының  еркін  ісінуін  анықтау  ГОСТ  122480-2010  бойынша 

жүргізіледі.  

Төменде  Петропавл  қаласы  үшін  физика-географиялық  және  техногенді 

сипаттағы шарттар келтірілген. 

         Іздестіру ауданындағы ылғалдылық аймақ [1]: құрғақ. 

Климаттық ауданшық [1]: 1В. 

Іздестіру ауданының климаты: қатал континентальды. 

Желдің  басым  бағыттары:  қыста  (қаңтардағы  көрсеткіштер)  –  оңт–батыс 

(қайталануы  44%)  және  шығыс  (қайталануы  15%);  жазда  (шілдедегі  көрсеткіштер)  – 

солт  - батыс және солтүстік (қайталануы 16%). Желдің үстем жылдамдығы 4-5 м/сек. 


 

32 


Желдің көбінесе қыста болатын жылдамдығы 6.9 м/сек (оңт-батыс), 6.5 м/сек (шығыс) 

және 5.8 м/сек (оңт-шығыс); жазда – 4.8 м/сек (солт-батыс), 4.7 м/сек (оңт-шығыс және 

батыс). 

Қысы  (қараша-наурыз)  суық,  бұлтты  ауа-райы  (бір  айда  12  ашық  күнге  дейін) 

және төзімді аяздары басым. Ауаның температуралары: күндіз  -17

0

С-қа дейін, түнде -



23

0

С-қа дейін. Қарлы жамылғы қарашаның ортасында қалыптасады, оның қалыңдығы, 



әдетте, маусымның соңына дейін 23-27 см-ден аспайды. Қыста, жолдарда қар құрсауын 

тудыратын борандар жиі болады ( айына 7-8 рет), Топырақтың қатуы, әдетте қалыпты 

нормадан  аспайды,  бірақ  жылдың  кейбір  суық  кездерінде  топырақтың  2.50-3.00  м 

тереңдіктегі  бөлек аймақтарында нөлдік температура байқалады 

Көктем  (сәуір-мамыр)  маусымның  алғашқы  жартысында  салқын,  екіншісі 

жартысында  –  жылы  болады.  Ауаның  температурасы:  күндіз  сәуірде  5

0

С-қа  дейін, 



мамырда  16

0

С-қа  дейін;  түнде,  мамырдың  соңында  және  маусымның  басында  -4



0

С-қа 


дейін суық болады.Қарлы жамылғы сәуірдің аяғында кетеді. 

Жазы (шілде-тамыз) жылы, ашық күндері басым. Ауаның температурасы: күндіз 

23

0

С-қа дейін, түнде 13



0

С-қа дейін. Нөсер, өткінщі жаңбыры басым (айына 4-6 рет күн 

күркіреп  жауын  жауады).  Жаңбырдың  көп  мөлшері  көбінесе  (51  мм)  шілде  айында 

болады. 


Күзі (қыркүйек-қазан) салқын. Ауа-райы бұлтты, қарлы жаңбырлары басымырақ. 

Қыркүйектің  ортасынан  бастап  аяз  басталады,  қазанның  аяғына  қарай  қар  жауу 

басталады. 

Қараша айындағы жауын-шашын мөлшері: 74 мм 

Желтоқсан-ақпан айларындағы желдің басым бағыттары: оңт-батыс 

Қаңтар айындағы желдің румб бойынша орташа жылдамдығының  максималы: 6.4 

м/с  

Барометрлік қысым: 1000 гПа 



Сәуір-қазан айларындағы жауын-шашын мөлшері: 277 мм  

Маусым-тамыз айларындағы желдің басым бағыттары: солт-батыс  

Қар жамылғысының аудандық салмағы: [2]: II 

Қысқы мезгілдегі желдің аудандық орташа жылдамдығы: [2]: 5 

Жел қысымының аудандық аймағы: [2]: II  

Мұз қабырғасы қалыңдығының аудандық аймағы: [2]: II   

 

Физика-географиялық  аудандастыру,  барлау  ауданына  сәйкес  Батыс-Сібір 



жазықтығының  оңтүстік  шетінде  орналасқан,  қоңыржай  аймақ  дала  ландшафты 

аймағының жазықтығына жатады. 

Геоморфологиялық  қатынаста,  барлау  ауданы  Есіл  жазықтығының  тегіс  бөлігі 

болып табылады. 

Геоморфологиялық  шарттар  негізінде  аудан  бір  геоморфологиялық  элементке 

жатқызылады.  Батысқа  жалпы  еңісі  бар,  129,57-130,08  м  өлшемдері  бар  жазықтық  

көлденең, бөлінбеген. 

Аудан,  өсімдіктер  бойынша  қайың  мен  көк  терекпен  ұштастырылатын  түрлі 

шөптесін  шалғындарға  бай  және  ауылшаруашлық  жерлерге  байланысты  түрлі  шөпті-

бидайлы егістікке толы. Топырағы қарапайым қара жер. 

Петропавл  қаласының  орталық  бөлігіндегі  инженерлік-геологиялық  және 

гидрогеологиялық жағдайлары ұқсас, жалпылауға болады 

Геологиялық  және  литологиялық  құрылымда,  ашылған  тереңдікте  сазды 

балшықтан  және  балшықтан  ,    төменгі  жағында  неогендік  балшықтан  тұратын,  шығу 

тегі  теңізден  болатын  mN

2

  төрт  жастағы  aQ



IV

  заманауи  аллювиальді  шөгінділері 

қатысады. [3-6]. 


 

33 


Топырақтың  инженерлік-геологиялық  элементтерінің  (ИГЭ)  негізгі  физикалық 

және механикалық қасиеттері 1- кестеде көрсетілген. 

 

1-кесте. Топырақтың физикалық және механикалық қасиеттері 



 

Топырақ мінездемесінің атаулары 

1- ИГЭ 

(саздақтар) 



2 – ИГЭ 

(саздар Q) 

3 – ИГЭ 

(саздар N) 

Табиғи ылғалдылық, W, % 

14,0-29,8 

24,0-47,5 

28,95-41,1 

Ағым шегіндегі ылғалдылық, W

L

,% 



27,0-28,7 

42,0-82,5 

41,92-78,8 

Жылжымалылық шегіндегі ылғалдылық, W

P

,% 


14,1-16,0 

23,0-39,3 

20,06-40,7 

Икемділік саны, I

P

,%  


11,0-13,6 

19,0-43,1 

21,9-38,2 

Ағын көрсеткіші, I

L

,д. ед. 


0,15-0,63 

0-0,35 


0,01-0,42 

Топырақтың тығыздығы, ρ, г/см.

3

 

1,8-2,04 



1,7-1,87 

1,79-1,87 

Құрғақ топырақтың тығыздығы, ρ

d

 ,г/ см



3

 

1,43-1,66 



1,15-1,34 

1,27-1,4 

Топырақ бөлшектерінің үлес салмағы, γ

s

,кН / м.



3

 

27,1-27,2 



26,4-28,5 

26,81-27,4 

Кеуектілігі, П,  % 

30,1-47,0 

51,0-58,0 

49,0-54,0 

Кеуектілік коэффициенті, е, д. ед. 

0,552-0,95 

0,944-1,05 

0,927-1,116 

Ылғалдылық дәрежесі S

r

,д. ед.  



0,51-0,98 

0,67-1,037 

0,93-0,97 

Деформация модулі, МПа 

16,0-20,0 

5,3-15,0 

8,6-12,8 

 

Жоғарғы жағынан әдетте, құрылыс қоқыстарынан және топырақ-өсімдік жабыны 



мен саз балшығы араласқан сусымалы топырақты немесе техногенді  жабын ашылған. 

Беткі қабат жабынының күші 0,5-1,8 м. 

ИГЭ-1.    0,5-2,25  м  тереңдіктен  бастап  2,0-5,75  м  тереңдікке  дейін  аллювиалды 

сазды  сұйықтық  өткізбейтін,  заманауи  төрттік  сұр-қоңыр  түсті,  пластикалық 

консистенциясы ашылды. 

ИГЭ-2. 2.0-3.2 м тереңдіктен 3,0-5,75 м тереңдікке дейін, саз дақтары бар, тығыз 

иілгіштіктен жартылай қатты консистенцияға дейінгі, қазіргі заманғы төрттік жастағы 

сұр-қоңыр түсті, темірленген, әк тасы бар аллювиалды сазы ашылды. 

ИГЭ-3.  3,5-5,4  м  тереңдіктен  бастап  13  м  және  одан  да  көп  тереңдікте  теңізден 

пайда болған, айқын түсті (ашық түстен қарашыл түске дейінгі,қарашыл сары дақтары 

бар  сұр-қоңыр  түсті),  20  %-ға  дейінгі  кремнийлі-әк  қатпарлары  және  конкрециялары 

бар,  40%-ға  дейінгі  бос  кептелу  қатпарларының  кремний-әгі  бар  неоген  балшығы 

аршылған. 

Базалық жүйесі: палеогенді - 

 орташа -жоғарғы олигоцен. 

Тектоникалық  аудандастыру  сұлбасына  сай  ізденіс  алаңы  Тұран  тақтасында 

орналасқан,  эпигерциндық  платформалардың  мұқабасы,  500-1000м  аралығында 

мезозойға дейінгі  фундамент  тереңдігінде  орналасқан.  Тектоникалық  жарықтар 

кездеспейді,  тез  жүретін  физика-геологиялық  құбылыстар  байқалмайды.  Солтүстік 

Қазақстан облысының  тұрақты  мекендері  Қазақстан  Республикасының  сейсмикалық 

аудандарда орналасқан тұрақты мекендерінің тізіміне кірмейді.  

Ізденіс аймағы гидрографиялық желі бойынша Есіл өзені бассейнінде орналасқан. 

Есіл  тұрақты  ағысы  бар  өзендер  қатарына  жатады,  ағатын  бағыты  бойынша 

мұхитқа шығу  жолы  бар  (Карск  теңізі).  Зерттелу  аймағының  жерасты  ағын  су 

құрылымы күрделі болып келеді. 

Гидрогеологиялық  ерекшеліктер  мен  жерасты  су  ресурстары  гео-құрамдық 

шарттармен,  жер  бедерімен,  ауа  райымен  өте  тығыз  байланысты. Артезиандық 

бассейндердің  картасында  табылған  аудан  Солтүстік  Қазақстанның  артезиандық 

бассейніне жатады. Ұңғымада пайда болған грунттық судың мөлшері жер үстінен 0,75-

2,4 метрде орналасқан. 

Су деңгейінің максималды көтерілуі болжам бойынша көктемгі жауын шашындар 

кезінде  болады.  Жер  асты  суының  максималды  көтерілуі  сәуір  айының  соңы 



 

34 


мен мамырдың  басында  байқалады,  оны  жергілікті  тұрғындардың  сөздерінен  біле 

аламыз.  Сонымен  қатар  жақын  жердегі  су  құбырларының  апаты  кезінде  топырақ 

суының  мөлшері мен  су  деңгейінңн  өсуі  байқалған  болатын.  Өлшемдер  су  деңгейінің 

максималды  көтерілу  кезінде  алынғанын  ескерсек,  осы  өлшемдер  бойынша  есептеу 

орынды болады. 

Жыл бойы топырақ су деңгейі тұрақсыз болады. Құрылыста вертикалды орналасу 

кезінде  су  ағыны  бағытының  өзгеруі  факторларның  бастысы  болып  табиғи 

ағынның бұзылуы,  атмосферлық  су  жер  және  құрылыс  монтажды  жумыстарының 

арасы  үлкен  болса  жинақталады,  өндіріс  суының  ағылып  кетуі,  ғимараттар  мен 

жол жабындысының  астындағы  судың  аз  булануы.  Топырақ  суы  қорының 

толықтырылуы  осы  аймақтың  атмосферлық  жауын  шашынның  инфильтрациясы 

арқасында  жүзеге асады.  Қардың  жаппай  еруі,  салқын  көктем,  көптеп  жаңбырдың 

жаууы , не болмаса сол жердегі құрылыс обьектісі осы аймақтағы жер бетіндегі судың 

тұруына әсер етеді.  

Жер бетіндегі суға қанығу жер астындағы топырақ сапасына зиян келтіреді. 

Фильтрация коэффициенті 1-ИГЭ (аллювиальді саздақ): 0,01-1,84 м/тәулік 

Фильтрация коэффициенті 2-ИГЭ (аллювиальді сазбалшық): 0,000025-1,8 м/тәулік 

Фильтрация коэффициенті 3 ИГЭ (неогенді сазбалшық) 0,001-0,0023 м/тәулік 

Химиялық  құрамы  бойынша  кездескен  топырақ  суы:  гидрокарбонатты-хлоридті-

кальцийлі,  сульфатты-гидрокарбонатты-  магниилі-  натриилі,  сульфато-хлоридті-

гидрокарбонатты-натриилі. 

Тығыздығы  көрсеткіштері  бойынша  топырақ  1-ИГЭ  және  2-ИГЭ  тығыз.  3-ИГЭ 

сәйкесінше тығыз емес болып келеді. 

Компрессионды  сынақтар  бойынша  1-3  ИГЭ  топырақтары  тұнбасыз.  1,2  ИГЭ 

топарықтары бөреді. 

Инженерлік-геологиялық  есептеулер  мен  зерттеулер  кезінде  негізінен 

механикалық аспаптардың қолданатынын белгілеу керек. Жоспарлық және биік байлам 

үшін  цифрлік тахеометр,  компрессиондық  тәжірибе  нәтижесін  бағалау  үшін 

автоматтандырылған 

құралдарды 

қолдану 

ыңгайлы. 

Цифлрлік 

және 


автоматтандырылған  құралдарды  және  комплекстерді  пайдалану  олардың  қымбат 

бағасымен шектеледі, оларды қолдану өндірісте біртіндеп орын алуда. 

 

 

 



Әдебиет: 

1.

 



СНиП РК 2.04-01-2010 Строительная климатология. 

2.

 



СНиП 2.01.07-85* Нагрузки и воздействия. 

3.

 



Рабочий  проект.  Петрапавловский  завод  тяжелого  машиностроения  имени  В.  И.  Ленина. 

Больница  на  250  коек.  Отчет  об  инженерно-геологических  изысканиях.  ГСПИ 

«Союзтрансмашпроект», 1987 г. Арх. №29070. 

4.

 



Отчет  об  инженерно-геологических  изысканиях  «Геологические  изыскания  по  адресу:  ул. 

Казахстанской Правды, дом 71, ТОО «Ударник СК». ТОО «Стадия», г. Петропавловск», 2015 

г. Арх. №13. 

5.

 



Отчет  об  инженерно-геологических  изысканиях  «Четырех  этажное  здание,  находящееся  по 

адресу  СКО,  г.  Петропавловск,  ул.  Интернациональная,  63».  ТОО  «Стадия»,  г. 

Петропавловск», 2014 г. Арх. №2. 

6.

 



Отчет  об  инженерно-геологических  изысканиях    «Реконструкция  недостроенного  здания 

находящегося на пересечении ул. К. Сутюшева – Жумабаева в г. Петропавловске, СКО». ТОО 

«Стадия», г. Петропавловск», 2015 г. Арх. №3. 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет