«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСТПЕКТІСІ
Өскемен
2018
1 дәріс. Геоэкологияның тақырыбы, негізгі түсініктері мен маңызы. (1 сағат)
2 дәріс. Табиғи геологиялық процесс елдің геоэкожүйелерге (қоршаған ортаға) ықпалы. (2 сағат)
3 дәріс. Геофизикалық өрістердің ықпалы. (1 сағат)
4 дәріс. Табиғи факторлардың гидросфераға ықпалы. (2 сағат)
5 дәріс. Гидросфераның геоэкожүйелері. (2 сағат)
6 дәріс. Атмосфераның кинематикалық жылжымалылығы. (2 сағат)
7 дәріс. Атмосферадағы антропогендік ластануы. (2 сағат)
8 дәріс. Геологиялық ортаға комплектісі антропегендік ықпал. (3 сағат)
1 дәріс Геоэкологияның тақырыбы, негізгі түсініктері мен маңызы. (1 сағат)
Геоэкология кешенді ғылым, оның тақырыбы - геологиялық ортаның биоздық және абиоздық қабықтарының өзара әрекетін зерттеу. Бұл (әрекеттесу геоэкологиялы ортаға табиги және антропогендік факторлар ықпал етуінен туындайды.
"Геоэкология" термині гректің "ге" - жер, "ойкос" - үй, мекен және "логос" – ілім ғылым деген үш сөзінен құралған. Атынан көрініп түрғандай, геоэкология-жерді адамзат мекені ретінде қарастырып зерггейтін ғылым. Адамзат тіршілік ететін ортаның, яғни геологиялық ортаның жағдайы оған табиғи геологиялық және адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне байланысты. Сонымен, геоэкологияың тақырыбы - екінші жағынан антропогсндік (техногендік) жүйе өзгеріске түсуін зерттеу болып шығады.
Геологиялық орта - Жер планетасындағы геоэкологияның негізгі нысаны ретінде карастырылған бөлігі. Геологиялық орта Жердің сыртқы қабықтары - атмосфера, гидросфера және биосфера литосферадан тұрады.
Континенттер мен мұхиттар, тау массивтері мен теңіз-көлдер, өзеңдер, жерасты сулары мен суқоймалары, таужыныстар мен минералдар. Қазір геологиялық ортаның құрамбөліктерінің барлығы адамдардың әрекетгілігінен әртүрлі өзгерістерге түсуде. Геологиялық ортаға кейбір жағдайларда табиғи геологиялық процестер мен құбылыстардан антропогендік әрекеттің әсері артық түсіп жатады.
Техника қарқынды дамып, оның қоршаған ортаға ықпалы табиғи геологиялық күшгтер ықпалынан кем түспеуде, ал кейбір жағдайларда артық кетіп жатады. Осыған байланысты техногеңдік (антропогендік) факторлардың маңызы айрықша артып, геоэкологиялық зерттеулердің басты нысандарына айналуда. Геоэкология шектеулі аймақтардағы құбылыстартарды ғана емес, жаһандық экологиялык жүйелерді зерттейді. Геоэкология бір ғылым аясындағы, бір аудан немесе мемлекет аумағындағы мәселелерді ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ мәселелермен айналысады.