31 Поликонденсация реакциясы арқылы қандай маңызды талшықтүзгіш полимерлерді алуға болады?


Полимерлердің еруінің 4 сатысына сипаттама беріңіз



бет5/5
Дата18.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#83646
1   2   3   4   5
Байланысты:
3145сурак

41 Полимерлердің еруінің 4 сатысына сипаттама беріңіз.
Барлық еру процесті төрт сатыға бөлуге болады.
1. Алғашқы саты. Жүйе гетерогенді, екі фазадан тұрады, таза төмен молекулалық сұйық пен таза полимер
2. Ісіну сатысы. Жүйе екі сұйық фазаға жіктеледі: бірінші фазасы еріткіштің полимердегі ерітіндісі, екіншісі таза төмен молекулалық сұйық еріткіш
3. Ерітіндінің екінші түзілу сатысы. Мұнда да жүйе екі фазалы болады, бірақ екі фазасы да екі компоненттен тұратын ерітінді. Біріншісі − бастапқы ісінген полимер, яғни төмен молекулалық сұйықтың жоғары молекулалық қосылыстардағы ерітіндісі, екіншісі−жоғары молекулалық қосылыстың төмен молекулалық сұйықтағы ерітіндісі
4. Толық еру сатысы − екі ерітінді бір - бірімен араласып, гетерогенді екі фазалы жүйе гомогенді бір фазалы жүйеге айналады

42 Еру термодинамикасын тұжырымдаңыз,мұндағы энтальпия мен энтропияның ықпалын көрсетіңіз.

43 Полимерлердің химиялық реакцияларына түсініктеме беріңіз.
Полимерлерді химиялық түрлендіру әр түрлі химиялық реакциялар арқылы жүреді. Олардың әсерінен макромолекулалардың полимерлену дәрежесі және химиялық құрылымы өзгереді. Полимерлерді химиялық түрлендіру белгілі бір мақсатпен ЖМҚ-дың жаңа өнімдерін алу үшін әдейі жүргізіледі немесе ол жылудың, жарықтың немесе ауадағы оттегінің, механикалық әсердің және полимерлерді пайдалану кезіндегі басқа факторлардың салдарынан өздігінен жүруі мүмкін.
Полимерлерді химиялық түрлендіру реакциялары үшке бөлінеді:

  • Полимерлену дәрежесі өзгермейтін реакциялар, яғни полимерге ұқсас түрлендірулер және молекулаішілік реакциялар жатады.

  • Полимерлену дәрежесі өсетін реакциялар, яғни молекулааралық реакциялар, жалғанған және блоксополимерлену кіреді.

Полимерлену дәрежесі төмендейтін реакциялар, яғни полимерлердің құрылымсыздану реакциялары

44 Полимерлерге ұқсас түрленудің мәнін түсіндіріңіз.
45 Молекулаішілік реакциялардың маңызы неде?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет