34 Полимерлердің конфигурациясына түсінік беріңіз. Конфигурация деп молекула құрайтын атомдардың немесе атомдық топтардың кеңістікте нақты орналасуын және жылулық қозғалыстың әсерінен өзгермеуін айтады. Бір конфигурациядан екінші конфигурацияға химиялық байланыстарды үзбей өтуге болмайды. Полимерлер бірнеше конфигурация деңгейлерін түзеді: буындар конфигурациясы, буындардың тізбекке қосылу конфигурациясы, үлкен блоктардың тіркелу конфигурациясы және тізбек конфигурациясы.
35 Полимерлердің конформациясы ұғымына талдау жасаңыз Ішкі жылулық қозғалыс кезінде және көрші атомдардың әрекеттесуінен тізбекті макромолекула немесе оның бөліктері, байланыс ұзындығы мен валенттілік бұрышын өзгертпей, әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін. Тізбекті молекуланың бөліктерінің (атомдарының немесе атомдар топтарының) жылулық қозғалыстың әсерінен кеңістікте әртүрлі болып орналасуын конформация деп атайды. Конформацияның бір түрінен екінші түріне өтуі дара байланыс бойымен айналу, бұрылу немесе тербелмелі түрдежылулық қозғалыстың немесе сыртқы күштің әсерінен жүреді. Конформацияның бір түрінен екіншісіне өткенде химиялық байланыстар үзілмейді. Сыртқы күштердің және жылулық қозғалыстардың жиілігінің бірбіріне қатынасына байланысты конформация әртүрлі болуы мүмкін
Статистикалық шумақ, яғни әртүрлі дәрежеде бүктелген конформация, сызықты полимерге тән.
Спиральды конформация, белоктарға және нуклеин қышқылдарына тән.
Глобулалық конформация − қатты бүктеліп, пішіні тығыз шарға айналған конформация. Мұндай конформация молекулаішілік әрекеттестігі күшті макромолекулаларда болады, мысалы, фтор атомдары бар полимерлер (политетрафторэтилен)
Таяқша конформация.
Қатпарлы конформация, кристалды полимерлерге тән.
Бүгілмелі конформация, мысалы, поли-п-бензамидке тән.
36 Полимерлердің иілгіштігі дегеніміз не? Макромолекулалардың иілгіштігі. Макромолекулалардың төмен молекулалық қосылыстардан ерекшеліг -олардың тізбекті құрылымы мен аса ұзындығы. Бірақ полимер макромолекулалары жіп тәрәзді түзу жатпайды. Олай болған жағдайда оның ұзындығы мен көлденең қимасының арасындағы айырмашылық мыңдаған еседей болар еді. Тәжірибе жүзінде макромолекулалардың ұзындығы мен енінің арасындағы өзгешелік 10 шақты еседей ғана екені дәлелденген. Макромолекулалар кеңістікте қозғалып , орала алады. Оралған макромолекулалардың , яғни шумақтардың пішіні мен мөлшері жағдайға қарай әр түрлі болады. Макромолекулалардың жылулық қозғалыстың, не сыртқы күштің әсерінен пішінін өзгерту қабілетін иілгіштік дейді. Иілгіштік макромолекулалардың тағы бір маңызды ерекшелігі. Полимерлердің негізгі көрнекті қасиеттері оның макромолекулаларын иілгіштігімен сипатталады.
Макромолекулалардын кайтымды турде ( хим. Байланысты узбей ) оз пишинин озгертуи.
1 иілгіш ; эластомерлер ( каучук резина)
2 қатаң ; пластмасс талшықтар үлдірлер