11. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру (конкурс)
90. Конкурсқа қатысуға жіберілген əлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат
беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға
конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті береді.
91. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта жəне орында конкурстық
комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру жөнінде
отырыс өткізеді.
92. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурстық
комиссияның хатшысы:
1) конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру жəне конкурстық комиссияның отыры-
сына қатысу үшін конкурсқа қатысушылардың өкілдерінде өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың бо-
луына көз жеткізеді;
2) конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурсқа қатысушылар не олардың уəкілетті
өкілдері туралы мəліметтерді енгізеді.
93. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген уақыт өткеннен кейін ұсынылған
конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер бағалауға жəне салыстыруға қабылданбайды.
94. Конкурстық комиссияның хатшысы тіркеуден бас тартылған конкурсқа қатысушылардың тізімін
көрсетіп, конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында мұндай бас тартудың себебін баяндайды.
95. Конкурстық комиссияның отырысында:
1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген
адам:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді хронологиялық
тіркелу тəртібімен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын
хронологиялық тіркелу тəртібімен жариялайды;
конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді береді;
2) конкурстық комиссия:
конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып
алуды конкурс тəсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын
қабылдамайды;
осы Қағидаларда белгіленген жағдайда демпингтік бағаны айқындайды жəне конкурсқа қатысушының
демпингтік баға болып табылатын конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;
конкурсқа қатысушылардың бағаларын салыстырады жəне олардың ішінен ең төменгі баға негізінде
конкурс жеңімпазын айқындайды.
96. Əлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда конкурс нысаны болып
табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тəжірибесі
мол əлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа
қатысатын əлеуетті өнім берушінің жұмыс тəжірибесінің болуы мəселесін қараған кезде конкурстық
комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау жəне қызметтерді
көрсету нарығындағы жұмыс тəжірибелерін ғана ескере отырып, əрбір толық жыл үшін есеп айырысуды
есепке ала отырып қарайды.
Бірдей бағаларды көрсеткен бірнеше əлеуетті өнім берушінің жұмыс тəжірибелері тең болған кезде
конкурстық баға ұсынысы басқа əлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп
түскен конкурсқа қатысушы (конкурсқа қатысушы конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру
қорытындылары бойынша екінші орын алған) жеңімпаз деп танылады.
97. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне
салыстыру жөніндегі отырыстарының нəтижелері бойынша:
1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық
баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру жүргізілген күні:
конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс тəсілімен жүргізілген
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нəтижелерін жариялайды
жəне қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;
2) конкурстық комиссияның хатшысы:
конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне
салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға
12-қосымшаға сəйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың
қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды жəне оған отырысқа қатысқан конкурстық
комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын жəне əрбір
парағын дəйектеуін қамтамасыз етеді;
ол туралы мəліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурсқа қатысуға
өтінім берген кез келген əлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған
күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай əлеуетті өнім берушілердің уəкілетті өкілдеріне жүргізілген
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы
хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;
конкурс тəсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге
көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.
98. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен ба-
стап екі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға жіберілген əлеуетті өнім берушілердің бəріне конкурстың
қорытындылары туралы хабарлама жіберуге міндетті.
12. Айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшеріне дейінгі тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру жəне өткізу
99. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың
жылдық көлемі құндық мəнінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, онда конкурс мынадай
тəртіппен жүзеге асырылады:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының не бірінші басшының міндетін атқаратын тұлғаның
шешімімен конкурстық комиссияның құрамы бекітіледі, конкурстық комиссияның хатшысы айқындалады,
қажет болған кезде сараптау комиссиясы құрылады не сарапшы айқындалады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құндық мəнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын
белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу бойынша тұрақты
негізде бір қаржы жылына конкурстық комиссия құрамын бекітуге, конкурстық комиссияның хатшысын
айқындауға, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы;
2) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде
екі əлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберіледі.
Конкурстық құжаттама сатып алуды ұйымдастырушының уəкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша
сұрау салу түрінде ресімделеді, оған маңызды талаптар жəне конкурстық өтінімді ұсыну нысаны көрсетілген
шарттың жобасы қоса беріледі. Сұрау салу мынадай:
мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың
нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
көлемі туралы;
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;
тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
əлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін берудің басталатын жəне аяқталатын мерзімі
туралы мəліметтерді қамтиды.
Əлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына сəйкестігін, сондай-ақ конкурстық өтінімді
қамтамасыз етуді растайтын құжаттар сұратылмайды.
Əлеуетті өнім берушінің үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 жəне 6-қосымшаларға сəйкес берілетін конкурс-
қа қатысуға өтінімі əлеуетті өнім беруші ретінде конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу ниетін
білдіру жəне тауар(лар)ды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді конкурстық құжатта-
мада көзделген талаптар мен шарттарға сəйкес жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады;
3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған
конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тəртіппен конкурстық өтінімдері бар
конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады;
4) əлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық
өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады жəне
жазбаша сұрау салу талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін əлеуетті өнім
берушілердің конкурстық өтінімдерін қарауды жүзеге асырады жəне конкурстық өтінімі жазбаша сұрау
салу талаптарына сəйкес келетін жəне ең аз конкурстық баға ұсынған əлеуетті өнім берушіні конкурс
жеңімпазы деп айқындайды.
Егер ең төмен конкурстық баға ұсынысын бірнеше əлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, конкурстық
баға ұсынысы басқа əлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен
əлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Конкурстық комиссия, қажет болған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды
жəне салыстырып тексеруді жеңілдету үшін əлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне байланысты
түсіндірмелерді жазбаша нысанда, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мəліметтерді
нақтылау мақсатында қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке жəне заңды тұлғалардан
жазбаша нысанда сұратады.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттаманың талаптарына
сəйкес келтіруге байланысты сұрау салулары мен өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Конкурсқа
қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру деп конкурстық комиссияның
конкурсқа қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде
ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сəйкес келтіруге бағытталған
іс-қимылдары түсініледі;
5) əлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі, егер:
ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын
болса;
əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не
өзгертуді жəне (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
əлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса;
əлеуетті өнім беруші техникалық ерекшелік ұсынбаса не техникалық, сапалық жəне функционалдық
сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, конкурстық
құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейтін техникалық ерекшелік ұсынса, əлеуетті өнім берушінің
конкурстық өтінімі қабылдамай қайтарылуға жатады;
конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша қабылдамай қайтаруға жол берілмейді;
6) конкурстың қорытындылары туралы шешім мынадай:
тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың пошта
мекенжайы;
өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін конкурстық өтінімдерін ұсынған
əлеуетті өнім берушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге
мəлімдеген бағалары;
кері қайтару себептерінің негіздемесін бере отырып, қабылданбаған конкурстық өтінімдер туралы;
конкурс жеңімпазы туралы мəліметтерді көрсете отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
7) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сатып
алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу арқылы конкурстық өтінімдерін ұсынған барлық əлеуетті өнім
берушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етеді.
100. Осы тарауда реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйым-
дастырушылар мен конкурстық комиссияның мүшелері Заңды жəне осы Қағидаларды басшылыққа алады.
13. Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тəртібі
101. Егер əлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң бағасы
техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы əзірлеу үшiн) жəне Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген
бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
102. Егер əлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені жəне жобалау-сметалық
(үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы əзірлеу бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң бағасы Қазақстан
Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметi туралы заңнамасына сəйкес тапсырыс
беруші есептеген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
103. Егер əлеуетті өнім берушінің сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі саласында
инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау) көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы
бекітілген мемлекеттік нормативтерге сəйкес есептелген бағадан бес пайыздан астамға төмен болған
жағдайда, ол демпингтік болып танылады.
104. Осы Қағидалардың 103-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті қоспағанда, егер əлеуетті
өнім берушінің көрсетілетін қызметтерге арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы конкурсқа бөлінген
бағадан жетпіс пайыздан астамға төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.
14. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп тануға негіздемелер
105. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай жағдайларда:
1) берілген өтінімдер болмағанда;
2) екіден кем өтінім берілгенде;
3) конкурсқа қатысуға бірде-бір əлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) конкурсқа қатысуға бір əлеуетті өнім беруші жіберілсе өтпеді деп танылады.
106. Егер конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші бес жұмыс
күні ішінде мынадай:
1) конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту жəне конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу
туралы;
3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тəсілімен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін
қабылдайды.
5. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу
107. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 39-бабының 2 жəне 3-тармақтарында
белгіленген жағдайларда қабылдайды.
108. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастыру жəне өткізу мынадай дəйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тəсілін қолдануды негіздей отырып, тауар-
ларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу
туралы шешім қабылдауы;
2) тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тəсілімен мемле-
кеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді
көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін əзірлеуі;
4) тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
техникалық ерекшелігін, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарт-
тарын, орны мен мерзімдерін, оларға ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін бекітуі;
5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының əлеуетті өнім берушіге Заңның 40-бабының 1-тарма-
ғында көзделген мəліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберуі;
6) тапсырыс берушінің жəне мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының əлеуеттi өнiм берушi
ұсынған, бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 39-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының
негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, əлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына
сəйкестiгiн, бiр көзден алу тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағаның негiздемесін
растайтын құжаттарды қарауы;
7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидаларға 12-қосымшаға сəйкес бір көзден
алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;
8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден алу тəсілімен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы
тапсырыс берушіге ұсынуы.
Заңның 39-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тəсілімен
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып
алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін əзірлеуі жəне
тапсырыс берушінің бекітуі талап етілмейді. Мұндай жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ өтпеді деп танылған конкурс жəне (немесе)
аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық жəне (немесе) аукциондық құжаттамасында
көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен
мерзімі жəне оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.
109. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін
əзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда сарапшыны не сараптау
комиссиясын тартады. Сарапшыны не сараптау комиссиясын тарту осы Қағидалардың 24-тармағында
белгіленген шарттарда жəне тəртіппен жүзеге асырылады.
110. Тапсырыс беруші бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім
қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім
берушіге жазбаша нысанда Заңның 40-бабының 1-тармағына сəйкес ақпаратты қамтитын мемлекеттік
сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
111. Осы Қағидалардың 105-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, сұрау салу
жіберілетін əлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды.
Осы Қағидалардың 105-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, конкурстық өтінім берген
əлеуетті өнім берушіге сұрау салу жіберіледі.
Осы Қағидалардың 105-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушы, Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, конкурстық өтінім берген
жұмыс тəжірибесі неғұрлым көп əлеуетті өнім берушіге сұрау салу жібереді.
112. Осы Қағидалардың 105-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік са-
тып алуды ұйымдастырушы конкурстық баға ұсынысы қабылданған жалғыз ұсыныс болып табылатын
конкурсқа қатысуға рұқсат етілген əлеуетті өнім берушіге не конкурсқа қатысушыға сұрау салу жібереді.
113. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп тану негізінде бір көзден алу шарты туралы
əлеуетті өнім берушіге жіберілетін ақпарат өтпеді деп танылған конкурстың конкурстық құжаттамасына
сəйкес болуға тиіс.
Бұл ретте, əлеуетті өнім берушіге жіберілетін ақпаратта бір көзден сатып алу шарттарында тауарларды
жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау мерзімдері қамтылуға тиіс. Осы мерзімдер конкурстық
құжаттамада жəне мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында белгіленген мерзімдерден артық болуы
мүмкін, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайды.
114. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған
жағдайда, əлеуетті өнім беруші күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға
біліктілік талаптарына сəйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сəйкестігін
растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар,
орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін əлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның
негіздемесімен жібереді, талап етілетін құжаттарды ұсыну мерзімі мемлекеттік сатып алуға қатысуға
шақыру алған күннен бастап кемінде үш жұмыс күні.
Баға негіздемесі əлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС жəне басқа
да салықтарды, төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер
құнын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық
шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
жеткізуге ұсынатын құнның есебін қамтуға тиіс.
Заңның 39-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік сатып алу бір көзден алу
тəсілімен жүзеге асырылған жағдайда əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға
өзінің біліктілік талаптарына сəйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.
Егер функционалдық жəне басқа да сипаттамалары неғұрлым үздік тауарлар мен көрсетілетін
қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер жəне (немесе) жұмыстарды үздік
материалдардан орындау ұсынылса, əлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сəйкес болмауына жол беріледі.
115. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қол қою үшін берілетін бір көзден
алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді,
онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып
алуды қолдану негіздемесі;
2) бір көзден алу тəсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
қысқаша сипаттамасы;
3) əлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сəйкестiгi туралы;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын
өнім берушінің атауы мен орналасқан жері жəне осындай шарттың бағасы.
Бiр көзден алу тəсiлімен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға ұйымдастырушының
бiрiншi басшысы айқындаған, бiрiншi басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам қол қояды.
116. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптау комиссиясы не сарапшы бекітілген жағдайда, тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық
қорытынды қоса беріледі.
117. Бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу:
1) егер əлеуеттi өнiм берушi ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы
осы сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан асып түскен;
2) əлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сəйкес келмеген;
3) əлеуетті өнім беруші қатысудан бас тартқан;
4) əлеуетті өнім беруші техникалық, сапалық жəне функционалдық сипаттамалары неғұрлым үздік техни-
калық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде белгі-
ленген талаптарға сəйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларда өтпеді деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |