№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет


 Мемлекеттік сатып алу туралы шарт



Pdf көрінісі
бет13/41
Дата06.03.2017
өлшемі4,84 Mb.
#8317
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41

6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді 

мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

118. Осы Қағидаларға 4, 5 жəне 6-қосымшаларға сай үлгі шартқа сəйкес жасалған мемлекеттік сатып 

алу туралы шарт жобасының екі данасын тапсырыс беруші өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші 

қол қоюға жəне тапсырыс берушінің уəкілетті өкілі əр парағын дəйектеуге тиіс. 

Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші 

конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын жібереді.

119. Егер жеңімпаз деп айқындалған əлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу 

туралы шарттың жобасына қол қоймаса, жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтар-

ған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жоба сын 

екінші орын алған əлеуетті өнім берушіге жібереді, оған екінші орын алған əлеуетті өнім беруші өзіне мем-

лекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қоюға тиіс.

120. Егер тапсырыс берушінің қолы қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа екінші орын алған 

əлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып 

алуды жүзеге асырады.

121. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде 

мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы Қағидалардың 99-тармағында 

көзделген тəртіппен өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт 

жасасқан жағдайда енгізілмейді.

122. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші жасалған 

мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  бойынша  өз  міндеттемелерін  уақтылы,  толық  жəне  тиісті  түрде 

орындауға кепілдік ретінде енгізеді. 

123. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы 

шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, əлеуетті өнім беруші 

шартты орындауды қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді. 

Бұл ретте, əлеуетті өнiм беруші авансты төлеуден бас тартуға құқығы бар.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалу шамасына қарай тапсырыс 

беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін 

мемлекеттiк сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады. 

124. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай 

түрлерінің бірін: 

1) тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар жəне мемлекеттік мекемелер болып та-

былатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа 

енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны; 

2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы. 

125.  Шарт  бойынша  міндеттемелер  толық  орындалғанға  дейін  өнім  берушінің  үшінші  тұлғаларда 

енгізілген  кепілдік  ақшалай  жарнаға  тұтастай  не  бір  бөлігінде  талап  қою  құқығының  туындауына  əкеп 

соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. 

126. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа 

пайдалануына жол берілмейді. 

127. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз 

етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарттық міндеттемелерін толық жəне тиісінше 

орындаған сəттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше 

орындамаған  жағдайда,  тапсырыс  беруші  тұрақсыздық  айыбын  тиісті  бюджет,  мемлекеттік  кəсіпорын, 

дауыс  беретiн  акцияларының  (жарғылық  капиталдағы  қатысу  үлестерiнiң)  елу  жəне  одан  көп  пайызы 

мемлекетке  тиесiлi  заңды  тұлға  немесе  олармен  үлестес  тұлғалар  кірісіне  төлеу  фактісі  анықталған 

күннен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде  енгізілген  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарттың  орындалуын 

қамтамасыз етуді қайтарады.

128. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-ба-

бына сəйкес өнім беруші енгізген соманы (бар болса) тапсырыс беруші шарттық міндеттемелерді өнім 

берушінің  орындамауына  байланысты  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  бұзылған  жағдайда  өнім 

берушіге қайтармайды.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Заңның 26-бабына 

сəйкес  өнім  беруші  енгізген  сома  (бар  болса)  тиiстi  бюджет,  мемлекеттiк  кəсiпорын,  дауыс  беретiн 

акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi 

заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.

129. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық 

экономикалық одақтың кеден заңнамасының жəне (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының 

талаптарына сəйкес қосылған құн салығын жəне акциздерді төлеу шарттарын қамтуға тиіс.

130. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазымен жасалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік 

сатып алу туралы шарт жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлермен не мемлекеттік сатып алу 

жеңімпазы конкурсқа/аукционға қатысуға өтінімінде көрсеткен қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орын-

даушылармен жасалған шарттардың көшірмелерін тапсырыс берушіге ұсыну туралы талапты қамтуға тиіс.

131. Тапсырыс берушілер дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) 

жүз пайызы мемлекетке тиесілі жəне өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан 

Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдармен жəне шаруашылық 

серіктестіктермен олар туралы мəліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  айқындаған  таралуы  шектеулі  қызметтік  ақпаратты  қамтитын  тауарларды 

жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан жағдайда, мұндай акционерлік 

қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер сатып алуды осы Қағидаларға сəйкес жүзеге асырады. 



2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік

сатып алу туралы шартты орындау

132. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қыз-

мет  тердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызмет-

тер ді көрсету) орны мен мерзімдері мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сəйкес болуға тиіс. 

133. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық 

орындаған жағдайда шарт орындалған болып есептеледі. 



Ерекше тəртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды 

жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға 

арналған жылдық жоспары/ Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік 

сатып алудың _______ жылға арналған алдын ала жылдық жоспары

(көрсетілген мəндердің біреуін таңдап алу керек)

Жалпы мəліметтер

Тапсырыс 

берушінің БСН

Мемлекеттік мекемелер 

үшін


Тапсырыс берушінің атауы 

(мемлекеттік тілде)

Тапсырыс берушінің 

атауы (орыс тілінде)

Қаржы жылы 

ММ коды


қор

1

2



3

4

5



6

Бекітемін: _______________________________

(тапсырыс берушінің толық атауын жəне оның лауазымды

 адамының Т.А.Ə. (бар болса) көрсету керек) 

Тауарларды, жұмыстарды жəне көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары

Р/с 


Жоспар 


тармағының 

түрі


Ұйымдасты-

рушының БСН

Мемлекеттік мекемелер үшін

Бюджеттік бағдар-

ламаның әкімшісі 

Бағдарлама

Кіші 

бағдарлама



Ерекшелік Қаржылан-

дыру көзі

1

2

3



4

5

6



7

8

кестенің жалғасы



Сатып алу 

нысанының 

түрі

Тауардың, 



жұмыстың, 

көрсетілетін 

қызметтің 

коды (ТЖҚС 

сәйкес*)

Сатып алына-

тын тауарлардың, 

жұмыстардың, 

көрсетілетін 

қызметтердің 

мемлекеттік тілдегі 

атауы (ТЖҚС 

сәйкес*)

Сатып алынатын 

тауарлардың, 

жұмыстардың, 

көрсетілетін 

қызметтердің орыс 

тіліндегі атауы 

(ТЖҚС сәйкес*)

Тауарлардың, 

жұмыстардың, 

көрсетілетін 

қызметтердің 

мемлекеттік тілде 

қысқаша сипаттама-

сы (сипаты) (ТЖҚС 

сәйкес*)


Тауарлардың, 

жұмыстардың, 

көрсетілетін 

қызметтердің орыс 

тіліндегі қысқаша 

сипаттамасы 

(сипаты) (ТЖҚС 

сәйкес*)


9

10

11



12

13

14



кестенің жалғасы

Қосымша сипат-

тамасы (мемле-

кеттік тілде)**

Қосымша 

сипаттамасы 

(орыс тілінде)**

Сатып 


алу тәсілі

Өлшем 


бірлігі (ТЖҚС 

сәйкес *)

Саны, 

көлемі


Бір бірлігі үшін 

бағасы***, теңге

Сатып алу үшін 

бекітілген жалпы 

сомасы ***, теңге

15

16



17

18

19



20

21

кестенің жалғасы



Үш жылғы 

кезеңнің 

бірінші 

жылына 


бекітілген 

сома


Үш жылдық 

кезеңнің 

екінші жылына 

арналған 

болжамды 

сома ***, 

теңге

Үш жылдық 



кезеңнің 

үшінші жылына 

арналған 

болжамды сома 

***, теңге

Мемлекеттік 

сатып алуды 

жүзеге 


асырудың 

жоспарланған 

мерзімі (ай)

Тауарды 


жеткізу, 

жұмыстарды 

орындау, 

қызметтерді 

көрсету 

мерзімі


Тауарларды жеткізу, 

жұмыстарды 

орындау, қызмет -

терді көрсету орны 

(ӘАБК сәйкес елді 

мекеннің коды)

Аванстық 

төлемнің 

мөлшері, % 

22

23



24

25

26



27

28

* ТЖҚС – тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы



** толтыру міндетті емес

*** 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер соманы ҚҚС 

есепке алмай көрсетеді. Аталған талап 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуға тапсырыс 

берушілер болып табылатын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу 

жəне одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кəсіпорындар мен заңды тұлғалар немесе олармен 

үлестес заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. 



Ерекше тəртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды 

жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша

Бекітемін: ______________________________

(тапсырыс берушінің толық атауын жəне осы конкурстық 

құжаттаманы бекіткен оның лауазымды 

 адамының Т.А.Ə. (бар болса) көрсету керек) 

 20__жылғы «___» _________  № _______ шешім



Мемлекеттік сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттама

___________________________________________________________________

(конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауын көрсету керек)

Тапсырыс беруші ___________________________ (тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, 

БСН, банктік деректемелерін көрсету керек)

Тапсырыс берушінің өкілі____________________________________ 

(тапсырыс берушінің өкілі – лауазымды адамының Т.А.Ə. (бар болса), байланыс телефондарын жəне 

болса, электрондық поштасының мекенжайын көрсету керек) 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы _________________________________________________

______________ (толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін көрсету керек)

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі ________________________________________ 

(лауазымын, байланыс телефондарын жəне болса электрондық поштасының мекенжайын қоса алғанда, 

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі лауазымды адамының Т.А.Ə. (бар болса) көрсету керек) 

Конкурстық құжаттаманың құны __________________________________ 

(конкурстық құжаттаманың құнын теңгемен көрсету керек не егер конкурстық құжаттаманы ұсынғаны 

үшін төлем алу көзделмесе, онда бұл тармақты мынадай редакцияда жазу керек: «Конкурстық құжаттама 

тегін беріледі»). 

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын көрсету керек) өнім берушіні 

(өнім берушілерді) таңдау мақсатында өткізіледі. 

2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) 

үшін бөлінген сома ____ теңгені құрайды (тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) лоттарға 

бөлген жағдайда əрбір лот үшін сома жеке көрсетіледі).

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды: 

1) лот нөмірін, өлшем бірлігін, санын, жеткізу шарттарын, жеткізу мерзімі мен орнын, төлем шарттары 

мен сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сəйкес 

сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

2)  ұлттық  стандартты  немесе  бар  болса,  Қазақстан  Республикасы  өндірушілерінің  коммерциялық 

емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде, осы үлгілік 

конкурстық құжаттамаға 2, 3 жəне 4-қосымшаларға сəйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете 

отырып,  белгіленген  тəртіппен  бекітілген  жобалау-сметалық  құжаттаманы,  техникалық  ерекшеліктерді 

қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап 

етілетін функционалдық, техникалық, сапалық жəне сипаттамалары. 

Жобалау-сметалық  құжаттама  талап  етілетін  жұмыстарды  мемлекеттік  сатып  алуды  жүзеге 

асыру  кезінде  сатып  алынатын  жұмыстардың  сипаты  мен  талап  етілетін  техникалық,  сапалық  жəне 

функционалдық  сипаттамаларының  орнына  конкурстық  құжаттамада  белгіленген  тəртіппен  бекітілген 

жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;

3) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 жəне 6-қосымшаларға сəйкес заңды жəне жеке тұлғалар үшін 

конкурсқа қатысуға өтінімдер; 

4)  осы  үлгілік  конкурстық  құжаттамаға 7, 8 жəне 9-қосымшаларға  сəйкес  тауарларды  жеткізу 

(жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін əлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мəліметтер; 

5) объектілерді салуға не қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге 

асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау 

кезеңдерін, түрлерін жəне көлемін, сондай-ақ егер жобалау алдындағы құжаттамаға сəйкес оларды орын-

дау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, əрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік 

сатып алудың сомасын көрсетеді.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауар-

ларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде 

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді: 

1) мынадай ______________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының 

банк шотының толық деректемелерін көрсету керек) банк шотына орналастырылатын ақшаның кепілдік 

берілген ақшалай жарнасын; 

2) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сəйкес банк кепілдігі.

5. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің 

мерзімінен кем болмауға тиіс. 



2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың 

көшірмесін алған əлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

6.  Конкурсқа  қатысуға  үміткер  əлеуетті  өнім  беруші 20__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ 

мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге 

құқылы. Əлеуетті өнім берушілердің сұрау салулары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мына-

дай деректемелері бойынша жіберіледі: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының пошта мекенжайы, 

сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімшені жəне бөлме нөмірін көрсету керек). 

7.  Мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  сұрау  салуды  алған  күннен  бастап  үш  жұмыс  күні 

ішінде оған жауап береді жəне сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетпестен, мəліметтері конкурстық 

құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін 

түсіндіруді жібереді. 

8.  Мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  қажет  болған  жағдайда,  бірақ 20__жылғы 

«__»___________ _______ сағ.___ мин. мерзімнен кешіктірмей өз бастамасымен немесе мемлекеттік са-

тып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген əлеуетті өнім берушінің сұрау 

салуына  жауап  ретінде  конкурстық  құжаттамаға  өзгерістер  жəне  (немесе)  толықтырулар  енгізуге  тиіс. 

Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тəртіппен ресімделеді. 

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады жəне мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды 

конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз 

негізде  конкурстық  құжаттаманың  көшірмесі  берілген  барлық  əлеуетті  өнім  берушілерге  жібереді.  Бұл 

ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 

конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді əлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде 

күнтізбелік он күн мерзімге ұзартады.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген əлеуетті 

өнім берушілермен не олардың уəкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 

_____ (кездесу өтетін орынды, күні мен уақытын көрсету керек) кездесу өткізеді. 

10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын 

жасайды, онда əлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау 

салулары көзін көрсетпей, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама əлеуетті өнім 

берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға 

жəне  конкурстық  құжаттама  алған  əлеуетті  өнім  берушілерді  тіркеу  журналында  көрсетілген  пошта 

деректемелері бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін 

берген əлеуетті өнім берушілердің бəріне жіберіледі. 

3. Конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге 

қойылатын талаптар жəне конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға 

өтінімдер салынған конверттерді əлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

1. Конкурсқа қатысуға өтінім

11.  Конкурсқа  қатысуға  өтінім  конкурсқа  қатысуға  үміткер  əлеуетті  өнім  берушінің  осы  конкурстық 

құжаттамада  көзделген  талаптар  мен  шарттарға  сəйкес  тауарды  беруді  жүзеге  асыруға  (жұмысты 

орындауға, қызметтерді көрсетуге) келісім білдіру нысаны болып табылады. 

12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға 

беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс: 

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 жəне 6-қосымшаларға сəйкес толтырған жəне əлеуетті өнім 

беруші қол қойған өтінім; 

2) əлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сəйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі: 

құқық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін растайтын 

нотариат куəландырған құжаттар (кəсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куəлігінің 

көшірмесі);

заңды тұлға қызметті үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды 

тұлға заңнамада белгiленген тəртiппен бекiтiлген жарғының нотариат куəландырған көшiрмесiн ұсынады, 

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері қазақ жəне (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда 

тiзiлiмiнен нотариат куəландырған, заңдастырылған үзiндi көшiрмені ұсынады;

Қазақстан  Республикасының  рұқсаттар  жəне  хабарламалар  туралы  заңнамасына  сəйкес  алынған 

(жіберілген),  олар  туралы  мəліметтер  мемлекеттік  органдардың  ақпараттық  жүйелерінде  расталатын 

электрондық  құжаттың  қағаз  көшірмесі  түріндегі  рұқсаттар  (хабарламалар) (мəліметтер  мемлекеттік 

органдардың ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда, əлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының 

рұқсаттар  жəне  хабарламалар  туралы  заңнамасына  сəйкес  алынған  (жіберілген)  тиісті  рұқсаттың 

(хабарламаның) нотариат куəландырған көшiрмелерiн ұсынады);

сатып  алынатын  тауарларды  өндіруге,  өңдеуге,  жеткізуге  жəне  өткізуге,  жұмыстарды  орындауға, 

қызметтерді  көрсетуге  құқығын  растайтын  патенттерінің,  куəліктерінің,  сертификаттарының,  басқа 

құжаттарының нотариат куəландырған көшірмелері;

заңды  тұлғаны  мемлекеттік  тіркеу  (қайта  тіркеу)  туралы  куəліктің  немесе  анықтаманың  нотариат 

куəландырған көшірмесі (егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 

тəртіппен  бекітілген  Үлгілік  жарғының  негізінде  жүзеге  асырған  жағдайда,  мемлекеттік  тіркеу  туралы 

өтініштің нотариат куəландырған көшірмесі);

құрылтайшы  немесе  құрылтайшылардың  құрамы  туралы  мəліметтерді  қамтитын  құрылтай 

құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) 

нотариат куəландырған үзіндіні не конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілген акция 

ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тəртіппен қол қойылған жəне куəландырылған үзіндінің түпнұсқасы;

осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сəйкес əлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін 

банктің немесе банк филиалының қолы жəне мөрі бар, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 

тізілімінде  № 6793 болып  тіркелген  «Екінші  деңгейдегі  банктердегі,  ипотекалық  ұйымдардағы  жəне 

«Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына 

сəйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша əлеуетті 

өнім берушінің анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің 

жоқтығы туралы конкурс жарияланған күннен кейін берілген анықтаманың түпнұсқасы (егер əлеуетті өнім 

беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті бо-

лып табылса, осы анықтама осындай банктердің əрқайсысынан ұсынылады); 

конкурстық  өтінімдері  бар  конверттерді  ашу  күнінің  алдындағы  бір  айдың  ішінде  алынған  салық 

берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары жəне əлеуметтік ау-

дарымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мəліметтер; 

əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен бірге өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының 

жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банк 

кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз етуді беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы 

біліктілік талабына сəйкестігін растауға құқылы;

мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шартты  орындауды  қамтамасыз  ету  əлеуетті  өнім  берушілерге 

мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада 

белгіленген мерзімге беріледі; 

осы үлгiлік конкурстық құжаттамаға 7, 8 жəне 9-қосымшаларға сəйкес мемлекеттiк сатып алу процесіне 

қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мəлiметтер;

егер  əлеуетті  өнім  беруші  жұмыстардың  не  көрсетілетін  қызметтердің  қосалқы  мердігерлерін 

(бірлесіп  орындаушыларды)  тартуды  көздеген  жағдайда,  əлеуетті  өнім  беруші  мемлекеттік  сатып 

алуды  ұйымдастырушыға  тартылатын  қосалқы  мердігерлердің  (бірлесіп  орындаушылардың)  біліктілік 

талаптарына сəйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады; 

осы  үлгілік  конкурстық  құжаттамаға 12-қосымшаға  сəйкес  конкурста  сатып  алу  нысанасы  болып 

табылатын  жұмыстарды  орындау  жөніндегі  қосалқы  мердігерлер  (бірлесіп  орындаушылар)  туралы 

мəліметтер мен əлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жиынтығында 

жұмыстар  (құрылыс  құнының),  көрсетілетін  қызметтер  көлемінің  үштен  екісінен  астамын  қосалқы 

мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруге тыйым салу шарты; 

3)  тауарлардың,  жұмыстардың,  көрсетiлетiн  қызметтердiң  техникалық,  сапалық  жəне  пайдалану 

сипаттамаларын, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзімін жəне (немесе) 

көлемін  сипаттай  отырып,  тауарға  қызмет  көрсетудің,  тауарды  пайдалануға  арналған  шығыстардың 

сапасына кепiлдiк берудің, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарының 

техникалық ерекшелiгі;

4)  банк  кепілдігі  не  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушының  банк  шотына  орналастырыла-

тын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде 

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету; 

5) əлеуетті өнім берушінің жарғысына сəйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар əлеуетті өнім берушінің 

бірінші басшысын қоспағанда, əлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа 

қатысуға өтінімге қол қою жəне конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет