№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата06.03.2017
өлшемі4,84 Mb.
#8317
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

жазушы,

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».  

Əлемдік  дағдарыс  бір  елдің 

немесе бір өңірдің өнеркəсібі мен 

экономикасына төнген қиындық 

емес. Бұл – дүние жүзіндегі барлық 

мемлекетке,  барлық  халыққа 

ортақ сынақ. Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев  осы  экономикалық 

қауіп-қатердің  жай-жапсары 

мен  одан  шығудың  бағыттары 

белгіленген  «Қазақстан  жаңа 

жаһандық  ахуалда:  өсім,  ре-

формалар,  даму»  деп  аталатын 

Жолдауында:  «Заманның  бета-

лысын өздеріңіз көріп отырсыз-

дар.  Аса  күрделі,  қиын  кезеңге 

аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен 

тың мүмкіндіктері қатар өрбіген 

жаһандық ахуал біздің көз алды-

мызда өзгеруде», деген болатын. 

Дегенмен,  «дағдарыс  келді» 

екен деп елімізде не істерін білмей 

қол  қусырып,  қарап  отырған 

өңір  жоқ.  Елбасы  айтқандай, 

«Біріміз  –  бəріміз  үшін,  бəріміз 

–  біріміз  үшін»  деген  қағиданы 

ұстанып,  еңбек  етуде.  Соның 

нəтижесінде  Қазақстан  бүгінде 

бұрынғы  одақтас  республика-

лар  ғана  емес,  сонымен  бірге 

əлемдегі  экономикасы  өрлеу 

жолына  түскен  мемлекеттердің 

алдыңғы қатарынан көрінуде. Ел 

экономикасының еңсесі көтеріліп, 

іргесі  бекіді.  Мемлекетімізде 

ел  игілігі  үшін  ғаламат  жоба-

лар  жүзеге  асырылуда.  Соның 

ішінде  индустрияландыру  сая-

саты  еліміздің  экономикасын 

серпінді  дамытып,  бəсекеге 

барынша  қабілетті  30  елдің 

қатарына  қосатын  бірегей  де 

бірден-бір жол болып табылады. 

Мемлекет  басшысының  өзі  де 

индустрияландырудың  маңызы 

мен оның елімізде жалпыұлттық 

іске  айналу  керектігін  ерекше 

қадап айтып келеді.

Бұл  бағытта  Жамбыл  облы-

сында да көптеген игілікті істер 

қолға алынып, жүзеге асырылуда.  

Мұның өзі ішкі жəне сыртқы ры-

нокты бəсекеге қабілетті сапалы 

тауарлармен толықтыруға кең жол 

ашуда. Мысалы, еліміздің үдемелі 

индустриялық-инновациялық 

даму бағдарламасы аясында 2010-

2014 жылдары облыста 123,3 мил-

лиард теңгенің 33 жобасы жүзеге 

асырылып,  4958  жұмыс  орны 

ашылды. Бірқатар кəсіпорындар 

толық  қуатында  жұмыс  істеп, 

нарықты  қажетті  тауарлармен 

толықтыруда. Соның бірі Меркі 

ауданындағы  «Алкопищепром» 

Ж Ш С     а у ы л ш а р у а ш ы л ы қ 

шикізатын өңдеу мен қалбырлау 

жобасын  жүзеге  асыруды  қолға 

алған.  Кəсіпорынның жұмыс си-

паты – маусымдық. Өткен жылы 

кəсіпорында 4,6 миллион теңгенің  

27  925  қалбырланған  өнімдері 

өндірілді. Бұл – зауыттың толық 

қуатында  жүз  пайыз  жұмыс 

істеп  тұрғанын  көрсетеді.  Ал 

кəсіпорындағы  алкогольді 

ішімдіктерді шығару мəселесіне 

келсек, оның индустрияландыру 

картасына  байланысты  жобаға 

ешқандай  қатысы  жоқ,  яғни  ол 

ЖШС-ның жеке құзырындағы төл 

өндірісі болып табылады.

  «Тараз  металлургия  зауы-

ты»  –  еліміздегі  ферросилико-

марганец  өндіретін  ірі  өндіріс 

орнының бірі.  Алғашқы кезеңінде 

бұл  өндіріс  орны  жылына  72 

мың  тонна  ферросиликомарга-

нец  өндіруге  тиіс  болатын.  Ал 

өткен  жылы    аталмыш  зауытта 

1988,2  миллион  теңгенің  9399 

тонна  ферросиликомарганеці 

өндіріліп, жылдық қуатының 52 

пайызы игерілді. Əрине, пештер 

мен бірқатар өндірістік агрегаттар 

желілерін жөндеуге байланысты  

«Тараз металлургия зауытының»  

толық  қуатында  бір  қалыпты 

жұмыс  істей  алмағанын  жоққа 

шығаруға болмас. Оның үстіне ай-

налым қаржысынан да тапшылық 

көріп  отырғаны  жасырын  емес. 

Бірақ, ең бастысы, дағдарыс да-

уылына қарамастан зауыт жұмыс 

істеп тұр жəне хал-қадерінше өнім 

өндіріп  жатыр.  Мысалы,  өткен 

жылдың аяғындағы есеп бойынша 

зауытта 325 адамның жұмыспен 

қамтылуы осы сөзіміздің дəлелі 

болса керек.  

«Құрылыс  полимер»  ЖШС 

де  ырғақты  жұмыс  істеп, 

жылдық  қуаты  бойынша  өнім 

өндіретін деңгейге жетіп қалды. 

Былтыр  кəсіпорын  609,17  мил-

лион  теңгенің  пластмасса 

бұйымдарын  шығарып,  өзінің 

жоспарлы  қуатын  жүз  пайызға 

игерді.  Соның  нəтижесінде 

2015 жылы кəсіпорында жұмыс 

істейтіндердің  саны  130  адамға 

жетті. Есеп-санақ мамандарының 

дерегі мен дəйегі бойынша, бүгінде 

зауыт  өзіне  тиесілі  жүктеменің 

81 пайызын игеріп отыр. Өткен 

жылғы  бұл  мысалдан  зауыттың 

өз  жобалық  қуатында  жұмыс 

істеу  мүмкіндігіне  сəл-ақ  жет-

пей  қалғанын  байқауға  болады. 

Демек, бұл жерде де дағдарысқа 

қарсы дəйекті іс бар. Ал зауыттағы 

жұмысшылар тұрақсыздығының 

себеп-салдарын оның өндірістік-

экономикалық  жағдайымен 

байланыстырудың мүлде қажеті 

жоқ, ал егер ондай  бірлі-жарым 

мəселе  болса,  онда  ол  тек 

кəсіпорынның  ішкі  тəртібіне 

қатысты мəселе деп қарастырған 

жөн.


Индустрияландыру  картасы-

на  енгізілген  жобалардың  бірі 

Қордай  ауданындағы  «Куликов 

сүт өнімдері» ЖШС болып отыр. 

Ол  сүт  өнімдері  мен  сүттен 

жасалған  өнімдер  шығарумен 

жəне  өңдеумен  айналысады. 

ЖШС  өткен  жылы  149,8  мил-

лион  теңгенің  714  тонна  сүт 

өнімдерін  өндіріп,  кəсіпорын 

толық  қуатында  жұмыс  істеді. 

Сондай-ақ,  «Үміт  Қордай» 

ЖШС де сүт өнімдерін өндіреді. 

Кəсіпорын  2015  жылы  211,7 

миллион  теңгенің  541  тонна 

сүт  өнімдерін  өндірді.  Жалпы, 

кəсіпорын  өткен  жылы  өнім 

өндіруді жоспарлаған жоқ. Бірақ, 

соған  қарамастан  осындай  өнім 

өндіруге  қол  жеткізді.  Енді 

кəсіпорын  басшылары  Қырғыз 

Республикасының  Еуразиялық 

экономикалық одаққа енуіне жəне 

бəсекенің күшеюіне байланысты 

зауыттарын  сатуға  шығаруға 

дайындауда.  Бұл  кез  келген 

өркениетті  елдердің  нарығында 

болатын жағдай. Сондықтан одан 

үркудің қажеті жоқ деп білеміз.

Қ о р д а й д а ғ ы   « V i s t a 

intermational» ЖШС іске қосқан 

жел электр стансасы да қалыпты 

жұмыс  істеп  тұр.  Өткен  жылы 

мұнда  914,6  миллион  теңгенің 

40324,8  мың  кВт/сағат  электр 

энергиясы  өндіріліп,  өзінің  

жобалық  қуатын  100  пайызға 

игеріпті.  Ал  «Central  Asia  Gold 

Production»  ЖШС  қымбат  ме-

талл  қорытпасы  өндірісі  зауы-

тын  іске  қосып,  2015  жылы 

296,6 миллион теңгенің 41 кило-

грамм алтынын өндірді. Сөйтіп, 

жылдық  қуатының  68,3  пайы-

зын игеруге қол жеткізді. Кенен 

ақын  айтпақшы,  «Тасы  да  ал-

тын Қордайдың, тауы да алтын» 

дегеннің бір əдемі мысалы осы.

Қаратау  қаласының  іргесіне 

орналасқан  «Talas  investment 

Company» ЖШС натрий цианидін 

өндіреді.  Өткен  жылы  мұнда 

77,4 миллион теңгенің 1001 тон-

на  натрий  цианиді  шығарылды. 

Сөйтіп,  жылдық  жоспарлы 

қуатының  26,7  пайызын  игеріп, 

өз шама-шарқының қаншалықты 

əлеуетті  екенін  байқап  көрді. 

Алғашқы  нəтиже  жаман  емес. 

Кəсіпорында былтыр жыл бойы  

қайта  жарақтандыру  жəне  іске 

қосу  жұмыстары  жүргізілгеніне 

қарамастан алғашқы өнімдеріне 

қол жеткізді. Зауыт биыл 5 мың 

тонна өнім өндіруді көздеп отыр. 

Ал  өзінің  жоспарлы  қуатын 

алдағы  2017  жылы  толық  игер-

мек.  Ең  бастысы,  зауыт  салы-

нып,  жарақтандырылды,  тиісті 

мамандар  мен  жұмысшылар 

жинақталды, алғашқы қадам жа-

салды. 


«Қазфосфат»  ЖШС  осыдан 

үш жыл бұрын гексаметафосфат 

натрийі  мен  басқа  да  азықтық 

фосфаттарды  шығару  өндірісін 

іске  қосқан  болатын.  Өткен 

жылы кəсіпорын 592,6 миллион 

теңгенің  3180  тонна  гексамета-

фосфат  натрийін  шығарды.  Бұл 

кəсіпорын  да  толық  қуатында 

жұмыс істеп тұр. «Карат-V» ЖШС 

заманауи    жиһаз  бен  соларға 

арналған  жиһаз  ламинаттарын 

жасау  өндірісімен шұғылданады. 

Өткен  жылы  өндіріс  орны  5,1 

миллион  теңгенің  360  шаршы 

метр  жиһазын  шығарды.  Елге 

қажетті  үнемді  бұйымдарды 

шығаруды қолға алған «Энерджи-

Тараз» ЖШС болса жарық диод-

ты шамдарды  ішкі жəне сыртқы 

нарықтарға  көптеп  өткеруде. 

2015  жылы  мұнда  135,8  мил-

лион  теңгенің  2624  дана  шамы 

шығарылды.  Бұл  кəсіпорын  да 

жылдық қуатын 100 пайыз игеріп 

отыр.


Шетелдерден  ең  соңғы 

үлгідегі  жаңа  жабдықтарды 

əкеліп,  жұмысқа  жеккен    «Та-

Мак»  ЖШС  макаронның  сан-

алуан  түрін  өндіруде.  Өзінің 

100  пайыз  қуатында  жұмыс 

істеп тұрған ЖШС былтыр 421,7 

миллион  теңгенің  1440  тонна 

макарон  өнімін  шығарған.  Ал 

«Запчасть»  акционерлік  қоғамы 

жылына  180  мың  тонна  ме-

талл  бұйымдарын  шығаратын 

электр-  металлургиялық  зау-

ытты  іске  қосты.  Өткен  жылы 

мұнда  585,3  миллион  теңгенің 

7019  тонна  металл  бұйымдары 

шығарылды.  Бұл  зауыт  та 

дағдарыс деп тоқтап қалмастан, 

толық қуатында жұмыс істеуде. 

Елімізге  бұрын  жылытқыш 

радиаторлар  Ресей  жəне  Қытай 

мемлекеттерінен  жеткізілетін. 

Үдемелі  индустриялық-иннова-

циялық  мемлекеттік  даму  бағ-

дар ламасы аясында бұл мəселе өз 

шешімін тапты. Тараздағы «Арай-

строймаркет» ЖШС екі жылдан 

бері оны өңірдің өзінде шығара 

бас тады.  Былтыр  мұнда  127,2 

мил лион теңгенің 75 тонна радиа-

торы  шығарылды.  Əлбетте,  қай 

іс болмасын бірден алға баспай-

ды. Сондықтан өндіріс орнының 

əзірге 52 пайыз қуатында жұмыс 

істеп  тұрғанының  өзіне  шүкір 

деу ге болады. 

Кейбір  пессимистер  жоға-

рыда  аттары  аталған  «Кули ков 

сүт  өнімдері»  мен  «Арай строй-

маркет» ЖШС-на дейінгі кəсіп-

орындардың бəрін нарыққа қабі-

летсіз  жобалар  ретінде  қарас-

тырғысы  келеді.  Бірақ,  кəсіп-

орындардың  өзінен  алынған 

нақты  деректер  мен  дəйек терге 

негіз делген  мысалдардан  көр-

геніміздей,  олардың  барлығы 

да  əлемде  жəне  елімізде  орын 

алып  отырған  қаржылық-эко-

номикалық  түрлі  қиындықтарға 

қарамастан хал-қадерінше жұмыс 

істеп, тауар шығару жөніндегі тап-

сырмаларын орындауға күш салу-

да екен. Жұмыс істемей, тоқтап 

тұр ғандары жоқ. Өткен жылы осы 

аталған  кəсіпорындардың  бар-

лығы орта есеппен  82,6 пайыз-

дық  қуатында  жұмыс  істеп, 

4825,1 миллион теңгенің өнімін 

өндіріпті.  

Елімізде 2015-2019 жылдарға 

ар налған индустрияландырудың 

екінші  бесжылдығы  басталғаны 

белгілі. Ал облыста өткен жылы 

Индустрияландыру  картасына 

енгізілген 6 инвестициялық жоба 

іске  асырылды.  Олардың  ара-

сында Байзақ ауданында құс етін 

өндіретін  «Əулиеата-Фени кс» 

ЖШС де бар. Құс фабри касының 

құрылысы  толық  аяқ талды. 

Əйтсе де өз істеріне сал дыр-салақ 

қарайтын тасымал дау шылардың 

кесірінен  құстар ды  соятын 

цехқа  арналған  жабдық тардың 

Голландиядан уəделі уақытында 

жеткізілмеуіне  байланысты 

кəсіпорынның  дер  кезінде  іске 

кірісе алмай отырғанын жасыруға 

болмайды. Ол құрал-жабдықтарды 

енді  фрагментті  түрде  жеткізу 

қарастырылуда,  өз  кезегінде  ол 

да  кедендік  тексерулер  арқылы 

кешеуілдеуі  мүмкін.  Бірақ  бұл 

мысалға  қарап  кəсіпорындағы 

құрылыс жұмыстары небары 70 

пайызға  ғана  орындалды  деуге 

болмайды. Қажетті жабдықтарды 

алып,  оны  құрастырып  біткен 

күннен  бастап  құс  фабрикасы 

өзінің  толық  қуатында  жұмыс 

істей бастайды. «Тараз металлур-

гия зауыты» ЖШС да үстіміздегі 

жылы  ферроқорытпа  өндірісі 

мен  шикізат  базасын  кеңейту 

жəне  əртараптандырудың  екін-

ші  кезеңіне  байланысты  инвес-

ти циялық жобаны жүзеге асыр-

мақ болатын. Əйтсе де теңге нің 

құнсыздануына  жəне  қар жы-

лық-экономикалық  жағдайдың 

күрделене  түсуіне  байланысты 

бұл жобаны жүзеге асыру ды 2020 

жылға  шегере  тұру  керек  деп 

шешіпті.  Үкімет тің  кеңейтілген 

отырысына қа тыс қан Президенттің 

жақында «Көп теген елдер қиын 

жағдайда қал ды жəне əлеуметтік 

кірістерін  қыс қартуға,  жобала-

рын  тоқта туға  мəжбүр  болып 

отыр, нəти жесінде жұмыссыздық 

өсуде.  Біз  индустриялық  ны-

сандар  салуды  жалғастырып, 

жаңа нарықтарға жол ашып отыр-

мыз»,  деген  сөзін  еске  алсақ, 

өңірде  үдемелі  индустриялық-

ин но вациялық мемлекеттік даму 

бағдарламасы  аясында  іске  қо-

сылған кəсіпорындардың барлығы 

дүниежүзілік дағдарыс дауылына 

қарамастан ырғақты жұмыс істеп, 

жылдық қуаттарын толық игеруге 

бар мүмкіндіктерін сарп етуде.

Жамбыл облысы.

––––––––––––––––––



Суреттерді түсірген 

Ақəділ РЫСМАХАН.

Ќўќыќтыќ ќадамдар ќажет



Қуат  Рахимбердин  –  С.Аманжолов 

атындағы  Шығыс  Қазақстан  мем-

лекеттік университетінің қылмыстық 

құқық жəне қылмыстық үдеріс кафед-

расының  меңгерушісі,  заң  ғылым-

дарының докторы, Шығыс Қазақ стан 

облысы  бойынша  азаптауға  қарсы 

ұлттық  сақтандыру  тетігіне  қаты су-

шылар тобының жетекшісі.

Алмалы  аудандық  №1  округтік  сайлау  комиссиясы 

қалалық мəслихаттың депутаттығына нұротандық үміткер, 

белгілі ғалым Рахман Алшановтың үміткерлік құжаттарын 

қабылдады.



 Индустрия игілігі 

Жаѕа нарыќќа 

жол ашады



Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Д.Шерімқұлов  қоғамдық 

ұйым  лайықты  азаматтар-

дан  жасақталғанын  айта  келіп: 

«Оңтүстік Қазақстан облысы бой-

ынша 1074 сайлау учаскесі болса, 

соның  барлығына  байқаушылар 

белгіленіп,  олардың  бəрі  оқу-

тəжірибеден  өтеді.  Мақсат  – 

Парламент  Мəжілісінің  жəне 

жергілікті  мəслихаттар  депу-

таттарын  сайлау  жұмысының 

елімізде  бекітілген  заң  аясында 

өтуін қадағалау. Сондай-ақ, қалың 

көпшіліктің өз еркімен таңдауына 

мүмкіндік беру, сайлаудың жоғары 

деңгейде  ашық  жəне  əділ  өтуін 

қамтамасыз ету», – деді ол.

Өңірлік орталықта құрамы төрт 

адамнан тұратын штаб құрылды. 

Штабтың басты міндеті – кезең-

кезеңімен  брифингтер,  семинар-

тренингтер,  нұсқаулық  жиындар 

өткізіп,  байқаушылардың  функ-

ционалды  міндеттерін  түсіндіру. 

Саяси партиялардың штабтарын-

да  болып,  олардың  сайлауалды 

дайындықтарын байқау, сайлауды 

жоғары  деңгейде  өткізу  жөнінде 

пікір алмасу.

Ал  А.Кəттебеков  сайлауға 

түсуге  ниетті  1279  үміткердің 

193-і  облыстық  мəслихатқа, 

294-і  қалалық,  792-сі  аудандық 

мəслихатқа талаптанып отырғанын 

айтты. Оның ішінде «Нұр Отан» 

партиясынан – 313, «Ауыл» пар-

тиясынан  –  22,  «Ақ  жол»  пар-

тиясынан  –  8,  «Бірлік»  партия-

сынан  1  үміткер  бар  екен.  935 

азамат өзін өзі ұсыныпты. Құдай 

қаласа,  депутаттық  мандатқа  ие 

болсам  деп  екі  алақанын  ысып 

отырғандардың  ішінде  93  нəзік 

жандылар бар.

Сайлауды  байқау  жөніндегі 

республикалық  қоғамдық  ко-

миссияның өңірлік басшысы До-

сыбай  Айтбайұлы  сайлау  нау-

қанындағы  кез  келген  даулы 

мəселе  заң  аясында  шешілетінін 

кесіп айтты.



Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ґѕірлік штаб жўмысын бастады



Орталық  коммуникациялар  қызметінде  Сайлауды 

байқау  жөніндегі  республикалық  қоғамдық  комиссияның 

өңірлік  орталығы  құрылғаны  бойынша  брифинг  өтті. 

Жиынға қоғамдық комиссияның өңірлік басшысы Досыбай 

Шерімқұлов пен облыстық сайлау комиссиясының мүшесі 

Алтынбек  Кəттебеков  қатысып,  тəуелсіз  өңірлік  орталық 

қызметіне байланысты жоспарларымен бөлісті.

18 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

6



 Көкейкесті



– Төлеміс Садықұлы, бүгінде 

ел кəсіпкерлері мемлекет тара-

пынан  жүйелі  қамқорлықты 

сезіне бастады. Əсіресе, қазіргі-

дей қысылтаяң тұста отандық 

биз неске  айтарлықтай  көңіл 

бөлініп  жатқаны  қуантарлық 

жайт. Осы ретте Ұлттық кəсіп-

керлер  палатасының  бизнесті 

сервистік  қолдау  жүйесі  тура-

лы  оқырмандарымызды  ке-

ңінен  хабардар  етсек  дейміз. 

Кəсіпкерлікті  қолдауға  бағыт-

талған  бұл  шара  бизнес  өкіл-

дерінің барлығына жаппай көр-

сетіле ме, əлде іріктеу бола ма? 

Əрі оның нақты қандай көмек 

екен дігін білсек.

–  Рас,  бүгінгідей  аумалы-

төк пелі  тұста  бизнес  өкілдеріне 

кəсіпкерлікпен  айналысу  оңайға 

тимейтіні  анық.  Десек  те,  дəл 

осындай күрделі уақытта өз кəсібін 

бастауға  бел  буып  жатқандар  аз 

емес.  Айта  кету  керек,  бизнесті 

сервистік қолдау шағын жəне орта 

бизнес өкілдеріне көрсетіледі. Ал 

құрамында  мамандандырылған 

кəсіби кеңесшілері көп ірі компа-

ниялар  мұндай  қызметке  зəру 

емес.  2015  жылдан  бері  Ұлттық 

кəсіпкерлер палатасы Үкімет қау-

лысы мен негізгі тапсырыс беруші 

– Ұлттық  экономика министрлігі 

арасындағы келісімшартқа сəйкес 

«Бизнес ті  қолдаудың  жол  карта-

сы-2020»  бағдарламасы  аясын-

да  кəсіпкерлікті  қаржылай  емес 

қолдау шарасын жүргізіп келеді. 

Өткен жылы біз бизнеске сервистік 

қолдау көрсету, ақпараттық кеңес 

беру, кəсіпке оқыту секілді негізгі 

үш бағыт бойынша кəсіпкерлерге 

қызмет көрсеттік. Қазір сервистік 

қолдаудың  инфрақұрылымы  то-

лықтай  қалыптасты  деуге  бо-

лады,  яғни,  еліміздің  əр  ай ма-

ғында  ұлттық  палата  мен  оның 

өңірлердегі  филиалдарының  ба-

засында  кəсіпкерлікті  қолдау 

орталықтары  ашылып,  тұрақты 

жұмыс  істей  бастады.  Бұл  орта-

лықтар бизнес өкілдерінің жұмы-

сын барынша жеңілдете түсті деу-

ге болады. 



– Аталған орталықтарда көр-

сетілетін қызмет түрлерін тара-

тып айтсаңыз.

–  Жоғарыда  айтқанымдай, 

негізінен  үш  бағыт  бойынша 

қызмет  көрсетіледі.  Олар  сан-

са лалы  мəселелерді  қамтиды. 

Мə селен,  консультациялық 

қыз  меттер:  бизнесті  құру  жəне 

жұмыс  істеп  тұрған  бизнесті 

тиімді  жүргізу,  қаржылық  жəне 

құқықтық,  сыртқы  нарықта  биз-

несті  жүргізу  бойынша  кеңестер 

беру.  Салық  саласы  бойынша 

кеңестер, оның ішінде, салық са-

лу  жүйесіндегі  жеңілдетілген 

салықтық  декларацияларды  да-

йындау.  Білім  саласындағы  қол-

дау  бағдарламалары  бойын ша 

жұмыс  істеп  тұрған  əрі  əлеуетті 

кəсіпкерлер үшін кəсіпкерлік қыз-

метті  жүзеге  асырудағы  негізгі 

функциялар мен бизнесті басқару 

бойынша арнайы курстар, тренинг-

тер, семинарлар жүргізу. Сондай-

ақ,  кəсіпкерлерді  шағын  жəне 

орта бизнеске арналған мемлекет-

тік  қолдау  бағдарламаларымен 

ақ па рат тандыру.  Қазір  аталған 

орталықтар  жанынан  «Бизнес-

мектептер»  ашылуда.  Онда  жас 

кəсіпкерлер  іскерлік  негіздерін 

оқып,  облыста  немесе  ауданда 

нақты бір жобаны жүзеге асыруға 

бағыт алуда. Осы тұрғыдан алғанда, 

кəсіпкерлерді қолдау орталықтары 

кəсіпкерлікпен айналысуға ниетті 

əрбір  азаматымызға  жан-жақты 

əрі сапалы қызмет көрсетуге əзір. 

–  Біздің  білуімізше,  бұрын 

бизнесті тіркеуден бастап, оған 

тиісті  рұқсаттама-құжаттар-

ды алу мəселесі, тағы да басқа 

əкім    шілік  кедергілер  көп  бо-

латын. Содан да болар, кейбір 

кə сіпкерлер арасында əлгіндей 

əурешіліктен тезірек құтылып, 

мəселені  жылдам  шешу  үшін 

тиісті адамдардың «қолын май-

лап»  қою  керек  деген  кереғар 

түсінік қалыптасқаны жасырын 

емес. Осы мəселе қалай шешімін 

тауып жатыр?

– Сұрағыңыз орынды. Ұлттық 

кəсіпкерлер  палатасы  бизнестің 

дамуын  тежейтін  əкімшілік 

кедер гілерді  мейлінше  азайту, 

алдын алу бағытында көптеген іс-

шаралардың ұйытқысы болып жүр. 

Бұл мəселелер заң жүзінде реттеліп 

те  жатыр.  Кəсіпкерлікті  қолдау 

орталықтарының негізгі мақсаты 

да  сондай  келеңсіздіктерді  бол-

дырмау. Яғни, əкімшілік органдар-

мен қатынасты барынша азайтып, 

олардың  тарапынан  орын  алуы 

мүмкін жемқорлық мəселесіне жол 

бермеу.  Сонымен  қатар,  қандай 

да  бір  түсінбестік  орын  алмас 

үшін  өзіміздің  кеңесшілердің 

жұмысын  да  үнемі  қадағалап 

отырамыз.  Кəсіпкерлер  арасын-

да  арнайы  сауалдама  жүргізіліп, 

орталықтың  қызметіне  көңілі 

тола ма, сын-ескертпелер немесе 

ұсы ныс-тілектері  бар  ма,  соның 

барлығын зерттеп, біліп отырамыз. 

Сондай-ақ,  əрбір  азамат  Ұлттық 

палатаның байланыс орталығына 

хабарласып,  өз  мəселесін  айта 

алады.  Яғни,  кəсіпкерлер  үшін 

жұ мыстың неғұрлым ыңғайлы əрі 

жылдам болуын назарда ұстаймыз. 

– Осы жұмыстың нəти же лері 

туралы не дер едіңіз?

– Мəселен, өткен жылы 30 мың 

кəсіпкерге 40 мыңға жуық қызмет 

көрсетілді. 212 мың кеңес берілді. 

Тіпті,  жоспарды  асыра  орын-

дап  отырмыз.  Мұның  барлығы 

тапсырыс  берушіге  əзірленетін 

құжаттармен  расталады.  Айта 

кету керек, бұл тек бір  бағыт бо-

йынша,  яғни  сервистік  қызмет 

көрсетудегі көрсеткішіміз. Басқа 

да ауыз толтырып айтарлықтай нə-

ти желеріміз баршылық, мысалы, 

бизнеске оқыту бойынша жеткен 

жетістіктер жетерлік. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет