7
9-тамыз 2014 жыл
Ò¼ëåáè òóû
«Отансүйгіштік – мемлекеттік рəміздерді
құрметтеуден басталады» дегенді əркім
əрқалай түсінсе керек. Құрметтеу демекші,
Қазақстан Республикасының Консти-
туциясында «Əркім Республиканың мем-
лекеттік рəміздерін құрметтеуге міндетті»
деп нақты айтылған. Меніңше, халыққа
əсіресе, жастарға, өскелең ұрпаққа
мемлекеттік рəміздерді құрметтеуді,
насихаттауды үйретуді олардың Ту,
Елтаңба, Əнұран туралы хабарлылығын
арттырудан бастау керек сияқты. Мəселен,
бүгінгі мектеп шəкірттерінің бəрі қазіргі
мемлекеттік Гимннің негізі ретінде таңдап
алынған, халықтың арасында кеңінен
танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық
əннің шығу тарихы жөнінде көпшілігі біле
бермейтін секілді. Ересек адамдардың өзі
бұл əннің шығу тарихынан, олардың
авторларынан хабарсыз болып жатса,
таңқалудың қажеті жоқ. Бұл – рəміздерді
насихаттау жұмыстарының əлі де өз
деңгейінде емес екенін байқатады.
Жерлестеріміз мемлекеттік рəміздер
туралы білмей жатса, Туды, Елтаңбаны,
Əнұранды қалай құрметтемекпіз? Жалпы,
халқымыз отансүйгіш болсын десек, қай-
қайсымыз да «Менің Қазақстаным»
туындысы жайында білуге міндеттіміз.
Осы əннің шығу тарихы 1954 жылы
Қазақстанның солтүстігіндегі 5 облыстың
біріктіріліп, тың өлкесінің құрылуына
байланысты. Сол кезде Қазақстанның тың
жерлерін игеруге қаншама ұлттар көшіріліп
əкелінді. Ел арасында «Солтүстік облыстар
Ресейге қосылып кетуі мүмкін» деген
сөздердің тарағаны жасырын емес. Осыған
қарсылық ретінде жазылған өлеңдегі
«Менің елім, менің елім» деген тіркестер
сол кездегі халқымыздың жүрегінен шыққан
сөз десек, қателеспейміз. Жас ұрпақтың
осы əнді алғаш рет кезінде танымал əнші
болған Жамал Омарова апамыздың
орындағанын білгені жөн. Əн шыққаннан
кейін 5 жыл өткен соң, яғни 1959 жылы
радиодан беріле бастады. Осы əннің
арқалаған тарихи жүгі ауыр десем, артық
айтпаған болармын. Олай дейтінім,
«Кезінде əн тепкінің астында қалды» деп
жазады аға буын əріптестерім. Қазақ ССР
Компартиясының идеология бөлімінен
əннің сөзін өзгертуге арнайы бұйрық
беріліп, мəтіні өзгеріске ұшыраған екен. Бұл
əн турасында «Радионың əуе толқынында
күніне 5 – 6 рет шырқалып, осылайша
Қазақстанның түкпір-түкпіріне тараған əн
тұншықтырылған ұлттық рухымызға қар-
лығаштың қанатымен су сепкендей
болды», дейді Кеңес заманының куəсі
болған бір əріптесім. Тарихқа үңілер
болсақ, бүгінде Əнұранымызға айналған
«Менің Қазақстаным» дүниеге келіп,
тарала бастағаннан кейін Қазақ ми-
нистрлер кеңесінің төрағасы болған, ұлтын
шексіз сүйген азамат Жұмабек Тəшенов
осы қызметінен кетірілсе, дарынды
композитор, жерлесіміз, қазақты жанындай
жақсы көрген Қалдаяқов Шəмші атамыз сол
кездің үкіметі тарапынан қудаланған,
творчествосының дамуына, шығар-
машылық табыстарға қол жеткізуіне
кедергілер көп болған. Десе де, уақыт өте
əн өміршеңдігін дəлелдеді. Мен ол кезде
кішкентай бала болсам да, яғни 1986
жылдың 17 желтоқсанында, тарихшы-
лардың тілімен айтсам, тоталитарлық
қызыл империяның режиміне қарсылық
білдіріп, Алматының орталық алаңына
шыққан қазақ жастарына «Менің Қа-
зақстаным» əнінің дем бергені есімде
қалып қойды. Кейін, дəлірек айтсам, 2006
жылдың 11 қаңтарында болып өткен
Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан Республи-
касының Президенті лауазымына ресми
кірісу рəсімі, яғни мемлекетіміз үшін келіп
жеткен ХХІ ғасырдағы алғашқы ұлықтау да
менің жадымда мəңгіге сақталып қалатын
оқиғаға айналды. Себебі, бұл рəсімнің
барысында алғаш рет Қазақстанның жаңа
Гимнінің, «Менің Қазақстаным» əнінің жаңа
нұсқасының ресми орындалуы болды. Осы
дыбыстық рəмізіміздің соавторы --
Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлының «Ме-
нің Қазақстаным» əні мəтініндегі сөздерді
«Ерліктің дастаны, еліме қарашы! Ежелден
ер деген, даңқымыз шықты ғой. Намысын
бермеген... Ұрпаққа жол ашқан, кең байтақ
жерім бар. Бірлігі жарасқан, тəуелсіз елім
бар. Мəңгілік...» деген сөздермен алмас-
тыруы аталған əнге мемлекеттік Əнұран
жоғары мəртебесін берді, анағұрлым
салтанатты шырқалуын қамтамасыз етті.
«Алтын күн аспаны,
Алтын дəн даласы...» Қазақтың кең
даласы, жайқалған егіні көз алдыңа
елестейді. Осындай жеріңді қалай ғана
сүймессің!
«Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным!»
Т.АХМЕТОВ.
Суретті түсірген автор.
Аудандық мəслихаттың депутаты,
Көксəйектегі №9 колледждің дирек-
торы Сыдық Кенжалыұлы Мəмбет-
құловты талай жылдан бері білемін. Көпшілік бас қосқан
алқалы жиындарда ғана
емес, кейде жұмыс бабы-
мен кездесіп, əңгіме-дүкен
құратынымыз да бар.
Жақында ғана Сыдық Кен-
жалыұлымен кездесіп қал-
дық. Өткен-кеткенді еске
алып отырғанымызда өзі-
нің орда бұзар 30-ды да,
қамал алар 40-ты да, ердің
жасы 50-ді де артта
қалдырып, ата жасы 60-қа
келіп қалғанын айтып
қалды. Есімі ауылына ғана
емес, бүкіл төлебиліктерге
танымал, ауданның қо-
ғамдық өміріне белсене
араласып жүрген аза-
маттың 60 белді артта
қалдырғанын естіген соң,
өткен өмір жолы жөнінде
өзінен сыр тартып көрдім.
Сыдық Кенжалыұлы осы-
дан 60 жыл бұрын Көксəйек
ауылында тамыздың 10-шы
жұлдызында жарық дүние есігін ашыпты. Ауылдағы қазіргі
Төлеби атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, осы
білім ұясын бітірді. Аттестат алған соң бірден еңбекке
араласты. Сейфуллин атындағы колхоздың қойын
бағатын, Сайрамсу өзенінің бас жағын, бұрынғы өздерінің
атақонысын жайлайтын аға шопан Шымкентбай көкесінің
көмекшісі болып шыға келді. Мал қыстату, төл алу
науқанының бел ортасында жүріп, адал да ауыр еңбектің
дəмін татты. Келер жылы бір отар қойды жайлауға
шығарғанда Шымкентбай көкесімен қоштасып, арман
арқалап, білім жолын қуып, Алматы қаласына аттанып
кетті. Осылайша, 1972 жылы Алматыдағы Қазақ
мемлекеттік дене тəрбиесі институтына құжат тапсырды.
Жолы болып, емтихандардан сүрінбей өтіп, студент
атанды. Қызыққа толы, қимас студенттік жылдар да сырғып
өте шықты. Жас маманға жолдама өз облысымыздың
Қызылқұм ауданына (қазіргі Отырар) берілді. Осы
ауданның орталығы -- Шəуілдірдегі Жамбыл атындағы
орта мектепте 2 жыл ұстаздық етті. Елге бір табан болса
да жақындайын деген оймен Қызылқұммен қол бұлғасып,
Шымкент қаласындағы Николаев атындағы №33 орта
мектепке мұғалім болды. Үш айдан кейін əскер қатарына
шақырылып, азаматтық борышын Владивосток қаласында
өтеді. Елге оралған соң, еңбек жолын Шымшаһардағы
Чехов атындағы №21 орта мектепте жалғастырды. Білім
қуып, астанаға аттанғаннан кейін осылайша араға біраз
жылдар салып, туған ауылына 1981 жылы оралды.
Көксəйектегі №67 кəсіптік-техникалық училищеге мұғалім
болып орналасты. Бұл кездері өмірдің ащысы мен
тұщысын татып, мамандығына төселіп, білімін жетілдіре
түсіп, əбден шыңдалған, тепсе, темір үзетін шағы еді. Он
жыл бойы осы кəсіптік білім беретін оқу орнында мұғалім,
7 жыл директордың орынбасары қызметін
абыроймен атқарып, соңғы 17 жыл бойы осы
мекеменің директоры болып, осы ұжымға
басшылық жасап келеді. Бұрынғы кəсіптік-
техникалық училище кейін кəсіптік-техникалық
мектеп, соңғы жылдары №9 колледж аталды.
Сəкеңнің өмірі, еңбек жолы жайлы қысқаша
осылайша баяндай салуға да болар еді.
Дегенмен, осы өткен мезгілдің бəрінің өзіндік
қиыншылығы да, қызығы да көп. Кəсіптік білім
беретін оқу орнына басшылық жасай жүріп,
Көксəйек ауылдық округінің ғана емес, ауданның
қоғамдық өміріне белсене араласты. Абыройлы,
қашан да көптің қамын ойлап жүретін азаматқа
ауылдастары үлкен сенім артып, аудандық
мəслихаттың депутаты етіп сайлады. Сыдық
Кенжалыұлы №4 сайлау округінен қатарынан үш
рет аудандық мəслихаттың депутаты болып
сайланды. Сəкеңнің сайлаушыларының сенімін,
үмітін ақтап жүргенін осыдан-ақ аңғаруға болады.
Ол сөздің емес, істің адамы. Осы уақытқа дейін
кейбіреулер сияқты ешкімге құрғақ уəде беріп, жалтарған
кезі болған емес. Сəкеңді халық қалаулысы ретінде өзі
басқарып отырған білім беру мекемесінің, сайлау-
шыларының, Көксəйек ауылдық округінің ғана емес,
ауданымыздың бүгіні мен болашағы қатты толғандырады.
Мəслихат сессияларында ғана емес, көпшілік бас қосқан
жиналыстарда балалар мен жасөспірімдердің тəрбиесі,
жастардың бос уақытын тиімді өткізуі, оларды еңбекпен
қамту, жоғары, орта кəсіптік оқу орындарын бітіріп келген
дипломды жас мамандарды өз мамандықтары бойынша
жұмысқа орналастыру жөнінде жиі мəселе көтереді.
Қолынан келгенше жəрдемін береді.
Жас маман демекші, өзі басшылық жасайтын колледжде
барлығы 150 адам еңбек етеді, 534 студент білім алады.
Олардың сапалы білім алып, өздері таңдаған
мамандықтың нағыз иесі болулары үшін барша жағдай
жасалуда. Студенттер бос уақыттарын қызықты өткізіп,
спорттық жарыстарға, мəдени шараларға белсене
қатысады. Колледждің ұстаздары да, студенттері де
облыста жыл сайын өтетін байқауларда көш бастап жүргені
ондағы бар шаруаның жолға қойылғандығын байқатса
керек. Осының бəрі Сəкеңнің ұйымдастыру, көпшілікпен тіл
табысу, іскерлік қабілетінің қандай дəрежеде екендігін
аңғартады.
Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
деп, жиі айтылатын аталы сөз бар. Сəкеңнің əкесі --
Кенжалы қария Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбексүйгіш
жан еді. Кезінде Сейфуллин атындағы колхозда ферма
меңгерушісі болды, өзге де жауапты қызметтер атқарды.
Анасы Мəрəш та колхоз жұмысынан шет қалған емес.
Мəрəш ана 6 құрсақ көтерді. Бір перзенті мектепке барар
жасқа келгенде қайтыс болып кетті. Үлкені -- Қаншайым
апамыз бүгіндері Алматы
қаласында тұрады. Одан
кейінгісі біздің кейіпкеріміз --
Сыдық. Күлайшасы Шым-
кенттегі медициналық академияда ұстаздық етеді.
Биология ғылымдарының кандидаты. Сəдуақасы мен
Салханы өз ауданымызда қызмет атқарып жүр.
Сəкең зайыбы Гүлмира екеуі бір қыз, 3 ұл өсірді.
Перизаты мен Берігі жоғары оқу орнын бітіріп, қызметке
араласып кетсе, Ахметі студент. Болашақ заңгер. Кенже
ұлы -- Бибарысты 57 жасқа келгенде сүйді. Ол
балабақшаға барып жүр. Өзі де, тілі де тəтті.
Сыдық Кенжалыұлы «Нұр Отан» партиясының ау-
дандағы фракциясының жетекшісі. Партияның ХІ жəне ХІІ
съездеріне жəне республика мұғалімдерінің ІІ съезіне
делегат болып қатысты. Оның көп жылдар бойы елге
сіңірген еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Төлеби ауданының
Құрметті азаматы атанды. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Алғыс хатын алды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. Еліміздің
Білім жəне ғылым министрлігінің Мақтау грамотасымен,
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының,
облыстық мəслихаттың, облыс, аудан əкімдерінің Алғыс
хаттарымен, сондай-ақ, “Астананың 10 жылдығы” жəне
“Сауап” медальдарымен марапатталды. Мұндай
марапаттауларды тізіп, одан əрі жалғастыра беруге
болады.
Сəкеңнің депутат ретінде атқарған қызметі жөнінде ауыз
толтырып айтарлықтай əңгіме көп. Сайлаушыларына
қашан да есігі ашық. Өзі де ауылдастарының арасында жиі
болып, əңгімелесіп, пікірлесіп, хал-жағдайларын біліп
тұрады. Ол болмашы мəселенің өзіне ұсақ-түйек деп
қарамайды. Кез-келген проблеманың оңды шешімін
табуына барынша күш салады. Тіпті, кейде отбасында
қиыншылыққа тап болып, қысқа жібі күрмеуге келмей
жатқандар да депутаттың есігін қағады. Олардың бəрінің
де көңілдері көтеріліп, жүздері нұрланып шығады.
Аудандағы спорт жарыстарына, мəдени-көпшілік шаралар
өткізуге де демеушілік жасап жүр. Мұндай мысалдарды
көптеп келтіруге болады. Көптің қамын ойлап жүретін
азаматты ел əр қырынан танып жүр.
Уақыт деген неткен жүйрік! Тұлпар мезгілдің жалына
жармасып жүріп, əр күніміздің қалай өткенін байқамай да
қаламыз. Төлеби ауданының елге елеулі, халыққа қалаулы
азаматтарының бірі -- Сыдық Кенжалыұлы Мəмбетқұлов
та соңына 60 белді қалдырды. Бүгіндері сол алпысыңызды
қариялыққа қимай, «Алпыс—талтүс» дейтін болып алдық.
Меніңше, тап солай. Олай болса, алда біздің Сəкең асатын
талай асулар, алатын қамалдар бар. Арамызда Сəкең
сияқты əкенің ғана емес, халықтың ұлы болған атпал
азаматтарымыз көп болса екен дейміз.
О.СҮТТІБАЕВ.
Көксəйек ауылдық округі.
ˆ…]!=…U= =L…=ëU=… T…
Àëïûñ áåë àðò°à °àëäûðûï...
•
Мерей
•
Отансүйгіштік мемлекеттік рəміздерді құрметтеуден басталады
Жàðàìñûç äåï òàáûëñûí
Àñ°à øà°ûðóëàð
9-тамыз 2014 жыл
Ò¼ëåáè òóû
8
Телефондар: Бас редактор 6-20-14,
факс (725-47) 6-20-14, бас редактордың
орынбасары 6-19-52, секретариат 6-19-99,
бөлімдер: қоғамдық-саяси өмір, мəдениет,
тұрмыс жəне хаттар, аграрлық, тілшілер,
бухгалтерия 6-19-52,
белгісі қойылған мақалаларға
жарияланым ақысы төленген.
Газеттің осы нөміріне жауапты
кезекші Орынбасар СҮТТІБАЕВ.
Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,
«АР - принт» ЖШС-нің баспаханасында басылды.
Баспахананың мекен-жайы:
Шымкент қаласы, Тəшенов көшесі, №24 үй.
Газетке жазылу индексі 66744
Таралымы 4998 Тапсырыс №
Р
ЖШС директоры —
бас редактор
РАХМАНҚҰЛОВ
Əбдімəлік
Түймебекұлы
Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан
Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй.
Ãàçåò ¥àçà°ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Ì´äåíèåò æәíå à°ïàðàò ìèíèñòðëiãiíäå 2013 æûëμû 20 ìàóñûìäà òiðêåëiï, ¹13693-à êó´ëiãi áåðiëãåí.
Ãàçåò ñåíái ê¾íi øûμàäû. Ðåäàêöèÿ ìàòåðèàëäàðäàμû ôàêòiëåðäiº ä½ðûñòûμûíà àâòîð æàóàïòû åêåíií åñêåðòåäi.
Æàðíàìàëàð ìåí õàáàðëàíäûðóëàðäûº ìàçì½íû ¾øií ðåäàêöèÿ æàóàï áåðìåéäi.
Меншік иесі: «Төлеби туы kz» аудандық қоғамдық-саяси
газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Көксəйектегі №9 колледж ұжымы осы колледждің өндірістік оқыту
шебері Абдикаримова Нұрсұлуға енесі
КҮЛƏШТІҢ
қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.
Абай атындағы орта мектеп ұжымы осы мектеп мұғалімі Алишева
Ақсəулеге қайынатасы
ҚҰТТЫБАЙДЫҢ
қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.
Аудан мектептерінің кітапханашылары Нысанбек орта мектебінің
кітапханашысы Таштанова Батпаға енесі
КҮЛДАРДЫҢ
қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.
Жеткеров Онгарбек Шырынбекулының меншігіндегі
“Volkswagen Jetta” маркалы автокөліктің 319 ЕLA13
мемлекеттік тіркеу номері (артқы) жоғалуына байланысты
жарамсыз деп табылсын.
* * *
Зулупбеков Канат Маратовичтің меншігіндегі, Жаңажол
ауылындағы №7 үйдің техникалық төлқұжаты жоғалуына
байланысты жарамсыз деп табылсын.
* * *
Онгарова Зəуре Талғатқызына 2010 жылы Ш.Уəлиханов
атындағы №2 орта мектеп берген 9 сыныпты бітіргені
туралы №0133081 куəлік жоғалуына байланысты жарамсыз
деп табылсын.
* * *
Мирхадиев Рахматулла Нишамбаевичке 2012 жылы 18
қазанда берілген ХХ сериялы №239813 жүргізуші куəлігі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.
* * *
Тастанбекова Зульфия Багдатхановнаға 1992 жылы
М.Əуезов атындағы орта мектеп берген А сериялы
№613451 аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп
табылсын.
* * *
Серикбаева Малика Келесовнаға 2003 жылы Абай
атындағы орта мектеп берген ОБ сериялы №0828160
аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.
* * *
Каратаева Бибайшаның атына берілген 2007 жылғы 28
ақпандағы Төлеби ауданы жариялық комиссиясының №440
шешімі жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.
Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» биыл
11 жыл толуына байланысты, Леңгердегі халыққа қызмет
көрсету орталығында (ЦОН) осы банк өкілі бір ай бойы
«Ашық есіктер» іс-шарасын өткізетінін хабарлаймыз.
Азаматтарды қабылдау 9.00-ден -- 13.00-ге дейін.
Байланыс телефондары: 87018437348, 87056934121
(Сапаргүл).
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің»
Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы.
Қолыма қалам алып, редакцияға хат жазуымның өз
мақсаты бар. Алғысымды білдірген бұл хатымда ана
құрсағында жатқан кезінде-ақ тағдыр тəлкегіне түскен
балалар мен олардың күйзелуінен жүздерін əжім торлаған
аналардың бір күндік қуанышы туралы сөз етемін.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді
халқымыз. Жаздың жадыраған, мамыражай күнінде «Нұр
Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалы төрағасы-
ның орынбасары Қуанышбек Қансейітов, осы филиалда
істейтін Ажар Қойманова, аудандық білім бөлімінің бас
маманы Ұлжалғас Тастанова сияқты жүздері жайдары аза-
маттардың ұйымдастыруымен бір топ жарымжан балалар
мен олардың ата-аналары табиғат аясына саяхат жасап,
демалып қайтты. Балалар бұрын да бірін-бірі көріп жүрген,
көзтаныс болып қалған. Сондықтан оларды таныстырудың
қажеті болмады. Шараны ұйымдастырушылардың жарқын
жүздерін көріп, жылы сөздерін естіп, мейірімділігін сезініп
риза болдым. Демалысымыз Сайрамсу шатқалында өтті.
Табиғаты сұлу, ауасы таза осы жерде демалатынымызды
балаларымыз алдын ала естігенде қатты қуанды.
Олардың қуанышында шек болмады. Көңілді уақыт өткізу,
шаттыққа толы жүздер, еркін ойын ойнау, кең дала,
барлығы-барлығы дəрі ектіруден, ішуден зəрезап болған
балаларды бір серпілтіп тастағаны анық. Ата-аналардың
өзі біраз уақытқа күйкі тірлікті ұмытып, еркін əңгіме құрып,
алаңсыз демалып, сергіп қайтты. Жайылған мол
дастархан, дəмді тағамдар демалысты естен кетпестей
ете түсті. Балаларды зеріктірмеуге тырысқан ұстаздар
түрлі ойындар ойнатып, оған үлкен-кішіні түгел
қатыстырды. Осы ретте əлеуметтік педагогтар Жадыра
Сейітова, Райса Кененбаева, Күлімхан Тұрақбаева,
Эльвира Молдабаевалардың есімдерін атап өту керек. Би,
əн жарысына қатысқан, жұмбақтар шешкен, ойын ойнаған
балаларымыз уақыттың қалай өткенін де байқамай қалды.
Демалыс барысында бұл шараның «Кедергісіз
болашақ» атты бағдарлама аясында ұйымдастырылғанын
білдік.
Қайтар жолда Ұлжалғас апай балаларға балмұздақ, тəтті
сусындар алып беріп, қуантты. Балалар сыйлыққа ойын-
шықтар алды.
Перзенттерімізге қуаныш сыйлаған аталмыш азамат-
тарға ата-аналық алғысымды білдіремін.
М.МҰХАМЕДИЯРОВА,
ата-ана.
Àëµûñ àéòàìûí
Сұлтанрабат ауылының тұрғы-
ны, асқар таудай əкеміз Тілемісов
Жаңбырбай Əлсейітұлының бұл
пəниден өткеніне де бір жылдың
жүзі болып қалыпты. Марқұмды
сағынышпен еске ала отырып,
барлық ағайын-туысты, құда-жек-
жаттарды, онымен сыйлас, дас-
тархандас болған барша қауымды
13 тамызда (қонақасы 12 тамыз-
да) Сұлтанрабат ауылы, Гулистан
көшесі, №18 үйде, өз шаңыра-
ғында, сағат 13.00-де берілетін жылдық асына шақы-
рамыз.
Жарқын үнің құлақта,
Жүргендейсің жырақта.
Қысқа болды-ау, ғұмырың,
Орның болсын жұмақта.
Шақырушылар: ТІЛЕМІСОВТЕР əулеті.
Ақ жаулықты анамыз, жаны-
мыздан кетсе де, жадымыздан
өшпеген ардақтымыз Төребекова
Анапия Тортайқызының дүниеден
озғанына бір жыл болды. Қашанда
көпшіл, шаңырағымыздың шат-
тығы, ынтымағымыздың ұйытқысы
бола білген анамызды сағыныш-
пен еске аламыз. Оның рухына
бағышталатын жылдық асы 15
тамызда (қонақасы 14 тамызда),
Киелітас ауылы, Əліқұлов көше-
сіндегі өз шаңырағында, сағат 12.00-де беріледі.
Барлық ағайын-туыс, құда-жекжаттарды, онымен
сыйлас болған барша қауымды құран ішінде болуға
шақырамыз.
Шақырушылар: ұл-қыздары.
Елдің елеулі, халықтың қалаулы
ұлы атанып, ауданның ғана емес,
облыстың қоғамдық өміріне бел-
сене араласып, көпшілікке белгілі
азаматтардың бірі болған, Кереге-
тас ауылының тумасы Қапалбай
Құдайқұлұлы Тұрдыбековтің өмір-
ден озғанына да бір жылдың жүзі
болып қалыпты. Шаңырақтың
тірегі, перзенттерінің асқар таудай
əкесі, бауырларының, туған-туыс-
тың қамқоршысы, жора-жолдас-
тарының адал досы, қиналғанды қолтығынан демеп,
іскер басшы бола білген ардақты жанды қимастықпен
еске ала отырып, барлық ағайын-туыстарды, құда-
жекжаттарды, əкемізбен сыйлас, қызметтес болған
барша қауымды 2014 жылдың 17 тамызында (қонақ-
асы 16 тамызда, сағат 19.00-де, Шымкент қаласы
Қаратөбе тас жолы көшесіндегі өз шаңырағында.
Номерсіз үй) Шымкент қаласындағы «Евразия» мей-
рамханасында, сағат 13.00-де берілетін жылдық асына
шақырамыз.
Сағыныш отын маздатып жүректерде,
Апыр-ай, Сіз кеткелі жыл өткен бе?
Топырағың торқа боп туған жерде,
Жұмақта болсын орның мəңгілікке.
Шақырушылар: ТҰРДЫБЕКОВТЕР əулеті.
Баспанаға қол жеткізгіңіз келсе...
ʼðiïêåë, õàëû° åìøiñi
Тамыр ұстау арқылы ауруды анықтаймын. Бел, бас,
аяқ, ішкі ағза ауруларын, маскүнемдіктен емдеймін.
Дуадан, тіл-көзден арылтамын. Жолын ашамын. Басқа
да ауруды емдеймін. Болашақты болжаймын. Лицен-
зиям, сертификаттарым бар.
Мекен-жайым: Төлеби көшесі, №53 үй (Автобекет
жақтағы «Сыбаға» ломбарды ғимаратында, бірінші
қабат. «Айсель» медорталығына қарсы).
Байланыс телефондарым: 8-778-188-10-81;
8-777-393-31-55.
¥½òòû°òàéìûç!
Көксəйек ауылындағы №9
колледждің директоры Мəм-
бетқұлов Сыдық Кенжалы-
ұлына:
Қымбатты да құрметті
Сыдық ағай! Өзіңіз басқарып
отырған колледж ұжымы
Сізді асқаралы 60 жасқа
толуыңызбен құттықтай оты-
рып, ұзақ та бақытты ғұмыр
тілейді. Жүрекжарды лебізі-
мізді мына жыр шумақтары
арқылы білдіреміз.
Алпыс жас құтты болсын, асқаралы,
Күтеді талай биік алдан əлі.
Немере-шөберелер қызығына,
Көңіліңіз марқайып, малданады.
Кеше ғана елудегі ер едіңіз,
Жана берсін еленіп, еңбегіңіз.
Ақ жүректен ақтарған тілегіміз,
Шаттық пенен бақытқа кенеліңіз.
Игі тілекпен, №9 колледж ұжымы.
¥½òòû°òàéìûç!
Бақытжан Қожалыұлы Қожалы
атына берілген бір папка құжат
(қара портфельге салынған) жоғалды. Тауып,
қайтарғандарға сүйіншім бар.
Телефондарым: 8-701-308-26-86; үй: 5-15-90.
Ѿéiíøiì áàð
Ленгер қаласының тұрғыны,
асқар таудай əкеміз Дəурен
Əбдімəлікұлы
Рахманқұлов
орда бұзар отыз жасқа толып
отыр. Ол мемлекеттік Қ.А.Яс-
сауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университетін 2006
жылы қаржы жəне несие --
экономист, 2011 жылы Шым-
кент университетін құқықтану
бакалавры мамандығы бо-
йынша бітіріп, 2007 жылдан
бері аудандық салық бас-
қармасында халқымызға қызмет етуде. Қазір осы
басқармада бөлім басшысы болып істейтін Дəуренді
бүкіл əулет атынан қуанышымен құттықтап, мықты
денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен шаттық тілейміз.
Алдағы арман, мақсаттарына жете беруіне тілектестік
білдіре отырып, мына жыр шумағын арнаймыз.
Қуанышты күндер алда жалғасып,
Әрқашанда топтан озып, алға шық.
Өссін дəйім ұрпағыңмен көңілің,
Жүз жастан да ассын дейміз өмірің.
Игі тілекпен, əкесі мен анасы,
жұбайы атынан ұлы Нұрсұлтан.