№32 (8211) Сенбі, 9-тамыз 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата21.01.2017
өлшемі1,21 Mb.
#2388
1   2   3   4

5

Ò¼ëåáè òóû

Бүгінгі таңда тəрбие жөнінде баспасөз

беттерінде жиі-жиі айтылуда. Бұл

тақырыпқа теледидар бағдарлама-

ларында да аз əңгіме қозғалып жүрген

жоқ. Сол айтылған өзекжарды ойлардың

бəрінің түп төркіні отбасындағы бала

тəрбиесіне келіп тіреледі. Кейбіреулер

отбасындағы əкенің алар орны бұрынғыға

қарағанда анадан аласарып бара

жатқандығына қапаланады. Бұл

пікірге біреулері келіссе, енді

біреулер қарсылық білдіріп жүр.

Дегенмен, мен көпшілік арасынан

мына бір сөзді жиі естимін. Мүмкін

сіздердің де құлақтарыңызға

шалынған болар. Бұрын ана-

ларымыз балалық жасап қойсақ,

«Осыдан əкең келсін, не деп жауап

берер екенсің» дейтін. Əкеміз  бізге дауыс

көтеріп айқайламаса да осы сөзден кейін

əкеміздің алдында айыпты болып қалдық

па деп, ол жұмыстан оралғанша

қорқатынбыз. Оның көзқарасынан, бізге

назар салғандағы қабағынан қаймы-

ғатынбыз. Анамыз да əкемізді пір тұтып,

сыйлайтын, құрметтейтін. Ал қазір ше?

Қазір кейбір əйелдер күйеуін бала-

ларының алдында ғана емес, жақын

туыстың, көпшіліктің ортасында тілдеп,

қыр көрсетіп, тіпті кейбіреулерінің

аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатады.

Анасы көз алдарында отағасын адам

санатына қоспай, осылайша тілдеп жатса,

балалар əкелерінен  қалайша қаймықсын.

Ал енді біреулер: «Бұған əйел емес,

еркектің өзі кінəлі. Қазақ «Əйелді бастан,

баланы жастан» деп бекер айтпаған.

Еркек əйелге өзін алғаш бас қосқаннан

бастап сыйлата білуі керек. Жұмсақтық

танытпағаны жөн. Егер танытсаң, бəрі

бітті...» деп айтады. Ал баз біреулер

«Еркектер мұндай санасы төмен, шайпау

мінезді əйелдеріне отбасындағы ба-

лалары үшін, оларды тірі жетім етпейін,

ел арасында «ажырасып кетіпті» деген

сөзге қалмайын деп қана шыдайды. Ал

шыдай алмағандары ат ізін суытып кетіп

жатады» деп өзінше ой білдіреді.

Мұндай пікірлерді одан əрі жалғастыра

беруге əбден болады. Ертеректе, қай

заманда екенін кім білсін, бабаларымыз

«Алтын басты əйелден бақа басты еркек

артық»  дегенін бүгінгі ұрпақтар да ұмыта

қоймаса керек. Бұл сөздің де астарында

терең сыр жатыр. «Жақсы əйел жаман

еркектің басын төрге сүйрейді, жаман

əйел жақсы еркектің басын көрге

сүйрейді» деген халық даналығы бекер

айтылмаған.

Жалпы ата-бабаларымыз қадым за-

маннан қыз сыйлауды, ананы ардақтауды

бірінші кезекке қойған. Өздеріне жасалған

құрметке лайық аналарымыз, əпке,

қарындастарымыз  əкесіне,  іні-ағаларына

еркелей де, сыйлай да білген.

Адалдықтан, туралықтан, ибалылықтан

таймаған. Ерлігімен барша əлемді бүгінге

дейін қайран қалдырып келген  Тұмар

(Томирис) ханшайым, ақыл мен

парасаттың миуалы бағы болған Домалақ

(Нүрила) анамыз...  Осылайша тізе бер-

сек, əр заманда халқымыздың осындай

ұлы арулары көп болған. Бірақ, олардың

бəрі өздерінің ұлылығын сезінсе де

шаңырақтың иесі барын, ол «бақа басты»

болса да, қадір тұтуды ешқашан

ұмытпаған. Шетелдің əйгілі кино-

режиссерларының бірі жақында ғана

теледидарда берген сұхбатында сонау

сақ пен ғұндардың, жалпы көне түркі

дəуірін зерттеп, мол мəліметтер жинап

жүргенін, мақсаты -- Тұмар ханшайым

туралы көркем фильм түсірмек екенін

айтты. Ол Тұмар ханшайым туралы

бұрын да кино түсірілгенін, бірақ ол

көңілінен шықпағанын айтты. Көрдіңіз бе,

біздің өткеніміз жатжұрттықтарды бұрын

да қатты қызықтырған, бүгіндері

тарихымызды түгендеп, шежіремізді

шегендей түскенде жиірек назарын

аударып келеді.

Жалпы, ата мен ананың отбасындағы

орны, бала тəрбиесі жөнінде айтар

болсақ, шығыс халықтары арасында

жапондықтардың біздің қазақ халқымен

көп ұқсастықтары бары, тіпті кейбір

сөздері бір мазмұндас екендігін кейіннен

байқап жүрміз. Бұл  соңғы жылдары қазақ

жəне жапон  ғалымдарының да назарын

аудара бастады. Бір таңқаларлығы,  біз

кемінде жеті атаға дейін қыз алыспайтын

болсақ, жапондарыңыз тіпті отыз атаға

дейін бір бірімен құдандалы болмайды

екен. Жапондықтардың бүгінгі таңда озық

ойлылығымен, ғылым мен техникадағы

жетістігімен əлем жұртшылығын таң-

қалдыруының бір сыры осында жатса

керек. Шикізат көзі тапшы, жер көлемі де

айтарлықтай емес, үлкен аралдағы

халықтың  өрлеу жолы да біз үлгі

аларлықтай емес пе?! Олардың ынтасы

мен жігерін, ықыласын, еңбексүйгіштігін

өз бойымыздан бүгіндері таба алмай

жүргеніміз өкінішті. Ал шикізат көзінің

байлығы жағынан біз əлемдегі қандай ел

екенімізді өздеріңіз де білесіздер.

Осыдан-ақ  басқа елдерді айтпағанда екі

мемлекет арасындағы ерекшелікті

өздеріңіз-ақ таразылай беріңіздер. Екі

халық арасында дəстүрлік ұқсастықтар да

табылады. Дегенмен, жапондықтарыңыз

бізге қарағанда тереңірек ойлайды,

ертеңгі қамын бүгіннен жейді. Бұл елде біз

сияқты көп ұлт емес, негізінен бір тілде

ғана сөйлейтін жапондықтар мекен етсе

де, балалары жоғары сыныпқа барғанша

ана тілінде ғана білім мен тəрбие алады

екен. Ал жоғары сыныпқа барғанда бала

қай шет елдің тілін білгісі келеді, ол өз

еркінде. Білгісі келмесе, қазакеңдей қинау

жоқ.  Ал біз болсақ, кейбір қазақтың өзін

ана тілімізде сөйлете алмай жүріп,

сəбиміз дүниеге келісімен оған басқа

тілде шүлдірлеп, балабақшадан, бірінші

сыныптан бастап ағылшын тілін

үйреткіміз келеді. 

Мен биыл бірінші сыныпты бітірген

немеремнің сабағына қатысып көрдім.

Оларға ағылшын тілін, ол сабақты өту

тəсілін əлі  меңгермеген жас ұстаз дəріс

береді екен. Бүкіл бір сыныптың

оқушылары арасынан бұл тілді санасына

сіңіре бастаған бір оқушыны байқай

алмадым. Араларында бірер шəкіртінің

ағылшынша онға дейін санай алуының өзі

үлкен жетістіктей көрінді. Немеремнің

əжесі ағылшын тілінің маманы. Бұл тілде

тəп-тəуір сөйлейді. Кейде əжесі не-

меремді ағылшын тілінен үй тапсыр-

масын орындатамын, үйретемін деп миын

ашытып жатады. Осының бəрін көріп

отырып, немереме жаным ашып кетеді.

Осындай сəтте отырамын да, өзіме өзім

қапа боламын. Ең алдымен ана тілімізді

жарытпай жатып, өзге тілді қалайша

меңгермекпіз. Мұның соңы не болады,

деп тағы да өзіме сауал қоямын, оған

миымды ашытып жауап іздеймін.

Аталарымыз «Жеті тілді білген ер жеті

жұрттың қамын жер» деп баяғыда көп тіл

білудің мəні зор екенін айтып кеткен. Бізге

көп тілді білудің берері көп екенін жақсы

түсінеміз. Бірақ баламыз ең алдымен, ана

тілін меңгеріп, ес тоқтатып алсын да,

сосын шамасы келгендері, санасы

жеткендері жеті тілді ғана емес, жетпіс

тілді біле берсін, оларға қой демейік. 

Ата мен ана сəби өмірге келгеннен

бастап өз перзентіне ең алдымен, өзі үлгі

бола білуі керек. Олай болмайынша

саналы тəрбие, терең білім беремін

дегеніңіздің бəрі бос сөз. Жоғарыда

мысал ретінде жапондықтарды өзімізбен

салыстырып, аздап əңгіме айттық. Мейлі,

оларға ұқсамай-ақ қоялық. Бізге сонау

ата-бабаларымыздан қалыптасып, ұр-

пақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан

ұлттық тəрбиеміздің өзі үлкен мектеп.

Кейбіріміз сол мектептің есігін ашқымыз

келмей жүргені өкінішті. Бірде хал-

қымыздың ұлы перзенті, ақылдың,

парасаттың кені Абай атамыз сөз

арасында əкесі Құнанбайдың бір əрекеті

жөнінде көңілі толмай, өз ойын білдірген

көрінеді. Сонда Құнанбай қажы ұлы

Абайға: «Балам, мен сені ақылы өзімнен

асқан перзент етіп тəрбиеледім, ал сен

енді өзіңнен  де дана болатын ұл-қыз

тəрбиелеп өсір. Сосын барып маған ақыл

қосарсың» депті. Абай атамыз əкесіне

қарсы дау айта алмай, жерге қарап, терең

ойға батыпты. Əке мен бала арасындағы

осы аз əңгіменің өзі ұққан жанға өмірлік

сабақ, тəрбие емес пе.

Отбасындағы ата мен ананың алар

орны жөнінде, олардың бала тəрбиесіне

ықпалы туралы көп сөз қозғауға болады.

Бұл əңгімені созыңқырай бермей,

түйіндер болсақ, бұрындары аталарымыз

«Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон

пішер», «Не ексең, соны орасың», «Ұяда

не көрсе, ұшқанда соны іледі»... десек,

бүгінгі ұрпақ та əке мен шешеден не

көрсе, соны жасап, жүзеге асырып жүрген

жоқ па?! Əрине, өмірде тап осылай

екендігіне келісетін боларсыздар. Менің

алғаш еңбекке араласып жүргенде сөзіміз

жарасып, кейін отбасымызбен араласып

кеткен бір жолдасым бар еді. Бірер жыл

бұрын сырқаттанып, марқұм болып кетті.

Бірнеше ұл-қызы бар. Бүгіндері бəрі де

азамат болып, шаңырақ көтеріп, бір-бір

отбасының иесі болып кетті. Бірде

балалары бізді қонаққа шақырды.

Ұлдарының біреуінен басқасы ішімдік

деген нəрсені татып алмайды, темекі де

тартпайды. Бəрі де тəрбиелі. Отырыста

əлгі татып алатын ұлы жаныма келіп:

«Аға, балаларының ішінде əкеме мен

ғана тартқанмын, байқадыңыз ба, менен

басқа біреуі ішімдік ішпейді» дегені бар.

Əкесі артық сілтеңкіреп жібермесе де,

бəріміздің басымыз қосылғанда ептеп

татаны бар еді. Оның сөзіне күлдім де

қойдым. Басқа не дейін. Мұндай оқиғалар

күнделікті өмірімізде болып жатады. Бірақ,

бір ауыз сөздің өзінен ой түйіп, оған мəн

бере бермейміз.

Кейбіреулер «əкесіз өскен ұлдың

басқалардан тəрбиесі бөлек

екендігі байқалып қалады» деп

жүр. Бəлкім, солай да болар.

Шындығына келгенде мен білетін,

əкесіз, тек ана тəрбиесін көрген көп

ұлдардан оғаш мінез көрген

емеспін. Тек байқағаным, олар

анасына жақындау болатыны,

оның айтқанын екі етпейтінін сезіп

жүрмін.

«Келін енесінің топырағынан...» деп



айтқан да қазақ атамыз. Бұрындары мен

бұл сөзге онша сене бермейтінмін.

Осыдан оншақты жыл бұрын бала-

шағамды алып үлкен əпкемнің үйіне

барғанмын. Ол кісі алысырақта тұрады.

Көптен бері көріспегендіктен əпке

шаңырағында қона жатып, мауқым

бастық. Бауырларын көргенде əпкем

қатты қуанғанын айтып жеткізе ал-

маймын. Ол кезде бақилық болмаған

жездеміздің де шаттығында шек жоқ.

Жаздың күні болатын. Тау баурайындағы

ауылдың кешкі салқын ауасында бау

ішіне төсек салдырып жатқанмын. Таң

бозарып атып келе жатқанда əпкемнің

даусынан оянып кеттім. Сиырын сауып,

отбасының тірлігімен əуреленіп жүрген

келініне əпкем даусын көтеріңкіреп

айқайлап жүр. Əр сөзі, тіпті дауыс ырғағы

өз енесінен аумайды-ау, аумайды. Бала

кезімде əпкемнің шаңырағына қыдырып

келгенімде таңалагеуімде əпкеме енесінің

тап осылай дауыс көтергенін естігенмін.

Не дегенмен бірге туған бауыр ғой, сол

кезде əпкемді аяп, жанымды қоярға жер

таппағанмын. Енесін жек көргенмін. Өзім

куə болған осы  оқиғаны сол кезде марқұм

анама айтып келгенмін. «Апа, қызың

енесінің аумаған өзі болыпты та қалыпты

ғой, келінін аяп кеттім» дегенмін. «Иə,

білемін, енесінің өзі болды, ғой» деген сол

кезде апам. Көрдіңіз бе, күнделікті өмірге

байыпты назар аударып жатсақ, өткеніңіз

де бүгіндері кейбір шаңырақта осылайша

қайталана береді екен.

Өмірде əр отбасының өз қуанышы, өз

шаттығы, өз қайғысы бар. Сол əр

отбасыңыз өз алдына жеке мемлекет

екендігін де жиі айтамыз. Оның ішкі

өміріне сіздің де, біздің де араласуымызға

құқымыз жоқ. «Біреудің малын біреу

ысқырып жүріп бағады» демекші, мал

ғана емес, тіпті тəрбиеміздің жөні бөлек

епес пе. Бірақ, сол қазақтың əрбір

шаңырағында əке мен ана өз орнын

бұрынғы ата-бабаларымыздай сезініп,

ұрпағына өнеге бере берсе екен дейміз

де. Бұл бұрынғының бəрін аңсау емес,

жақсымызды жанымызға жалау етейік

дегендік. Қазақтың барша отбасындағы

сыйластық пен  татулық, сүйіспеншілік,

мейірімділік бір шаңырақтың ғана емес,

барша ағайынның, елдің шаттығы мен

байлығы. Отанымыздың тұтастығы, берік

болуы да əрбір отбасыға байланысты.

Осының бəрін сіз де, біз де шындап, ет

жүрегімізбен елжіреп ұғынатын кезіміз

жеткен сияқты.



О.ҮСІПБАЙҰЛЫ.

¦ÊÅ -- îòáàñûíûº òiðåãi,

ÀÍÀ -- á¾ëêiëäåï ñî°°àí æ¾ðåãi

● Аудан мұғалімдерінің тамыз кеңесі қарсаңында

(Соңы. Басы 1-бетте).

Үй жануарларының адамдарды жарақаттауы өткен

жылдың осы кезге дейінгі мерзімімен салыстырғанда

азайған.


Энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында кенеге

қарсы көктемгі өңдеу жұмыстары кестеге сəйкес

мерзімінде орындалды. Жыл басынан бері 89 адамды кене

шаққан. 


Компьютер дерекқорына бірдейлендіру мəліметін енгізу

жұмыстары Киелітас, Қасқасу, Қаратөбе, Бірінші Мамыр,

тағы басқа ауылдық округтерге баяу жүргізілуде. Мал

қозғалысын есепке алу Кемеқалған, Қасқасу, Бірінші

Мамыр ауылдық округтерінде орындалмауда.

Аудандық жұмыспен қамту орталығына жыл басынан

бері 629 азамат өтініш білдіріп, олармен əлеуметтік келісім-

шарт түзілген. Олардың 193-і өзін өзі жұмыспен қамтыған.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасына

қатысуға азаматтарды тарту жұмыстары Қоғалы, Зертас,

Жоғарғы Ақсу, Кемеқалған, Тасарық ауылдық округтерінде

өз деңгейінде жүргізілмей отыр. Бағдарламаның бірінші

бағыты аясында аудан бойынша 17 жобаны жүзеге асыру

жоспарланып, бұл мақсатқа 649,1 миллион теңге қаралған.

Бүгінге дейін бұл қаржының 215,3 миллионы игерілген.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында ауылдарда

кəсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында биылғы жылы

несие алу үшін 120 азаматқа жолдама берілген. Қазіргі

таңда 43 азамат жалпы сомасы 120,7 миллион теңге несие

алып, 55 жаңа жұмыс орындары ашылған. Азаматтарды

шағын несиелендіру жұмыстары Жоғарғы Ақсу, Қоғалы,

Қасқасу, несиелендіру арқылы жаңа жұмыс орындарын

ашу Зертас, Жоғарғы Ақсу, Қаратөбе, Қасқасу, Қоғалы

ауылдық округтерінде өз деңгейінде атқарылмай отыр.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында азаматтарды

тұрақты жұмыспен қамту Зертас, Кемеқалған, Қоғалы

ауылдық округтерінде өз деңгейінде емес. Жыл басынан

Алатау, Қасқасу, Қоғалы жəне Тасарық ауылдық

округтерінде азаматтар жаңа жұмыс орындарына мүлдем

жолданбаған.

Бағдарламаға қатысуға тартылып, жұмысқа орна-

ласқандардың міндетті зейнетақы жарналарының төленуі

Алатау, Аққұм, Бірінші Мамыр, Жоғарғы Ақсу, Киелітас,

Көксəйек, Қаратөбе, Қоғалы, Тасарық ауылдық округ-

терінде төмен деңгейде.

Қайта даярлауға 80, біліктілігін арттыруға 5 азамат

жолданып, олар оқуын аяқтап, тұрақты жұмысқа

орналасқан.

Бүгінге дейін 30 жас маман 20 мекемеге жастар

практикасынан өтуге жолданған. Олардың 7-і тұрақты

жұмыспен қамтылған. 

Мүмкіндігі шектеулі 25 азамат бағдарлама арқылы

жұмысқа орналастырылды.   

Лездемені қорытындылаған аудан басшысы кемшілік-

терді жойып, жұмысты ширатуды талап етті.

«Төлеби-ақпарат».

● 

Аудандық əкімдікте

 ÂϯiÎiÍÚÂ

‡Á ÂÏÂÒ


9-тамыз  2014 жыл

Ò¼ëåáè òóû



6

Өткенсіз бүгін болмайды. Бүгінгі

ұрпақтың міндеті өзінің алдындағы ата-

бабаларының ұйытқылыққа баулыған

үлгісін жаңғыртып, атақты тұлғалардың

өнегесінен үйреніп отырса ұтылмайды.

Əсіресе, қазақтың келешегіне кемел-

дікпен қызмет еткен

билер мен батыр-

ларды, жұртының

жоқшысы болған

ақыл иелерін танып-

білуден алар тағы-

лым аз емес. Сондай

асыл туған арыс-

тарымыздың бірі, ба-

тыр десең батыр, би

десең би, мəмілегер

десең мəмілегер Пұ-

сырман Қонысбай-

ұлы еді.

Жалпы, батырлық

қазақтың қанына сің-

ген қасиет. Оны хал-

қымыздың өткен ға-

сырдағы алыптары-

ның бірі, бірі емес-ау

бірегейі Бауыржан

Момышұлының: «Ерлік бізге табиғаттың

берген сыйы емес. Ол ұзақ жылдар

бойғы отансүйгіштік пен тəрбиенің

жемісі», деген аталы сөзі соны дəйектеп

тұрғандай.

Мақалаға арқау етіп отырған Пұсырман

Қонысбайұлы – Хантəңірінің баурайынан

қанаттанған асылдың тұяғы. Арғы ата-

бабаларынан бастап елдік іске, қазақтың

бүтіндігіне қызмет еткендер. Пұсырман

кім дегенге жауап беру үшін тарихи

деректерге жүгінуді жөн көрдік. Қазақ

топырағы талай шапқыншылықты бастан

өткерген, қиян-кескі ұрыстар аз болмаған.

Соған бабаларымыз жұдырықтай жұмы-

лып, бірлесіп қарсылық көрсеткен. Киелі

топырағына көзін алартқандарды

бастырмау үшін, жасанып жауға аттанып

отырған. Соның бірі – осы Пұсырман.

Заманындағы Жоңғар шапқыншылығы

кімді атқа қондырмады дейсіз. Осы

алапат айқастан кейін қазақтың ақылды

арыстары шығыстағы көрші ел Цин

мемлекетімен дипломатиялық қарым-

қатынасқа ұмтылады. 1758 жылы

Райымбек батырдың атасы Ханкелді

батыр бас болып атақты Төле бидің ұлы

Жоланмен (Жəулен) бірге Пұсырман

Қытай еліне барған. Патшасымен мəміле

жүргізіп, шекараға қатысты мəселелерді

талқылаған. Осы деректің жалаң емес

екенін нақты мысалмен алға тартуды жөн

көріп отырмыз.

Көрші мемлекеттегі ғалымдар жазып,

1987 жылы жарыққа шыққан, ал 1993

жылы Қазақстанда басылған «Қазақтың

көне тарихы» деген кітаптың 302-ші

бетінде Қытай жұртымен болған

мəмілегерлік туралы төмендегі дерек

сөзімізге мысал бола алады. «1758 жылы

қарашада Төле бидің баласы Жəулен

жəне Ханкелдінің інісі Пұсырман елші

болып астанаға барып, Чианлұң патшаға

жолықты. Чианлұң патша оларға

Пəншанда арнаулы қонақасы берді, Уаң

Нəниуан оларды ертіп жүріп, гүлшырақ

тамашасын тамашалатты,» делінеді

деректе. Осыған қосып айтар тағы бір

мəселе мынау: Жолан мен Пұсырман

бабаларымыздың Қытаймен жүргізген

мəмілегерлігін бейнелеген сурет 250

жылға таяу уақыттан кейін қолға тиді.

Бұл Президент Нұрсұлтан Назар-

баевтың «Мəдени мұра» бағдарламасы

аясында жүзеге асқанын айтуға тиістіміз.

Ол сурет таяу жылдары Астанаға

жеткізіліп, ашылу салтанаты жоғары

дəрежеде өтті. Аталмыш жəдігер жайлы

да аз-кем мəлімет бере кеткен жөн деп

ойлаймын. Сурет «Қазақтардың Цин

патшасына арғымақ сыйлауы» деп

аталады. Авторы итальяндық суретші

Джузеппе Кастильони. Бұл рухани

құндылық ХVІІІ ғасырдың екінші

жартысында салынған. Түпнұсқасы

Париж қаласындағы «Шығыс өнері

мұражайында» сақтаулы тұр екен. Ол

жаққа қалай барған деген сұрақ туа

қалса, берер жауабымыз: 1860 жылы

Бейжіңге британ мен француз біріккен

армиясы басып кіргенде олжалап кеткен

көрінеді.

Ал құнды дүниенің фотокөшірмесін

қазақ топырағына əкелген профессор

Меруерт Əбусейітова болса, тарихын

салыстыра зерттеп, 1758 жылы Жоңғар

хандығы талқандалғаннан кейін Цин

императорына елшілікке барған Жолан

Төлеұлы бастаған Пұсырман би мен

Меңнияз қожа екенін анықтаған про-

фессор Сейітқали Мəдуанов. Фото-

көшірмені жасаған суретші Асейн

Жұмабеков, ал жоба жетекшісі айтулы

өнер шебері Ерболат Төлепбай. Сол

секілді, ұлттық тарихқа қосылған дүниені

елге жеткізіп, игілікке жарату ісін

ұйымдастырған азамат Қазақстанның

еңбек сіңірген қайраткері Мүсілімбай

Дайырбеков екенін де айта кетуіміз

керек.


Бұл күндері Пұсырман ұрпақтары ол

туралы деректерді жоғарыдағыдай

дүниелерден ғана жинақтап жүр. Оған

тағы бір дəйекті қоса кетуді парыз

санаймыз. Қазақтың көрнекті жазушысы,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Қабдеш Жұмаділов ағамыз өзінің екі

томнан тұратын «Дарабоз» романында

Жолан мен Пұсырман туралы жазған.

Дилогияның «Аттаныс» тарауында:

«Төле сөзінің соңын Қабанбайға арнады:

Естіп жатырмыз… Қазақтың өзінен гөрі

«ұзын құлағы» бұрын жүреді. Найзаның

ұшын қай тарапқа қаратамыз дегенде

араларында əжептəуір дау болған

көрінеді… Сол кезде, ауған түйені

басқандай ханның да, қарашаның да

назарын Қаратауға қарай бұрған өзің

болыпсың, Дарабозым. Не айтайын,

Құдай бағыңды асырып, мəртебеңді

көтере берсін!

Алғашқы қауышу сəтінде Қабанбай да

іштей толқып, қатты тебіреніп тұрған-ды.

– О не дегеніңіз, Төке?! Түркістанда ту

тігіп Төле биден бата алмаған жорықтың

сəні болушы ма еді? Сіздің бір ауыз

сəлеміңіз аттың басын осылай бұруға

мəжбүр етті. Тек қазақ жері жаудан толық

тазарып, жеңісті өзіңізбен бірге тойлауға

Алла нəсіп етсін! – деген ұлы биді қайта

құшақтап.

– Айтқаның келсін! Құдай бəрімізді сол

күнге жеткізсін! – деді Төле де топқа тіл

қатып.


Осыдан үш жыл бұрын Сарысуда өткен

хан кеңесінен кейін Төле биді көріп

тұрғаны осы ғой, соңғы жылдар тауқыметі

жеңіл тимеген болар, қайран қарт

шөгіңкіреп кетіпті. Оңай ма, Төленің

Жолан деген баласы Ойрат ордасында

аманатта жүр. Қайта соның бəрін елемей

ереуіл бастап жүргені нағыз ерлік

десейші.»

«Албан Ханкелді батыр мұнымен

қарайлас, ұзаса 3 -- 4 жас қана үлкен

сияқты. Қазір сақал-шашы ұнға малып

алғандай, қатты ағарып, қартайып кетіпті.

Қабанбаймен қайта-қайта құшақтасып,

шұрқырасып табысқандардың бірі сол

болды.


Айтып отырса, албан ауылдарының

көрмегені жоқ. Ханкелдінің інісі Пұсырман

да Ойрат ордасында аманатта жүрген

көрінеді. Мына бүліктен кейін олардың

тағдыры не болары белгісіз. Қазір

көңіліне медеу тұтары аламан əскер

ойынына қатысып жүрген, жасы

жиырмаға жаңа ілінген немересі бар

екен. Ханкелді бір əредікте немересі

Райымбекті ертіп əкеліп Қабанбайға

сəлем бергізді» дейді. Осы үзінді де

тарихи ақиқаттан хабар беріп тұрғаны

анық.

Қазақта тектілік, тектінің ұрпағы деген



сөз бар. Пұсырманның арғы жағындағы

аталарынан бастап, күні кеше жұрт

аузынан түспеген Жақыпберді мерген

мен 23 жасында өмірден өткен, əйтсе де,

артына өлең-жырдан өшпес мұра

қалдырған Əуезхан Белгібайұлына

дейінгі Пұсырман əулеті шетінен халық-

шылдығымен танылған азаматтар. Оған

жоғарыда айтқан Əуезхан ақынның

«…Қайтпайтын алған беттен, айтқан

серттен, Байсейіт, Қонысбай мен

Пұсырман бай. Бəрі де қамал бұзып,

батыр өткен» деген сөз мысал бола

алады.


Пұсырман қырғыз, қазаққа ерте

танылған арыстардың бірі екен. Жасы

келгенде ел ағасы атаныпты. Оны кейде

Мұсылманбай деп те атаған. Себебін,

көнекөздер іштен сүндеттеліп туғанымен

түсіндіреді. Дəулетіне келетін болсақ, 3

мың жылқы бітіпті. Жасы 90-ға таяғанда

абыз атанып, алыс-жақыннан адамдар

келіп, бата алатын болыпты. Кіндігінен

əкеге тартқан тоғыз ұл туыпты.

«Отаршыл орысқа ойы бағынбаған,

Ұлыққа жылы сөзбен жағынбаған,

Тазабек, Тезек деген əкелерім, Алдында

ажалдың да жалындаған» деп Əуезхан

ақын жырлағандай, солардың ішінде

Тазабек атты ұлы батырлығымен

танылып, əлі күнге дейін аты жаңғырып

жұрт аузында жүр. Ол туралы жазылған

дүниелер де аз емес. Қазақ өлеңінің

Құлагері Ілияс Жансүгіров те қалам

тербеген. Тазабектің бел баласы

Сұлтанбектен тарайтын Жақыпберді

батыр туралы ақиқат əңгімелер жұрт

ішінде мол. Мұхтар Əуезов «Қилы заман»

кітабында «бөріден қалған бөлтірік, ел

бүлдіргіш бұзық» атанған, қара халықтың

қамы үшін небір батырлық пен

батылдыққа барған есіл ерді Жансейіт

деген атпен бейнелейді.

«Сексен жасап сегіз сөз қалдырмаған,

Ондайлардың тағдырын берме маған»,

деп Мұқағали Мақатаев айтқандай,

артына өлшеусіз үлгі қалдырған Пұсыр-

манның өзінен бастап, тарау-тарау

ұрпақтарының ақиқат тірлік тынысы

бөлекше. Сондай ортасынан озық

жаратылған жандарды іші тарлар қалай

шақыра қойсын? Оның ұрпақтарына көз

алартқандар əр кезде аз болмапты. Оған

бір мысал келтірер болсақ, өткен

ғасырдың 20 -- 30-шы жылдары бір күнде

оққа байланған 24 адамның 17-сі

Пұсырман кіндігінен тарағандар болып-

ты. Оның үлкені Жақыпберді 47 жаста

болса, ең кішісі Тұрсынбай 17 жаста екен.

Бұл атадан тарағандардың арасында

сөз ұстаған Əуезхан туралы алда айттық.

Ол ақын ғана емес, əнші, сауыққой сері

жігіт атаныпты. «Бір кезде Торайғырды

сілкінтуші ед, Қулықтың кезеңінде салған

əнім» деп, артынан: «Айтысып Таң-

жарықтай жайсаңме-

нен, Жаңғыртып тау

даланы əн салып

ем» дейді. Ал баба-

сы Пұсырман жайлы

толғауында: «Айт-

паймын жілігі арзан

татымасты, Қайы-

рымсыз көрдік талай

қатыбасты. Құдай-

ау, қай қылығым жақ-

пай қалды, Арамнан

көрмеп едім татып

асты. Тегімде бір

тексіздік болған

емес, Жасағам кіл

жақсымен қатынас-

ты. Алған жан

перзент сүйген ақ

батасын, Арғы атам

Пұсырмандай дара

басты. Жасында сексен жеті жау түсіріп,

Дұшпанның дүрілдеген даңқын басты,

Бабамыз «ордалы ойдың ойыны» деп,

Талайға үйретіпті шатырашты. Шаңқанай

ұлы əжемнің бауырлары, шетінен батыр

еді шапырашты», дейді.

Еліне ұйытқы, халқына қадірі артқан

Пұсырман Қонысбайұлының қазірше

туған жəне өлген жылдары туралы нақты

дерек қолда болмай тұр. Тек көрші елге

барған мəмілегерлігіне қатысты жылды

«Қазақтың көне тарихынан» келтірдік.

Сол бойынша зерделей зерттеп көрсек,

өз заманының озық туған тұлғасы жайлы

мəлімет нақтылануы мүмкін. Ал суретін

жоғарыда айтқан «Қазақтардың Цин

патшасына арғымақ сыйлауынан» туын-

датуға болады деген ойдамыз.

Егер Төле би бабамыздың ұлы

Жоланмен бірге көрші елде үлкен

мəмілегерлік жүргізіп, шекарамызды

шегендеуге осыдан 250 жыл бұрын

елшілік қызмет атқарған заман заң-

ғарының өмір жолын анықтап, бол-

мыс-бітімін нақтыласақ, Қазақ елінің тағы

бір айтулы тұлғасын тұғырына қондырар

едік. Ондай игілікті іс жүзеге асса

мерейіміз өсіп, мəртебеміз артар еді. Осы

жерде мына бір нақты мəліметтер туралы

да айта кетуді құп көріп отырмыз.

Атажұртты азат ету жолындағы жорық-

тардың бірі 1763 жылғы оқиғалар еді.

Содан бері де 250 жылдан аса уақыт

өтіпті. Сол кезеңдердің бел ортасында

жүрген Пұсырман бабамыздың өмір жолы

туралы терең ізденістер жасап, мұра-

ғаттарды зерттеп, елі мен жеріне сіңірген

еңбегін нақтылап, атын асқақтата алсақ,

баба алдындағы парызымыз өтелер.

Олай болып жатса, баба туған өңірде

алқалы жиындар өткізіп, ескерткіш

қойсақ, бұл кейінгі ұрпаққа үлгі болар.

Өткен асылдарымызды бүгінге ұштас-

тырып, келешекке жалғар едік. Бұл

ұрпақтар сабақтастығын жаңғыртуға

ерекше септігін тигізері де сөзсіз. Сөз

ұстаған ұрпағы Əуезхан: «Байсейіт өз

əкесі ер Қонысбай, Ел-жұрты аруағына

бас ұрғандай. Айбынды асқар таудай өр

тұлғасы, Мінезі жүрген жарап қарт

бурадай, Жүгіртіп қамшы саппен əрең

ашқан, Батырдың қанжығадай қасы

қандай!» деп суреттеген бейнесі сом-

далар еді. Біз осы мақаланы жазар кезде

«Қазақтың ханы – Абылай» атты екі том

кітапқа, «Тарих өткеліндегі Төле би»

деген жинаққа, Жəлел Айдарханұлының,

профессор Сейітқали Мəдуановтың

жазбалары мен «Қазақтың көне тарихы»

жəне өзге де еңбектерге жүгінгенімізді

айтуды парызымыз санаймыз.

Бақытжан МЕРГЕНБАЕВ,

өлкетанушы.

Астана. 

(«Егемен Қазақстан», 16 шілде 2014

жыл).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет