32 Еңбек шарты Ақтау қаласы " 03 " 12 2023жыл



бет5/8
Дата01.04.2023
өлшемі38,38 Kb.
#78173
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Меңдеш Әсемай Еңбек шарты үлгі

4.2. Жұмыскер:
4.2.1. еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
4.2.2. еңбек тәртібін сақтауға;
4.2.3. жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
4.2.4. жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
4.2.5. адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
4.2.6. еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
4.2.7. келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.

5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ
5.1. Жұмыскерге Жұмыс беруші бекіткен Еңбекке ақы төлеу туралы ережеге сәйкес, айына екі жүз мың _(_200 000__) теңге мөлшерінде жалақы төленеді.
5.2. Жалақы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші 10 (онкүндігінен) кешіктірілмей төленеді.
5.3.Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыс тоқтаған жағдайда Жұмыскерге тоқтап тұрған уақыт ақысы Жұмыскердің орташа жалақысының 50%-ы мөлшерінде төленеді.
5.4. Жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

6. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР
6.1. Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады. Еңбек кодексінің 127-бабының 2-тармағына сәйкес, іссапарларға жіберілетін Жұмыскерлерге өтемақы төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет