Рай категориясы. Қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категория - етістіктің рай категориясы. Етістіктің төрт райы бар, олар қимылдың шындық өмірді білдіру дәрежесін көрсетуі жағынан бірдей емес. Егер етістік білдіретін қимыл шындық өмірге қатысты болса, ол онда реалді қимыл мағынасындағы объективтік модалдылық, ал қимылдың шындық өмірге қатысы болмауы неғайбіл қимыллы білдіруі субъективті модальдылық делінеді. Осыған байланысты райлар «реальды қимылды білдіретін ашық рай және неғайбіл қимылды білдіретін бұйрық, қалау шартты райлар болып екі топқа бөлінеді.
38.Ашық рай және шақ категориясы, етістік шақтарының түрлері.
Реальді ашық рай (инфинитив) шындық өмірдегі реальді қимылды білдіреді, бірақ бұл мағынаны білдіруде қолданылатын арнайы көрсеткіші жоқ. Ашық райдың мағынасы мезгілмен байланысты болғандықтан, ол шақ көрсеткіштері арқылы беріледі. Ашық райдағы етістіктің шаққа, жаққа түрленуі оның өзіндік ерекшелігі болып табылады. Осы арада ашық рай мен шақ категориясының байланысы анықталады. Ашық райдағы етістіктердің жаққа, шаққа түрленуі оның өзіндік ерекшелігі болып табылады. Өйткені ашық райдағы қимылдың шақта қолданылуы арқылы қимыл –әрекеттің ақиқаттығы сөйлеуші тарапынан белгіленген шындық болатындықтан, ол объективті мағына болады. Ашық рай мен шақ қатегориясы көрсеткіштері, берілу жолдары жағынан өзара тығыз байланысты. Ашық райдың негізгі қасиеті, оның шақ көрсеткіштері арқылы берілуінде демек ашық рай деп қимылдың өткенде де, қазір және келешекте болу я болмауын білдіретін етістіктің таза грамматикалық категориясы.
Етістіктіңшақ категориясы. Шақ категориясы деп қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байла-нысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категорияларының бір түрін айтады. Қазіргі қазақ тілінде етістіктің шақ категориясының мағыналары қимылдың грамматикалық үштік парадигмасы арқылы беріледі. Олар морфологиялық белгісіне, шақтық мағынаның берілу түріне қарай өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үшке бөлінеді. Өткен шаққимылдың, іс-әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы. Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналық ерекшеліктеріне қарай іштей жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ қатыстық өткен шақ болып төрт түрге бөлінеді.
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды,-ді,-ты,-ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, одан кейін жіктік жалғауының қысқа түрі жалғану арқылы жасалады. Үшінші жақта жіктік жалғауы нөлдік жалғау арқылы беріледі. Жедел өткен шақтағы етістіктер үш морфемадан құралады, бірінші морфема түбір етістік екінші морфема жедел өткен шақтың жұрнағы, үщінші морфема жіктік жалғауы. Жедел өтаен шақ жұрнағы етістік қай жақта тұрса да, бәрінде өзгеріссіз қолданылады. Жедел өткен шақтың жұрнағынан бұрын етістіктің болымсыз түрін жасайтын –ма,-ме жұрнағы түбірге жалғануынан, етістіктің жедел өткен шағының болымсыз түрін жасалады.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда, әлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен а)–ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен; ә) етістікке көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрлері болымсыздық –ма, ме жұрнақтарының өткен шақ түрлерінің жұрнақтарынан бұрын түбір етістікке жалғану арқылы синтетикалық түрлері жасалады. Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі емес, жоқ көмекшілері арқылы да жасалады, бұлар аналитикалық болымсыз түріне жатады.
Бұрынғы өткен шақтың екі түрі де жіктік жалғауының толық түрімен жіктіктеледі. Айырма -ып,-іп,-п түрімен жасалған бұрынғы өткен шақтың барлық жағының қосымшасы болса, -ған,-ген түрімен жасалған түрінің 3-інші жағында жақ жалғауы болмайды, ол нөлдік форма арқылы беріледі
б) Ауыспалы өткен шақ. Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақтық, бірде келер шақтық мағынаны білдіреді. Ауыспалы өткен шақтағы етістік үш морфемадан құралады. Мысалы, жу+атын+мын, жу+атын-сың, жу-атын+сыз, жу+атын. Ауыспалы өткен шақтағы етістік үш морфемадан тұрады, жіктік жалғауының толық түрімен түрленеді, тек 3-інші жақ нөлдік көрсеткіш арқылы беріледі.
В) Қатыстық өткен шақ. Қатыстық өткен шақ мағынасында тұрған етістік қимылды кейін еске түсіру мәнін білдіреді. Қатысты өткен шақ негізінен аналитикалық форманттар арқылы жасалатын аналитикалық формалы етістіктер болып келеді. Өткен шақта болған қимылды еске түсіру үшін –п еді, -ған еді,-атын еді аналитикалық формантары қолданылады. Осы шақта болған қимылды кейін еске түсіруді –п отыр еді,-п тұр еді,-п жүр еді, - жатып еді,-уде еді форманттары білдіреді. Келер шақтағы қимылдың жасалуына бір кедергі барын –мақ еді, -мақшы еді, -ар еді,-тын еді форманттары білдіреді. Өткен шақтың қатыстық түріне жіктік жалғаудың қысқа түрі жалғанады.