32-сұрақ Түйсік дегеніміз


Түйсіктің физиологиялық негізі



бет2/5
Дата30.09.2024
өлшемі23,97 Kb.
#146148
1   2   3   4   5
Байланысты:
32-33-34 сұрак

Түйсіктің физиологиялық негізі - бұл сезім мүшелерінің күрделі қызметі. И.П.Павлов бұл әрекетті анализаторлық деп атады, ал тітіркендіргіштерді талдауды тікелей жүзеге асыратын, ең күрделі ұйымдастырылған және қабылдағыш аппараты болып табылатын жасушалар жүйелері анализаторлар.
Түйсіктер физиологиялық тұрғыдан келесі әрекет-қимылдарды бейнелейді:
•Заттар мен құбылыстардың негізгі сырттай белгілерін.
•Ішкі ағзалардың қалпын.
•Тітіркенуді қабылдаушы қызметін;
•Өткізуші орталыққа ұмтылған жүйке жолдарының қимылын;
•Талдағыштардың орталық ми қабығы бөліктеріндегі әрекетін.
Түйсіктің негізгі заңдылықтары:
1) сезгіштік табалдырықтары,
Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А.Р.Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланыстытосыннан болған әсерлерден туындайды. 
2) бейімделу,
Адаптация – сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс. 
3) өзара әсер (сенсибилизация),
Сенсибилизация – сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Яғни талдағыштардың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы. 
Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады.
4) қарама-қарсылық (контраст),
Синестезия – тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды.
Қосарланған түйсіктер. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса
түрлі дәмдер мен түстерді де сезеді
4) синестезия, бір ізді бейнелер
Синестезия – грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет