32-сұрақ Түйсік дегеніміз


Тәрбие процесінің кешенділігі - мазмұны, міндеттері, мақсаты,түрі, әдіс-тәсілдерінің бірлікте болуы



бет4/5
Дата30.09.2024
өлшемі23,97 Kb.
#146148
1   2   3   4   5
Байланысты:
32-33-34 сұрак

Тәрбие процесінің кешенділігі - мазмұны, міндеттері, мақсаты,түрі, әдіс-тәсілдерінің бірлікте болуы.
Тәрбие мазмұны — эр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі
Тәрбие мақсаты - жасөспірімдердіөмірге дайындау, олардың жеке тұлғалық даму және қалыптасу жолында жетістіктерге жету үшін жүргізілетін тәрбие жұмыстарыныңалдын ала анықталатын (болжамдалатын) нәтижелері. Негізгі мақсаты жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
• білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
• балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
• мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
• жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
• қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;; 
• отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру. 
34- сұрақ
Этнопедагогика педагогика ғылымының жүйесіне кіреді, өзіндік пәні бар және этнопедагогикалық құбылыстарды тануына қатысты әдістерді меңгерудің білімін қалыптастырады және оның педагогикалық іс-әрекеттік тәсілдерін зерттейді. Мұнымен бірге, этнопедагогика оқу пәні және білімалушыларды тәрбиелеудегі үлкендердің іс-әрекет түрлерін қамтиды (халықтық педагогика).
Жалпы этнопедагогика теориялық пайымдардың, халықтық педагогика тәжірибесін жүйелеуді, педагогикалық мәліметтердің жиыны және тәрбиелілік тәжірибе, дәстүрлердің ақиқатқа сыйымдылығы, салт, ырым, балалардың ойындары, халық өнерінің өнімдері секілді нысандарды зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет