Жауап: Шап өзегі, canalis inguialis-бұл тұқымдық шылбыр өтететін, funculis spermatcis, әйелдерде жатырдың жұмыр байламы lig/teres uteri өтетің арнайы өзек. Өлшемі шамамен 4-тен 5-ге смді құрайды.Адамның. Шап өзегінде 4 қабырға болады:
Алдыңғы қабырғасы: іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы m/obligua externa abdominis
Артқықабырғасы:көлденең фасция fascia transversum
Төменгіқабырғасы:шап байламы lig/ingunalis
Жоғарғы қабырғасы: іштің көлденен m/transversum abdomini, сонымен қатар іштің ішкі қиғаш m/obligua interna abdominis бұлшықеттердің астыңғы шеттері арқылы құралған.
Сақиналары:
Терең сақина annulus ingunalis profundus , fasci transvernalis құраған шап өзегінің артындағы қабырғасында орналасады, сақинаның шеттерінен тұқымдық шылбырдың деңгейіне созылып, ішкі үрық фасциясымен, fascia spermatic interna бірге қоршап тұратын қабықты түзеді. Сонымен қатар, шап өзегінің артындағы қабырғасы оның медиальды жағы апоневротикалық созылу m. Transversum abdomini-тен бөлініп, іштің тік бұлшықетінің жиегінен lig/ingunalis-қа дейін жетеді
Беткей шап өзегі сақинасы, anulus ingunalis superficialis іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневроз талшықтары 2 аяқшаға бөлінуінен пайда болады, олардың біріншісі crus laterale tuberculu pubicam — ға, ал екіншісі-crus mediale-жыныстық симфизге қосылады.
Латеральды шап өзегі шұңқыршасы, fossa inguialis laterale, plica umbicalis laterale-ның жаныңда орналасады, терең шап өзегі сақинасына бетпе-бет орналасқан;
Медиальды шап өзегі шұңқыршасы, fossa inguinais medial, plica umbicalis laterlis және plica umbicalis medial, екеуінің арасында орналасады және беткі шап өзегі сақинасына бетпе-бет орналасқан.
Бұл жерлерде латеральды шұңқыр арқылы латеральды грыжа, ал медиальды шұңқыр арқылы медиальды грыжа шығуы мұмкін.