33. Сүйек қосылыстарының


Иықтың бұлшықеттері мен фасциялары, қызметі. Кәріжілік нерв өзегі, шекаралары, құрамы. (уник-90,34)



бет34/45
Дата13.02.2023
өлшемі216,5 Kb.
#67397
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45

Иықтың бұлшықеттері мен фасциялары, қызметі. Кәріжілік нерв өзегі, шекаралары, құрамы. (уник-90,34)


Эмбрионалдық даму кезіндегі бастапқы классикалық қарапайым орналасуын сақтай отырып, иық буыны мен шынтақ буынын қозғалысқа келтіруші алдыңғы және артқы бұлшықеттерге ажыратылады.
Иық бұлшықеттерінің алдыңғы тобын мына бұлшықеттер құрайды.Әрқайсысына тоқталып кетсем:

  • Иықтың екі басты бұлшықеті - m. biceps brachii деп аталады.Оның басталатын жері - caput longum; tuberculum supraglenoidale scapulae; caput breveprocessus coracoideus scapulae, ал бекитін жері - tuberositas radii болып саналады.Оның атқаратын функциясы - иық пен білекті бүгу; білекті сыртқа айналдыру (шартты супинатор – Пирогов апоневрозы есебінен). Иық өрімі бұлшықеттерілік нервімен - n.musculocutaneus нервтендіріледі.

  • Құстұмсық-иық бұлшықеті - m. Сoracobrachialis деген атаумен аталады.Оның басталатын жері - processus coracoideus scapulae, ал бекитін жері - humerus (ортаңғы үштен біріне) болып табылады. Оның функциясы: иықты бүгу болып келеді. Бұлшықеттік-терілік нерв – n.musculocutaneus нервтендіріледі.

  • Иық бұлшықеті - m. Brachialis деп аталады. Оның басталатын жері - humerus (төменгі және ортаңғы үштен бірі), ал бекитін жері - tuberositas ulnae болып саналады.Функциясы : шынтақ буынында бүгу. Иық өрімі бұлшықеттік нервімен - n.musculo-cutaneus нервтендіріледі.

Иық бұлшықеттерінің артқы тобын құрайтын бұлшықеттерге тоқталатын болсам...

  • Иықтың үш басты бұлшықеті - m.triceps brachii деп аталады. Оның басталатын жері - caput longum – tuberculum infraglenoidale scapulae; caput laterale – humerus-тің артқы- латералді беті: caput mediale - humerus-тің артқы беті болса, бекитін жері – olecranon болып табылады.

Функциясы: шынтақ буынын жазу, ұзын басы – иық буынын жазу және тұлғаға әкелу. Ол кәріжіліктік нерві – n.radialis-пен нервтендіріледі.

  • Шынтақ бұлшықеті - m.anconeus деп аталады.Оның басталатын жері - epicondylus lateralis humeri болса, ал бекитін жері – olecranon болып келеді.

Атқаратын функциясы: шынтақ буынының жазылуын қамтамасыз ету. Ол кәріжіліктік нервпен нервтендіріледі.
Айтып өтетін ақпарат, кәрі жілік нерві өзегімен иықтың және білектің артқы топтың бұлшықеттері нервтендіріледі. Мысал келтірсем: Иық-кәріжілік бұлшықеті - m brachioradialis, жазғыш білезік-кәріжілік ұзын бұлшықеті - m. extensor carpi radialis longus, жазғыш білезік-кәріжілік қысқа бұлшықеті - m. extensor carpi radialis brevis сияқты бұлшықет топтары осы кәріжіліктік нервпен нервтендіріледі.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет