Біздегі білектің қызыметтері өте көп болып келеді,сондықтан ол динамикалық бұлшық еттен құралған.Оның орналасуына қарай:бүгуші және пронаторға,жазушы және супинаторға бөлеміз.Алдыңғы және артқы топ бұлшықеттері орналасуына байланысты бөлінеді,яғни олар беткей және тереңде орналасқан бұлшықеттер болып табылады.
Білектің алдыңғы топ бүгуші бұлшық еттерінің беткей тобына ең алдымен жұмыр пронатор бұлшық етті жатқызамыз.Латынша атауы m. pronator teres болып табылады.Бұл өзінің бастауын epicondylus medialis-тен алып,кәрі жіліктің ортасындағы бөлімнің алдыңғы бетіне бекиді.Оның негізгі қызыметінің бірі ол шынтақты бүгі және білегімізді ішке қарай бұру болып табылады.N.medianus арқылы нервтенеді.Одан кейін бізде бүккіш кәріжілік білектік бұлшық ет болып саналады.Оның латынша атауы m.flexor carpi radialis болып табылады. Бізде пронатордың ішкі бетінде орнласқан.Бастауын epicondylus medialis және білек фасцияларынан бастайды және төменгі бетке қарай бойлап келіп 2-алақан сүйегінің негізіне барып бекіп орналасады.Оның негізгі қызыметтерінің бірі ол қолымызды иіуге және кәрі жілікке қарай ауытқу қызыметін атқарады.Одан кейін бізде алақанның ұзын бұлшықеттерін жатқызамыз.Оның латынша атауы m.palmaris longus болып табылады.Өзінің бастауын epicondylus medialis және білек фасцияларынан алып төмен бағытта retinaculum flexorum-ның алдыңғы бетінен өтіп,алақанымыздың aponeurosis Palmaris-пен ұласып кетеді.Оның негізгі қызыметтерінің бірі апоневроздан өткендіктен соны керіп,қолды бүгу қызыметін орындайды.Және келесі бізде шынтақтың сүйегін бойлай орналасқан бүккіш білезік шынтақ бұлшықеті болып табылады.Оның латынша атауы m.flexor carpi ulinaris болып табылады.Ол өзінің бастауын epicondylus medialis тен және білектің фасциялық табақшасынан бастау алып,төменге қарай өтеді.Сол жерде сіңіршелерге барып бекиді.Оның негізгі қызыметтерінің бірі бұл қолды иіу және қол басын ішке қарай тарту болып табылады.Біздегі соңғысы саусақты бүккіш беткей бұлшықеттер болып саналады.Олардың латынша атауы m.flexor digitorum superficialis болып табылады.Осы жазылған барлық бұлшықет астына бекінген және бастауын кәрі жіліктің проксимальді бетінен бастайдыда қол басына барып бекінеді.Біздегі canalis carpalis арқылы алақанға өтіп кетеді.Негізгі қызыметтерінің бірі 2-5 саусақтардың бақайшықтарын иеді.
Білектің алдыңғы топ бұлшықеттерінің терең қабатын бас бармақты бүгетін ұзын бұлшықеттен бастаймыз. Оның латынша атауы бізде m.flexorpollicis longus болып табылады.Өзінің бастауын білегіміздің сүйек аралық жарғағынан бастау алады.Төмендеп келіп бізде ұзын немесе жіңішке сіңіршеге ұласып кетеді.Осы сіңірше білезіктен өткеннен кейін бас бармағымыздың бақайшасына барып орналасады.Оның негізгі қызыметтерінің бірі ол бізде саусақтарды иіуі болып саналады.Одан кейін орналасқан бізде саусағымызды
бүгетін терең бұлшықет болып саналады. Оның латынша атауы m.flexor digitorum profundus деп аталады.Шынтақ жілік сүйектен дистальді бағытта жүріп 4 сіңіршеге бөлініп кетеді.Оның қызыметі 2-5 саусақты бүгу болып саналады.Және бізде ең соңғы ол шаршы пронатор болып саналады. Оның латынша атауы m.pronator guadratus болып саналады.Себебі 4 бұрышқа ұқсас болып келген.Бастауын шынтақ жіліктен бастап кәрі жілікке латеральді өтіп барып бекиді. Оның негізгі қызыметтерінің бірі ол қол мен білекті ішке қарай бүгу болып саналады.
Артқы топ бұлшықеттерде алдыңғы топ бұлшықет секілді бөлінеді,яғни айтқанда беткейде жатқан және тереңде жатқан болып саналады.Ең бірінші беткейде жатқан бұлшықеттерден бастасам,ең алдымен айтатынымыз ол біздегі иық кәріжілік бұлшықет болып саналады.Оның латынша атауы m.brachioradialis болып саналады.Оның орналасуына тоқтала кетсем иығымыздың үш басты бұлшық етпен m.brcahialis ортасында орналасқан. Оның негізгі қызыметі шынтақты бүгу болып саналады. Және қолды пронациялық және супинациялық деңгейге келтіреді.Одан кейін айтатынымыз бізде жазғыш білезік кәріжілік ұзын бұлшық еті болып табылады.Латынша атауы m.extensor carpi radialis longus болып табылады.Ол epicondylus lateralisтен және иығымыздың
фасцияларынан басталады.Осы бұлшықеттің қарыншасы сіңіршеге бекіп кетеді және осы жерден 2 алақанның сүйегіне барып бекіп тұрады. Оның негізгі қызыметі бізде қол басын жазу болып саналады,сонымен қатар бізде білекті бүгуші болып саналады.Келесі жазғыш білезік кәріжілік қысқа бұлшық ет болып табылады.Латынша атауы m.extensor carpi radialis brevis болып табылады. Epicondylus lateralis-тен және lig.collaterale radiale ден
бастауын аладыда 2 алақанның сүйегіне барып орналасады.Негізгі қызыметтерінің бірі ол қол басын жазып ұстау жәнеде оны сыртқа қарай тарту болып саналадаы.Саусақты жазғыш бұлшықеттер бізде латынша атауы m.extensor digitorium болып
саналады.epicondilys lateralisten басталып және білек фасцияларынан бастауын алады.Жәнеде төмен бағытта өту кезінде кәріжілік аймағында 4 сіңіршеге бөлініп кетеді.Бөлінгеннен кейін бізде ол қол басына қарай бағыт алып кетеді.Қызыметіне келсек ол қол басын кәрі жіліктің 2-5 саусақтарын жазу қызыметін атқарады.Одан кейін шынашақты жазушы бұлшықет,оның латынша атауы бізде m.extensor digiti minimi болып табылады.Бұның ерекшелігі retinaculu, extensorum астынан өтеді жәнеде бақайшаққа дорзальді барып орналасады.Негізгі қызыметі ол шынашақты жазу болып табылады.Жәнеде ең соңғысы бізде жазғыш білезік шынтақ бұлшықет болып табылады.Оның латынша атауы m.extensor carpi ulinaris болып табылады.Бұлда басқалар сияқты epicondylus lateralis тан басталады.Төмен бағытта өрлеу арқылы бізде 5 алақан сүйекке барып орналасады.Оның негізгі қызыметіне қол басын толықтай жазуды жатқызамыз.
Білектің артқы терең бұлшықет топтарына келетін болсақ супинатор бұлшықетінен бастағанымыз жөн.Оның латынша атауы m.supinator болып табылады.Бұл біздегі барлық беткейде орналасқан бұлшықеттеріміздің астында жатады. Бұл өзінің бастауын тоқпан жіліктің латеральді айдаршығынан алады және біздегі lig.annulare radii ден басталады.Оның негізгі қызыметі білекті сыртқы бетке айналдыру,яғни айтқанда пронациялау болып саналады.Одан кейін бесбармақты жазушы ұзын бұлшықет.Оның латынша атауы m.extensor polices longus.Басталу жері кәріжілік сүйегінің арты болып саналады.Төменгі бағытта бағытталу арқасында бесбармақ бақайшасына барып орналасады.Қызметі аты айтып тұрғандай бесбармақты жазу болып табылады.Келесі бізде бесбармақты керісінше алшақтатқыщ ұзын жәнеде қысқа бұлшықеттер.Олардың латынша атауы mm.abductor pollicis longus et brevis болып табылады. Олар тым жақын орналасқан болып саналады.Орналасуы бойыншада ерекшеліктері бар.Мысалы ұзын орналасқан бұлшықет қысқаға қарағанда бастауын жоғарырақ алады.Аталуыда осыған себеп болған.Оның негізгі қызыметі ол бесбармақты сыртқа қарай алшақтату болып саналады. Жәнеде біздегі ең соңғы ол сұқ саусағымызды жазатын бұлшықеттер болып саналады.Олардың латынша атауы m.extensor indicis болып табылады. Ол өзінің бастауын шынтақжіліктік артқы бетінен алады.Төменгі бағытта сұқ саусақтың проксимальді бақайшықтарына барып орналасады. Негізгі қызыметтері сұқ саусақты жазу болып есептеледі.Білектің фасциялық қабықшасы бізде иық бұлшықетіміздің тікелей жалғасы болып табылады.Оның латынша атауы fascia anterbrachii болып табылады.Бұл бізде үш қынапты құрайды.Олар латеральді,артқы және алдыңғы болып бөлінеді.
Қолбасыныңбұлшықеттері, олардыңқызметі.
Қол басының бұлшықеттері бізде латынша mm.manus деп аталады.яғни өзінің орналасуына байланысты екіге бөліп қарастырсақ болады.Алдымен алақандық және қол басының сыртқы беткейлік бұлшықеттері.Ең бірінші алақан бұлшықеттерінен бастайтын болсақ орналасуына байланысты бізде thenar,hypothenar жәнеде сүйек аралық деп бөлінеді.Бізде алақанның үлкен дөңесінің ішіне 4 бұлшықетті жатқызамыз. Ең бірінші бесбармақты алыстатқыш қысқа бұлшықет болып саналады.Оның латынша атауы m.abductor pollicis brevis болып табылады.Оның анатомиялық орналасуы біздегі басбармағымыздың үлкен төмпешігінде тері асты болады.Ол өзінің бастауын retinaculum extensorum нан басталады және басбармақтың проксимальді бетіне барып орналасады.Тағы айта кететін бір жағдай осы бұлшықеттердің сіңіршелерінде біз сесама сүйектерін кездестіре аламыз.Негізгі қызыметтерінің бірі ол бесбармақты алыстату болып табылады.Келесі бізде басбармақты иіуші қысқа бұлшықет болып саналады.Оның латынша атауы m.flexor pollicis brevis болып табылады.Тері астында орналасқан болып табыалды. Трапеция тәрізді сүйектерден бастауын алады. Төменге қарай түскенде екіге бөлінеді.Caput superficialis және caput profundum.Оның негізгі қызыметі бесбармақты проксимальді бақайшығын бүгу болып есептеледі.Келесі бас бармақты шынақай саусаққа қары қоюшы бұлшықет болып табылады.Оның латынша атауы m.opponens pollicis болып табылады.Анатомиялық пішіні жалпақ келген формасы бойынша үш бұрышты болып табылады.Өзінің бастауын retinaculum flexorumнан басталады. Төменгі бағытқа түсіп басбармақтың алақандық сүйегіне барып орналасады.Оның негізгі қызыметі ол бесбармақты шынашаққа қарсы қояды. Ең соңғы бұл бізде басбармақты ішке тартатын бұлшықет болып табылады. Оның латынша атауы m.adductor pollicis болып табылады.Терең қабатта орналасқан бұлшықет болып саналады.Оны біз caput obliguum және caput transversum деп бөлеміз. Оның негізгі қызыметі бесбармақты ішке тарту болып табылады.
Алақанның кіші дөңесінің бұлшықеттерін алақанның қысқа бұлшықеттерінен бастаған дұрыс. Оның латынша атауы m.palmaris brevis болып табылады.Өте жұқа келген және бір- біріне паралель орналасқан болып табылады.Бұл бастауын аппоневроздан және білек бұлшықеттерінің алдыңғы бетінен басталады.Әрі қарай алақанда кіші төмпешіктегі теріге жалғасып кетеді.Негізгі қызыметінің бірі ол алақандағы аппоневрозды кереді.Одан кейін бізде шынашақты алыстатушы бұлшықет жатады.Оның латынша атауы бізде m.abductor digiti minimi болып табылады.Топографиялық орналасуына байланысты шынашақ ішкі бетінде орналасады.Өзінің бастауларын m.flexor carpi ulnaris және retinaculum flexorumнан басталады.Және шынтақ маңайында бітеді.Негізгі қызыметтерінің бірі шынашақты алыстату болып есептеледі.Келесі шынашақты бүгетін қысқа бұлшықет,олардың латынша атауы m.flexor digiti minimi болып табылады.Сонымен қатар бұл шағын бұлшықет болып
табылады.Бастауын hamulus ossis hamati және retinaculum flexorum алады да шынашақтың проксимальді бетіне барып орналасады.Негізі қызыметі ол шынашақ бақайшығын ішке бүгу болып табылады.Жәнеде ең соңғысы бізде шынашақты қарсы қоятын бұлшықет болып табылады,латынша атауы m.opponens digiti minimi. Hamulus ossis hamati ден басталып шынтақжілікке барып бекиді.Негізгі қызыметі ол шынашақты бесбармаққа қарсы қояды.
Қолтықтықшұңқыр, қабырғалары.
Қолтық шұңқыры fossa axillaris деп айтылады.Орналасуы бізде кеуде мен иықтың арасы. Қолымызды жоғары көтергенде, бұл шұңқырды анық көре аламыз. Қолтық шұңқырының алдыңғы қабырғасы бізде қатпарланған тері мен кеуденің үлкен бұлшықетімен бітеді.Ал артқы қабырғасы бізде арқаның жалпақ бұлшықет пен үлкен жұмыр бұлшықетімен бітеді. Жоғарғы қабырғасы, қолтық шұңқырының фасциялық қабықшасымен бітеді. Қолтық асты шұңқырдың (аймақтың) терісі жұқа, шашымен шектелген, сол аймақпен шектелген, көптеген тер, май және апокриндік бездер бар, олардың қабынуы қайнап, гидраденит дамуы мүмкін. Тері астындағы май тіндері әлсіз экспрессияланған және беткей фассияның жұқа табақшалары арасында қабаттарда орналасқан. Тері асты тінінде иық нервтерінің тері тармақтары және беткі лимфа түйіндері орналасқан. Олардың шығуы лимфа тамырларын ағызып, өздерінің фассиясын тесіп өтіп, терең лимфа түйіндеріне енеді.
Аксиларлы шұңқырдың (аймақ) беткі фассиясы нашар дамыған. Қолтық асты шұңқырының (фассияның) ішкі фассиясы, фассия axillaris, аймақтың ортасында жұқа, онда тар саңылаулар көрінеді, олар арқылы теріге ұсақ қан және лимфа тамырлары мен нервтер өтеді. Аймақ шекарасында қолтық асты фассиясы тығыз және алдыңғы жағынан кеуде фассиясына, фассия пекторалисіне, артқы жағынан - бел-көкірек фассиясына, фасакия тораколумбалиске, бүйір жағынан - иық фассиясына, фассия брахияға, ал ортаңғы жағынан еркін өтеді. serratus алдыңғы бұлшықетін жабатын өзінің кеуде фасциясына, fascia thoracica-ға. M жиегімен аксиларлы фассияның ішкі бетіне. pectoralis major байламы қосылады, қолтық асты фассиясын, лигті тоқтатады. suspensorium axillae, Гердидің байламы, бұл субклавиан бөлімінде талқыланған фассия клавипекторалис туындысы.
Байланыс өз фассиясын жоғары қарай тартады, осылайша аксиларлы аймақ шұңқыр тәрізді болады.
Жалпы бізде қолтық қуысы төмен қарай тесік арқылы ашылады. Жоғары қарай керісінше өте тар болып келген,және мойынмен тікелей жалғасып кетеді.Жалпы ол шелмаймен толған яғни онда қуыс нервтер,тамырлар,лимфа түйіндері бар.Жалпы осы тамырлардың және нервтердің қалай орналасқанын анықтау үшін қолтық қуысының алдыңғы қабырғасында орналасқан үш үшбұрышқа қарауымыз қажет.Ең жоғарғысында орналасқан үшбұрыш бұл бізде trigonum clavipectorale деп аталады.Одан кейін ортаңғысы бұл бізде trigonum pectoral деп аталады.Жәнеде ең соңғысы ол бізде trigonum subpectorale деп атайды.