33. Сүйек қосылыстарының


Иық белдеуінің бұлшық еттері мен фасциялары, қызметі. (уник-100)



бет33/45
Дата13.02.2023
өлшемі216,5 Kb.
#67397
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
33. С?йек ?осылыстарыны?

64.Иық белдеуінің бұлшық еттері мен фасциялары, қызметі. (уник-100)


Иық белдеу бұлшықеттері иық-қол және тұлға сүйектерін қозғалысқа келтіреді. Иық белдеу бұлшықеттері эмбрионалдық дамуы өзгеше бірнеше топ бұлшықеттерінен тұрады:

  1. Тұлғаның алдыңғы бөлігінен дамитын бұлшықет тобына – ромбтәрізді бұлшықет- m.rhomboideus, жауырынды көтеруші бұлшықет-m.levator scapulae, бұғана астылық бұлшықет – m.subclavius, жауырын-тіласты бұлшықеті – m.omohyoideus жатады.

  2. Трункофетальді бұлшықет тобына – арқаның аса жалпақ бұлшықеті-m.latissimus dorsi және кейденің үлкен, кіші бұлшықеті – mm.pectorales major et minor жатады.

Барлық иық бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) – нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады.
Иық белдеуі бұлшықеттерінің орналасуы бойынша беткей және терең қабат бұлшықеттері деп жіктеледі:

  1. Беткей қабатына келетін болсам...

  • Дельтатәрізді бұлшықет, m. Deltoideus деп аталады.Оның басталатын жері – clavicula, acromion, spina scapulae болса, бекитін жері - tuberositas deltoidea humeri болып табылады.

Функциясы: иықты бүгу және ішке айналдыру (алдыңғы будалары); иықты жазу және сыртқа айналдыру (артқы будалары); иықты әкету (ортаңғы будалары).

  1. Терең қабатына тоқталатын болсам... Оның өзі 2 топқа жіктеледі:

  1. Жауырынның дорсалді бетінде орналасқан бұлшықеттер – mm.supraspinatus, infraspinatus, teres minor, teres major;

  2. Жауырынның қабырғалық бетінде орналасқан бұлшықеттер – m.subscapularis.

  1. Жауырынның дорсалді бетінде орналасқан бұлшықеттер мыналар жатқызылады:

  • Қылқанүсті бұлшықет - m. Supraspinatus. Оның басталатын жері - fossa supraspinata, ал бекитін жері - tuberculum majus humeri (жоғарғы аймағы) болып саналады. Функциясы - иықты әкету.

  • Қылқанасты бұлшықеті - m. Infraspinatus деген атау алады. Оның басталатын жері - fossa infraspinata, ал бекитін жері - tuberculum majus humeri (ортаңғы аймағы) болып табылады. Ол иықты сыртқа айналдыру функциясын атқарады.

  • Кіші дөңгелек бұлшықет - m. teres major. Оның басталатын жері - fossa infraspinata (m.infraspinatus астында), ал бекитін жері - tuberculum majus humeri (төменгі аймағы) болып саналады. Оның функциясы - иықты сыртқа айналдыру.

  • Үлкен дөңгелек бұлшықет - m. teres major деген атауға ие. Оның басталатын жері - facies dorsalis scapulae (төменгі бұрышында), ал бекитін жері - crista tuberculi minoris humeri болып табылады.Ол иықты әкелу және ішке айналдыру функциясын атқарады.

  1. Жауырынның қабырғалық бетінде орналасқан бұлшықеттеріне жауырынасты бұлшықеті жатқызылады,

  • Жауырынасты бұлшықеті - m. Subscapularis деп аталады. Оның басталатын жері - fossa subscapularis, ал бекитін жері - tuberculum minus humeri болып келеді. Ол иықты әкелу және ішке айналдыру функциясын атқарады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет