33. Сүйек қосылыстарының


Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы



бет41/45
Дата13.02.2023
өлшемі216,5 Kb.
#67397
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
33. С?йек ?осылыстарыны?

Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы.


Сандағы алдындағы аймағында сандық бұлшықетінің үшбұрышы trigonum femorale-ді басқаша айтқанда Скарптық үшбұрышы trigonum Scarpe-ді көреміз.Осы үшбұрыштың жоғарыдағы шекарасы шаптың байламын ligamentum inguinale-ді, латеральді шекарасы- тігінші бұлшықеттерін musculus sartorius-ті, медиальді шекарасын-ішкеқарай тартатын ұзын бұлшықеттіі musculus adductor longus-ті құрайды. Скарп атты үшбұрыш аймағында беткейлеу фасциялы қабықшасының астына қарай санның қан тамырлары өтетін мықынды-қырқалық жүлгені sulcus iliopectineus-ті байқаймыз. Sulcus iliopectineus-тің медиальді қабырғасын қырқалық бұлшықет musculus pectineus-ті ,латеральді қабырғасын бел-мықын бұлшықеті musculus iliopsoas құрайды.Мықын-қырқалық жүлгесінің жалғасы, яғни дистальді бөлімі төменге бағыттала өтеді де, сандық бұлшықеттерінің алдындағы жүлгесіне sulcus femoralis anterior жалғасады,ол бұлшықет арасына еніп, санның төменгі үштен бірінде орналасады, оның медиальды қабырғасын санды ішкеқарай тартатын бұлшықеттен musculus adductor longus, magnus, латеральды қабырғасын сандық төртбасты бұлшықеттері мен медиальді бұлшықеттерінен musculus vastus medialis-тен құралған.
Жүлгеде қантамырлар яғни сандық артерия, веналық қантамырлары мен жүйке өтеді, олар musculus sartorius-пен жабылған.Осы sulcus femoralis-тің дистальді бөлімі санды ішкеқарай тартатын бұлшықет өзегіне,яғни тақым шұңқырына баратын өзекке canalis adductorius ,canalis vastoadductorius hunteri-ге жалғасады.Өзекті түзетін латеральды жағынан musculus vastus medialis, медиальды жағынан musculus adductor magnus және олардың арасын жалғастырып сіңірлі табақша lamina vastoadductoria алдыңғы жағынан ,
оның дистальді тесігін musculus adductor magnus будалары ажырауынан түзілген hiatus tendineus adductorius құрайды.
  1. Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық маңызы. Уникальность: 100.00%


Сан өзегі canalis femoralis қалыпты жағдайда болмайды, тек сан грыжасы пайда болғанда туындайды. Ол шап байламының lig.inguinale медиальді бөлігінің астында қан тамыр лакунасының ортасында сан венасының v.femoralis жанында орналасады. Оның ұзындығы 1 см ге дейін жетеді, пішіні үшбұрышты пирамидаға ұқсайды. Сан өзегінің терең anulus femoralis profundus және беткей anulus femoralis superficialis екі сақинасы болады. Сан өзегінің терең сақинасының алдыңғы қабырғасы шап байламымен lig.inguinale, сыртынан сан венасымен v.femoralis, артқы қабырғасы lig pectineale, медиалді қабырғасы лакуналық байламмен lig.lacunare шектеледі. Ол сан өзегінің кіре беріс тесігі болып табылады. Бұл сақина іштің көлденең фасциясымен жабылған. Ол алдыңғы жағында fossa ovalis байланысады, ал артқы жағы ішқуысының алдыңғы фасциясына өтеді. Сан өзегінің қабырғаларына келетін болсақ, алдыңғы қабырғасы санның кең фассиясының беткей пластинкасымен lamina superficialis fasciae femoris latae, орақ пішінді жиектің жоғарғы мүйізімен cornu superius, артқы қабырғасы қылқанды бұлшықетті musculus pectineus жабатын кең фассиясының терең пластинкасымен lamina profunda fasciae latae, сыртқы қабырғасы сан венасымен v.femoralis шектелген. Сан өзегінің ішкі қабырғасы санның кең фассиясы мен қылқанды бұлшықеттің фасциялық жапырақшаларынан тұрады. Лакуналы байламнан сан венасына дейінгі қашықтық неғұрлүм үлкен болса, сан грыжасының пайда болуы соғұрлым жоғары болады. Бұл өзектің ұзындығы ер адамдарда 1,2 см, ал әйел адамдарда 1,8 см тең болуы мүмкін. Сол себепті сан грыжалары көбінесе әйелдерде жиі кездеседі. Қысылған сан грыжаларына арналған операцияларда, қысылған сандық сақинаны кесу қажет болған кезде, бұл өзектің сыртқы жағынан сан венасы ал төменгі жағынан жақасты артериясы өтетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан шап байламының ішкі бөлігі яғни лакуналық байлам ғана кесіледі. Сан өзегінің шығатын сыртқы тесігі торлы фасциямен жабылған hiatus saphenus. Hiatus saphenus ішек байламының ішкі бөлігінен төмен орналасқан, оның сыртқы жиегі margo falciformis деп аталады. Hiatus saphenus торлы фасциясында тамырлар мен нервтер өтетін бірнеше тесіктер бар.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет