33. Сүйек қосылыстарының


Медиальды топ бұлшықеттері



бет43/45
Дата13.02.2023
өлшемі216,5 Kb.
#67397
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
33. С?йек ?осылыстарыны?

Медиальды топ бұлшықеттері


Үлкен бақайды әкететін бұлшықет m. abductor hallucis бұл бұлшықет өкше сүйегінің бұдырынан tuber calcanei және қайықша тәрізді сүйектен tuberositas оssiѕ navicularis et retinaculum mm .flexorum басталып, үлкен бақайдың проксималды бунағының негізіне бекиді. Қызметі үлкен бақайды әкету яғни алшақтату.
Үлкен бақайдың қысқа бүккіші m. flexor hallucis brevis
Бұлшықет талшықтары медиальды сына тәрізді сүйектен os сuneiforme mediale, қайықша тәрізді сүйектің табандық бетінен және артқы асықты жіліктік бұлшықеттің сіңірінен m.tibialis posterior басталады. Сіңіршесі алға қарай бағыт алып, бас бармақ башпайын алшақтатқыш бұлшықеттің сіңірімен қосарласып , бас бармақ башпайының медиальды, латеральды сесама сүйегіне және проксимальды бақайшықтың сүйегінің негізіне барып бекиді. Қызметі үлкен бақайдың проксималді бунағын жазу.
Үлкен бақайды әкелетін бұлшықет m.аdductor hallucis, ол башпайларды бүккіш үлкен бұлшықеті мен қысқа бұлшықетінің астында тереңде жатады. Бұл бұлшықеттің көлденең және қиғаш екі басы болады. Қиғаш басы, caput obliguum , текше тәрізді сүйектің табандық бетінен, латеральды қайықша тәрізді сүйектен және ІІ-ІV табан сүйектердің негізінен басталады. Ал көлденең басы , caput transversum, ол II- V - башпайдың табан - бақайшық буындардың буын қапшықтары мен байламдарынан, табан апоневрозының латеральды табақшасынан, septum laterale басталады. Бұл бұлшықеттің екі басы бір - бірімен өзара бірігіп , жалпы қарыншаны құрап, сіңіршесіне ұласып, бас бармақ башпайының латеральды сесама сүйегіне барып бекиді. Қызметі бас бармақ башпайынының проксимальды бунағын әкелу.
  1. Латеральды топ бұлшықеттері


Кіші бақайды әкететін бұлшықет m. abductor digiti minimi өкше сүйегінің calcaneus - тің табандык бетінен басталып, кіші бақайдың проксималды бунағының негізіне барып бекиді. Кызметі кіші бақайдың проксималді бунағын әкетіп және бүгеді.
Кіші бақайдың қысқа бүккіші m.flexor digiti minimi brevis V табан сүйегі os metatarsale V- тің негізінен басталып, кіші бақайдың проксималді бунағының негізіне барып бекиді.
Қызметі кіші бақайдың проксималді бунағын бугу.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет