33. Сүйек қосылыстарының


Шынтақ шұңқыры, шынтақ шұңқырының жүлгелері, құрамы



бет38/45
Дата13.02.2023
өлшемі216,5 Kb.
#67397
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45

Шынтақ шұңқыры, шынтақ шұңқырының жүлгелері, құрамы.


Шынтақ шұңқыры яғни,fossa cubitalis алдыңғы шынтақ аймағында орналасқан.Ол латеральды жағынан musculus brachioradialis-пен яғни иық-кәрі жілік бұлшықетімен, медиальды жағынан musculus pronator teres-пен дөңгелек пронатор бұлшықетімен, түбінен musculus brachialis-пен иық бұлшықетімен шектесіп жатыр.Шынтақ шұңқырының жүлгелеріне тоқталып өтсем.Шынтақтың алдыңғы медиальды жүлгесі sulcus cubitalis anterior medialis ол бізде musculus pronator teres пен musculus brachialis арасында жатады, бұл жүлгеде артерия, нерв,аностомоз,аттас веналар орналасады..Шынтақтың алдыңғы латеральды жүлгесі sulcus cubitalis anterior lateralis латеральды жағында musculus brachioradialis-пен және медиальды жағында musculus brachialis-пен шектелген,жүлгеде аностомоз,аттас веналар, нерв орналасады. Шынтақтың артқы латеральды жүлгесі sulcus cubitalis posterior lateralis olecranon шынтақ өсінді мен epicondylus lateralis humeri тоқпан
жіліктің латеральды айдаршықүсті арасында орналасқан,онда аностомоз аттас веналар орналасады. Шынтақтың артқы медиальды жүлгесі sulcus cubitalis posterior medialis olecranon шынтақ өсінді мен epicondylus medialis humeri тоқпан жіліктің медиальды айдаршықүсті арасында орналасқан.Бұл жүлге musculus flеxor carpi ulnaris білезіктің шынтақтық бүккіш бұлшықетінің латеральды және медиальді бастарымен canalis ulnaris шынтақ жіліктік өзекке айналады. Алдынан sulcus cubitalis posterior medialis-пен , медиальді caput mediale m. flexor carpi ulnaris-пен , латеральді caput laterale m. flexor carpi ulnaris-пен шектесіп жатады.Бұл каналда анастомоз, аттас вена, нерв орналасқан.
  1. Қол басының сүйекті-фиброзды өзектері және синовиалді қынаптары.


Қол басының фасциалық қабықшасы кәрі жілік-білезік буынының маңында бұлшықет сіңіршелері өтетін бірнеше синовиальді қынаптарды құрайды.Бұл қынаптардың қызметі бұлшықет сіңіршелерінің еркін қозғалысын жеңілдету болып табылады.Қол басы сіңіршелерінің синовиальді қынаптарын айта кетсем. Саусақтарды бүккіш жалпы бұлшықеттің синовиальды қынабы vagina synovialis communis tendineum musculorum flexorum ол білезіктік өзекшенің ішкі қапталында орналасады.Бас бармақты бүккіш ұзын бұлшықеттің синовиальді қынабы vagina synovialis tendinis musculus flexoris pollicis longi білезіктік өзекшенің яғни canalis carpalis латеральды жағында орналасқан.Бұл өзек арқылы орталық жүйке өтеді.Canalis carpi radialis арқылы білезіктің кәрі жіліктік бүккіші синовиальды қынабы vagina synovialis tendinis musculi flexoris carpi radialis өтеді.Барлық 3 синовиальды қынап проксимальді бағытта retinaculum flexorum үстінен сәл жоғары орналасады.Қалған үш саусақтар 3,4,5 өз алдына дербес синовиальды қынаптардан vagina synovialis tendinum digitorum manus тұрады.Негізгі қызметі болып өзіне сәйкес сіңіршелердің синовиальды қынабын құрау болып табылады.Бұл қынап басбармақтың алақан-бақайшық буындарынан дистальді бақайшыққа дейінгі аймақта созылып орналасады.Қол ұшының сыртқы бетінде retinaculum musculorum extensorum астында сүйекті-фиброзды өзектерде жазғыштардың 6 дербес синовиальды өзегі бар.Сүйекті- фиброзды өзекшеде орналасқан сіңіршелердің еркін қозғалысын жеңілдету үшін ішкі синовиальды қабықшамен қапталып, сіңіршелердің синовиальді өзектерін құрайды.Бірінші өзекте-musculus abductor polices longus et brevis бас бармақтың ұзын, қысқа бұлшықеттерінің сіңірлері орналасса, екінші өзекте-musculus extensorum carpi
radialis longus et brevis кәрі жілік-білезіктік ұзын және қысқа бұлшықет сіңірлері, үшінші өзекте-musculus extensor pollicis longus et brevis басбармақты жазғыш ұзын бұлшықеттің сіңірлері,төртінші өзекте musculus extensor digitorum саусақтарды жазғыш бұлшықет және musculus extensor indicis сұқсаусақты жазғыш бұлшықет сіңірлері, бесінші өзекте-musculus extensor digiti minimi шыынашақты жазғыш бұлшықеттің сіңірі, алтыншы өзекте-musculus extensor carpi ulnaris жазғыш кәрі жілік-білезік бұлшықетінің сіңірі орналасқан.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет