34 «Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар» тақырыбында дереккөздерді пайдалана отырып өз ойыңызды талдап жазыңыз



Дата16.05.2023
өлшемі13,79 Kb.
#93985

34. .«Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар» тақырыбында дереккөздерді пайдалана отырып өз ойыңызды талдап жазыңыз.
Әлем адамды өзгерте алмайды, бірақ адам әлемді өзгертуі әбден мүмкін. Адамзат баласының дамуы, әлемнің дамуы. Әр заманның өз тұлғасы, танымал азаматы болады. Қазақтың өткен тарихына көз салған адам еліміздің арғы-бергі тарихында көптеген ел басқарған хан-сұлтандар, қол бастаған жаужүрек батырлар және сөз ұстаған ділмәр би-шешендер өткенін байқайды. Бұл сөз жоқ өткен тарих. Еліміздің мақтанышы. Ал қазіргі заманның ел мақтаған батырларын насихаттап, олардың елімізді өркендету жолында атқарған істері жұртқа жеткізу маңызды.
"Ел тұлғаны жасайды,
Тұлға елдің атын шығарады" демекші, тарихты тұлғалар жасайды. Мысалы: Томирис, Күлтегін, Абай және Абылай хан десек, санамызға сол дәуір мен үлкен тарихи оқиғалар еске оралады. Осы есімдер арқылы ұлттың рухы жаңғырады, төл мәдениетін таниды. 


Сонымен қатар, республиканың түкпір-түкпірінде жүрсе де, туған жердің атағын шығарып жүрген жерлестеріміздің еңбектері, суреттері мен жасаған ерліктері каншама. Қазақ даласынан шығып әлем өркениетіне үлес қосқан тұлғалар аз емес. Мысыр асып ел билеген - Бейбарыс, Түркі даласынын тарихын тастақ ашаған- Күлтегін, Әл фараби, Яйсауи, Жүгенекей, Қашғариллар секілді тұлғалар жахан ғылым біліміне нұрын шашқан. Бұл тұлғалардын мұралары бугінге дейн жетті. Мысалы қорқыт ата кітабының бірнеше нұсқасы бірқатар елдердін кітапханаларында кездестіруге болады. 
Меніңше, жас мемлекеттің алдында тұрған жаңа да тың әрі күрделі міндеттер тек тұлғалар, олардың түсінігі, ерік - жігері мен іс - қимылы арқылы жүзеге аспақ. Тұлға болмаса өркениетті өмір жоқ. Оған қоса сапалы білім, еселі еңбек, өнiктi өнiм де болмақ емес. Сондай-ақ тұлға болмаса, ғылым мен мәдениетте, өндірісте бәсекелестік те болмайды. 


Корыта айтканда, Туған өлкемізден шыққан өнер және мәдениет қайраткерлерінің мұраларын ұрпаққа ұлықтап, тарихты таныту, рухани кәдеге жарату мұрат тұтқан ұрпақтың перзенттік парызы. Өйткені, өз халқына қалтқысыз қызмет еткен ата-бабаларға деген ұрпақ ізет әрбір азаматтың көкірегінде желкен жайып, көктеп тұрары даусыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет