343 топ Aйтпаева Аружан Мерекеқызы Әдістемелік жетекші


Науқасты ФГДС-ке дайындау



бет16/29
Дата24.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#86436
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
Аружан кунделик

Науқасты ФГДС-ке дайындау.
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүңгіні, зерттеуге жолдаманы.
ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызмет атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін аламыз
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргіземіз.
Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаймыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым саламыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.
Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етеміз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.
Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездеріншешіп тастауын қадағалай мыз.
Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертеміз. (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).
Науқасты сүлгімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарамыз
Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраймыз. Темекі шегуге болмайды.
Ескерту: т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді; биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.
Асқазанды жуу.
Мақсаты: Асқазанды су тазарғанша дейін қалдықтардан тазалау.
Көрсеткіші: Улану.
Кері көрсеткіштері: асқазаннан қан кету, өңештің тарылуы, жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары (миокард инфарктісіне күмән болғанда).
Құрал-жабдықтар: 2 залалсызданған жуан асқазан зонды (шыны түтіншімен жалғанған), сыйымыалығы 0,5-1 л шыны оймыш, шелектегі 10-12 л Т 20-22 С су немесе 0,1% калий перманганат ерітіндісі, клеенкадан алжапқыш, леген, клеенка, ауызкергіш, сүлгі, Жанэ шприцы, қолғап.

Жүргізу іс-әрекеті:


1. Пациентті жүргізілетін манипуляция туралы және оның жүргізу ретімен таныстырамыз
2. Қолыңызды жуып, құрғатамыз
3. Алжапқышпен қолғапты киеміз
4. Пациентке жейдесінің мойын тұймелерін және белдігін босатуын, салмағы тістерін алып тастауын ескереміз
5. Пациентті ыңғайлы етіп орындыққа отырғызыңыз, басын сәл алдыға түсіріп, аяғына ашып отыруын сұраймыз
6. Пациенттің алдына алжапқышты кигізіп, төменгі үшын легенге түсіп қойамыз
7. Залалсызданған пинцетпен зонды оң қолыңызға үшынан 10-15 см алыстықта алыңыз, бос үшын сол қолыңызға ұстаймыз
8. Зондтың енгізетін тереңдігін анықтап (бойынан 100 см алып) белгі саламыз
9. Пациентке ауызын кең ашып және терең мұрнымен дем алуын сұраңыз, зондтың ұшын тілінің түбіне қарай жақын етіп саламыз
10. Пациентке зондты тістемей ауызын жауып, жұтынутын сұраңыз. Әр жұтынған сайын зондты абайлап белгіге дейін жібереміз
11. Екінші ұшына оймышты жалғаймыз
12. Оймышты пациенттің тізе деңгейінде стап тұрып, суды оймыштың шетімен құйып толтырамыз
13. Оймышты ақырындап көтереміз
14. Су оймыштың мойнына келгенде пациенттің тізесіне дейін қайта түсіріп легенге төгеміз.
15. Асқазанды су тазарғанша дейін бірнеше рет жуамыз
16. Процедура аяқталғаннан кейін, оймышты алып, зондтың үшын легенге салып қойыңыз/су толық шығу керек/,зондты салфеткамен үстап, баяу асқазаннан шығарып аламыз
17. Пациенттің ауызын шайып, сүртеміз
18. Пациенттің алжапқышын шешіп аламыз
19. Қолданған заттарды өңдейміз
20. Қолғаппен алжапқышты шешеміз
21. Пациенттің жағдайын қадағалаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет