Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп Білім алушы: Александра Регия Романқызы
Р/с №
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері
Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы
басталуы
аяқталуы
1.
Асқорыту жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру
08:30
10:30
2.
Пациентті ФГДС-ке дайындау
10:30
11:30
3.
Асқазанды жуу
11:30
12:30
4.
Асқазаннан қан кету кезіндегі көмек
12:30
13:30
Ас қорыту жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру Ас қорыту жүйесі ағзалары- ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, 12 елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек. Ас қорыту жүйесіне жататын тағы да басқа да мүшелер: бауыр, өт жолдары, ұйқы безі.
Асқорыту ауыз қуысында пайда басталады- механикалық, химиялық қорыту ауыз қуысында басталады. Өңеш тек транспорттық функция атқарады. Асқазанда тамақ химиялық қорытудан кейін сіңіріледі.
Өңеш
Өңеш аурулары туралы күмән туған жағдайда науқасты сұрастыру тәсілімен көптеген информация алуға болады. Негізгі шағымдары:
Дисфагия- өңештен тамақтың жүруі қиындауы ең жиі кездесетін шағымдардың бірі. Дисфагия қатты тамақ өткенде пайда болып кейін сұйық тамақ жүруі қиындайды. Өңештің тарылуы үдей түседі. Өңештің тарылуы органикалық және функционалдық болып бөлінеді. Органикалық тарылу- өңеш рагінде үдей түседі, ал функционалдық тарылу-бұлшық еттердің жиырылу бұзылуымен немесе кейбір невроздарға байланысты. Кейде сұйық тамаққа қарағанда қою тамақ жақсы өтуі байқалады. Бұл дисфагияның түрін-парадоксалдық дисфагия деп аталады. Өңеш құсығы өңештің тарылуынан пайда болады. Ішкен тамақ тарылған орыннан жоғары жиналып өңешті кеңейтіп бұлшық еттерінің перистикалық қозғалысымен сыртқа шығады. Өңеш құсығында асқазан құсығынан айырмашылығы -жүрек айну болмайды, бірақ тамақ турып қалу сезім болады. Құсықтың қышқыл иісі жоқ,тамақ өңеште тұрып қалған кезде шіріген иіс пайда болады.Ауырғандық эзофогит өңеш күйігінде байқалады. Ауырғандық жұтынғанда өңеш бойында орын алады және жауырын ортасында мойынға, жақ сүйектерге қарай тарай бастайды. Ауырғандық ұзақтығы минуттар немесе сағатқа созылады.
Сілекейдің шамадан тыс бөлінуі (персаливация)-эзофагит, өңеш тыртықтанып таралуы, өңеш қатерлі ісігі ауруларында. Қыжылдау- төс сүйегінің арты төменгі белігінде орналасады. Оның себебі асқазан ішіндегі қышқыл сұйықтық өңешке қайта
құйылады (рефлюкс-эзофагит).
Қан кету- өңеш жара ауруы бөгде денелер мен зақымдануы ісік ыдырауы өңеш веналарының кенеюі.
Ауру анамнезі -дисфагия дамуның ерекшелігін аныктау қажет. Өңеш тарылуы үдей түседі. Өңештің функционалдық тарылуында аурудың күйзеліспен байланысты.
Наукастың өмірбаян тарихынан анықталады. Өңеш күйігі болған болмағаның олар өңеш тарылуына әкеліп соқтырады. Наукастың ауыз қуысын қараған кезде кілегей қабаттарының күйік іздері анықталады. Науқас өте жүдеу болады.
Лабораториялық зерттеу өңештің жуынды суын цитологиялық зерттеу жатады.
Рентгенологиялық зерттеу күрделі нәтиже береді. Зерттеуде барий сульфатын беру жасалады.
Асқазан
Сұрастыру. Мұхият жиналған шағымдар асқорыту ауруларында диагноз қоюды жеңілдетеді. Heгізгі симптомдар: тәбеттің бұзылуы, тәбеттің бұрмалануы, кекіру, қыжылдау, жүрек айну, құсу- диспепсиялық синдром деп аталады. Бұл шағымдар басқа жүйелердің функциясында да болуы мүмкін. Тәбеттің бұзылуы. Тәбеттің төмендеуі немесе жоғарлауы мүмкін. Тәбеттің төмендеуі немесе жойылуы (анорексия-жедел гастрит, асқазан қатерлі ісігі, созылмалы гастрит ауруына тән).
Тәбеттің жоғарлауы- секрециясы жоғары созылмалы гастрит, 12 елі ішектің жарасына тән. Тәбеттің бұрмалануы науқас бор, көмір, керосин кұмарлық пайда болады. Асқазан қатерлі ісігінде науқас ет тамағынан бас тартады. Дәмді сезімнің бұзылуы-ауызда жағымсыз дәм, дәм сезу қасиетінің бұзылуы. Ауыз қуысындағы патологиялық жағдайлармен (кариес, созылмалы тонзилит) Кекіру. Кенеттен ауыз куысынан ауаның немесе тамақ қалдығының шығуы. Кекіру дыбысты болуы мүмкін тамақ ішу кезінде ауа жұтумен байланысты бұл невроздарға тән, кекіріктің иісі жоқ. Шіріген жұмыртқа иісімен кекіру, асқазанның қалыткысының тарылуына тән. Ашыған май дәмі немесе шіріген жұмыртқа иісі кекіріктің пайда болуы құрамында көміртекті көп майлы тағамдарды ішумен байланысты. Қыжылдау симптомы- асқазан ішегіндегі қышқыл құрамы тамақтың өңешке қайта құйылуы сабақтас құбылыс. Қыжылдау симптомы асқазанның әр түрлі секрециясында болуы мүмкін көбіне тағам қышқылды тұзды болса лезде қыжылдау пайда болады.
Жүрек айну кезде нервтің тітіркенуіне байланысты эпигастрий аймағында пайда болатын жағымсыз сезіммен сипатталатын рефлекторлық акт. Жүрек айну кезінде тері,кілегей қабаттарының бозаруы, жалпы әлсіздік, бас айналу, тершеңдік. АҚҚ төмендеуі кейде естен тану болады. Жүрек айну бір қатар асқазан ауруларына байланысты емес. Мысалы: жүктілік кезінде, буйрек ауруларында, ми қан айналысының ауруларында, кейде жағымсыз иістен болады.Жүрек айну асқазан ауруларының ішінде жіті, созылмалы гастрит, асқазан қатерлі ісігінде т.б. байқалады.
Құсу орталығының тітіркенуіне байланысты рефлекторлық акт- асқазан ішіндегі заттар еріксіз өңеш, жұтқыншақ, ауыз қуысы кейде мұрын қуысынан шығуы мүмкін.
Құсықтың себептер: жағымсыз сапасы төмен тамақ ішумен, асқорту жүйесі,бауыр, бүйрек т.б. Құсу алдында науқаста жүрегі айну, сілекей көп бөлінуі байқалады.
Себебіне қарай:
1. нервтік (орталық нерв жүйесіне байланысты)
2. висцералдық өзгерістер әсерінен пайда болатын
3. гемотогенді-токсикалық
Құсу пайда болу уакытымен мерзімі анықтау, тамақ ішумен, ауырғандықпен байлансты мөлшеріне,сипатын, құрамын анықтау қажет. Құсық тамақ ішкеннен кейiн 10-15 мин кейін пайда болса жарасы жіті гастрит тән. Құсық тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағаттан пайда болса асқазан дене жарасы асқазан рагіне тән. 4-6 cағ кейін пайда болуы асқазан қалытқысы 12 елі ішек ауруларына тән. 1-2 күн пайда болуын асқазан тартқысы. Құсықтың реакциясы әртүрлі болуы мүмкін. Құсықтың құрамында көп мөлшерде кілегей, қан, нәжіс болуы мүмкін. Асқазан ауруларында құсықтың өңеш ауруларындағы құсықтан айырмашылығы- өңеш құсығының ұышұл иісі жоқ және жүрегі айну болмайды.
Ауырғандық: асқазан дерті сипмтомдарының ішінде ауырғандық ерекше орын алады: эпигастрий аймағында ауырсыну әрқашан асқазан ауруымен байланысты болмауы мүмкін.
Ауырғандықты анықтау үшін мына жағдайларды сұрастыру керек: Ауырғандықтың орналасуы (қолмен көрсетуді сұрау)
Ауырғандықтың сипаттамасы: ұстамалы әлсін-әлсін,тұрақты, маусым-күз,көктем Ауырғандықтың тамақ ішумен сапасымен байланысын.
Тамақ ішумен жылытқыш, мұзды мұйық,тамақ содасын пайдаланғаннан кейін ауырғандықтың бәсендеуі немесе ауырғандықтың өзгеру.
Физикалық күштемемен байланысты
Ауырғандық түрі ( шаншу тәрізді, кесіп тығып, сыздап)
Тамақ ішекеннен кейін ұстамалы тәрізді ауырғандық пайда болу уақытына қарай бөлінеді: тамақ ішкеннен кейін 30-40 мин пайда болса ерте пайда болған ауырсыну (ранне), тамақ ішкеннен кейін 1.5-2 сағат кейін пайда болса кеш ауырсыну (поздние) түнгі аш қарында түнде пайда болатын тамақ ішкеннен кейін басылатын ауырғандық болып бөлінеді. Уакыт мерзіміне байланысты көктемде күзде ауырғандық (маусымдық) пайда болуы мен немесе өршуі асқазан ұлтабар жара ауруына тән. Тұрақты ауырсыну асқазан рагіне тән. Асқазан ауруымен байланысты ауырғандық арқаға,жауырын орта аймағына,төменгі бөлігіне, сол жақ қабырға астына таралады. Асқазаннан қан кету. Асқазаннан қан кету дерттің асқынуының ауыр түрі болып саналады.
Қан кету түрлері: қан кұсу, қара құрым тәрізді нәжіс (мелена). Көбінесе қан кету белгісі - ол қан аралас құсық. Егерде қан асқазанда ұзақ уақыт тұрып қалса құсық кофе тәрізді түс береді.
Анемнез: науқастың тамақ ішу ерекшеліктерін анықтап алу.(тамақтану түрін, тамақ ішудің уакытын, мерзімін,ретін)
Асқазан ауруларының себебінің бірі-ретсіз тамақ ішу. Бір мезгілдік ішілген тамақтың мөлшері механикалық дұрыс қортылуы анықтаудың маңызы зор. Асқазан ауруының бейімдеуші факторлар ішімдік, наркомания, темекі шегу.
Аурудың ағымын анықтау ауырғандық қасиетін соңғы уақытта өзгерген жоқпа, басқа симтпомдар жоқпа (жүдеу, қан құсу, мелена) Ертеректе шалдыққан дерттері ішкі қуыс жүйесі, операциялар, дәрілерді ұзақ уакыт қабылдау т.б Тұқымқуалаушылық сұрастыру Қаpay. Жалпы қарауда науқастың жүдеуі асқазан рагінде байқалады. Терінің бозаруы-асқазаннан қан кету рак ауруына байланысты. Асқазан рагінде наукастың бет әлпеті қарағанда бет терісі қуқыл тартып «жанары жайсыз» жүдегендік. Науқас шағым айтпаса бұл өзгерістер онкологиялық дерттерге тән. Асқазан ауруларында жалпы келбеті сау адамның келбетінен айырмашылығы болмайды.
Ауыз қуысын карау. Тістердің болмауы тамақты механикалық қорытуға кедергі болып табылады. Кариесті тістер инфекция ошағы болып табылады. Олар асқазанға тусуі мүмкін. Тілді қарауда көптеген мәлімет алуға болады.Көптеген ауруларда тіл өзіндік ерекшелігі болады және көзге түседі: таза ылғалды тіл, ақшыл сұр жамылғымен қапталған жағымсыз иісті гастритте, құрғақ тіл-іш қуысының пердесінің жіті қабынуында жіті панкреатит, асқазан 12 елі ішек, кілегей қабық бүршіктері тегістелген тіл- асқазан рагі, секрециясы төмен созылмалы гастрит.