343 топ Aйтпаева Аружан Мерекеқызы Әдістемелік жетекші


Тазарту клизмасы қою техникасы



бет19/29
Дата24.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#86436
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
Аружан кунделик

Тазарту клизмасы қою техникасы
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алдым.
2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршадым (егер де емшара палатада орындалса).
3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты кидім.
4. Гигиеналық деңгейде қолымды тазартым, қолғапты кидім.
5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жаптым.
6. Науқастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы ілдім, оған ұштықты кигізіп, оның ұшына вазелин майын жақтым.
7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығардым, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жаптым.
8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойдым.
9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төседім, оның үстінен жаялықты төседім.
10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтірдім, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.
11. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгіздім.
12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұрадым (егер де су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгерттім), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырдым.
13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алдым.
14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұрадым.
15. Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны) бердім немесе унитазға дейін апардым.
16. Анус тесігінің айналасын тазартым.
17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне салдым.
18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шештім.
19. Қолымды жуып, кептірдім. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салдым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет