343 топ Aйтпаева Аружан Мерекеқызы Әдістемелік жетекші


Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



бет21/29
Дата24.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#86436
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Аружан кунделик

Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Александра Регия Романқызы


Р/с


Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы


Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері



Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы


басталуы



аяқталуы



1.



Бүйрек,зәр шығару жүйесі ауруларына мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру

08:30

10:30




2.



Хәлі ауыр науқастарды күту

10:30

11:30




3.

Зәрді ЖЗА, нечипоренко,зимницский бойынша жинау

11:30

12:30




4.

Пациентті бүйрек және зәр шығару жолдарының УДЗ-не дайындау

12:30

13:30




Бүйрек,зәр шығару жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру
1кезең-Пацинеттің жағдайын бағалау
Субьективті әдіс
Паспорт бөлімі
Шағымдары:бетінің ісінуі,бел тұсының ауырсынуы,зәр шығуының бұзылуы,дене температурасының көтерілуі,бас ауруы,терінің құрғауы,диурездің азаюы,құсқысы келу,көз көруінің нашарлауы.
Ауру анамнезі:қауіпті факторлар,аурудың дамуы,емі,ауру себептері мен басталуы,зерттеулер қорытындылары.
Өмір анамнезі:тұқымқуалаушылық,жағымсыз әдеттері,тамақтануы,тұрмыс жағдайы,аллергиялық реакциялар.
Обьективті әдіс
Қарау:жалпы жағдайы,санасы,есі,төсек жағдайы,дене бітімі,тері және тері жамылғысы,көгерулер,ісіктер.
Сипау:бүйрек,несеп ағар бойын,пульс,ісіктерді.
Қағу:пастернацский симптомы,қуыстарда сұйықтықтардың болуы.
Қосымша немесе зертханалық тексеру тәсілдері
Жқа,биохимиялық қан анализі,зәрді тексеру тәсілдері:жза,нечипоренко,зимницский,аддиса-каковский,зәр бактериологиялық зерттеу.
Бүйрек рентгенографиясы,хромоцитоскопия,УДТ,сканирлеу,КТ,бүйрек биопсиясы,ЭКГ.
2кезең-Мейірбикелік диагноз
Науқастың жағдайы қанағанаттанарлық. Ұқыптылықпен мейірбикелік зерттеуде мейірбике науқастың медициналық мәселесін анықтап, мейірбикелік диагнозды қоюы керек.Артықшылықтары: бетінің ісінуі,бел тұсының ауырсынуы,зәр шығуының бұзылуы,дене температурасының көтерілуі,бас ауруы,терінің құрғауы,диурездің азаюы,құсқысы келу,көз көруінің нашарлауы.
3кезең-Мейірбикелік жоспар құру
Қысқа мерзімді-ауырсыну сезімін басу,дене қызуын түсіру,бас ауруын қойдырту.
Ұзақ мерзімді-диета сақтау,төсек тәртібі.
4кезең-Жоспарды жүзеге асыру
Мейірбике белгілеген жоспарын ұқыптылықпен орындап, өзінің әрекетін жұмыс күнделік дәптеріне жазып отыру керек.
--емдік сақтау тәртібін сақтау
-белгіленген тамақ тәртібін сақтау
-дәрігер тағайындаған дәрілерді уақытылы қабылдау
-науқасқа өзін бақылау дағдысын үйрету
-дене темпереатурасын 2-3сағат сайын
-сұйықтықты көп ішу,бел тұсын жылы ұстау
5кезең-Қорытындылау
Науқастардың шағымдары ескерілді.Жоспар құрылып,жоспар жүзеге асырылды.
Халі ауыр науқастарды күту
Жалпы жағдайы ауыр науқастарға қарау және күту
Ауру адамды әлсіретеді. Тез қалпына келіп, сауығып кету үшін науқасқа арнайы күтім қажет.
Науқас адамды күту оны емдеудің аса маңызды бөлігі болып табылады.
Көп жағдайда дәрі қажет болмауы да мүмкін, ал жақсы күтім барлық уақытта қажет. Жақсы күтімнің негіздері мыналар:
Науқас адамға тыныштық қажет. Науқас таза ауа келіп тұратын жарық, таза, ыңғайлы жерде демалуы керек. Ол қатты салқындап қалмауға да, ыстықтауға да тиіс емес. Егер ауа салқын болса немесе науқас тоңазып қалса — оның үстіне ақжайма немесе жамылғы жабыңыз. Ал егер айнала ыстық болса, науқас ыстықтаса — үстіне ештеңе жаппаңыз.
Сұйық. Барлық дерлік ауру кезінде, әсіресе қызу немесе іш өту кезінде — науқас көп сұйық: су, шай, шырын, сорпа және т. б. қабылдауы керек.
Жеке гигиена. Науқас адамның таза болуы маңызды. Оны күн сайын жуындыру керек. Егер ол өте әлсіз, төсектен тұруы қиын болса, онда оны жылы суға шыланған губкамен немесе ылғал матамен сүртіңіз. Оның киімі, ақжаймасы, жамылғы қабы да таза болуға тиіс Төсекте үгінді және тамақтың қалдығы болмауын қадағалаңыз.
Жақсы тағам. Егер науқас тамақ ішкісі келсе, тамақ беріңіз. Көпшілік ауруға айрықша диетаның қажеті жоқ.
Науқас көп сұйық ішуге және нәрлі тамақ жеуге тиіс. Егер науқас өте әлсіз болса, онда ол қаншалықты тамақ іше алса, күніне әлденеше рет соншалықты нәрлі тамақ беріңіз. Егер қажет болса, тамақты езіп немесе оны сорпа және шырын түрінде беріңіз.
Қуатты тағам беру де маңызды. Мысалы: күріштен, бидайдан, арпадан, картоптан және ұнтақ жармадан жасалған ботқа. Бұл тағамдарға қант және өсімдік майын қосу күш (қуат) береді. Әсіресе ол тамақты аз ішсе, оны көптеп тәтті сусындар ішуге ынталандырыңыз.
Кейбір ауруларда диета сақтау қажет болады!!!Науқастың төсектегі қалпын өзгерту
Өте әлсіз және өзі аударылып жата алмайтын адамды, күніне бірнеше рет аударып жатқызу керек. Бұл ойықты болдырмайды.
Көптен ауыратын баланы анасы жиі-жиі қолына алып отырғаны жөн.
Науқастың жатқан қалпының жиі өзгеруі өкпе қабынуының болмауына көмектеседі — бұл ұдайы төсекте жататын әлсіз және ауыр науқастарға үнемі қауіпті. Егер науқастың температурасы көтеріліп, жөтеліп және дем алысы жиілей бастаса, онда өкпесі қабынған болуы мүмкін.
Өзгерістерді қадағалау
Сіз науқастың жағдайындағы кез келген өзгерістерді қадағалап отырыңыз, бұл өзгерістер оның жағдайының жақсарғанын немесе нашарлағанын білдіреді. Оның өмірлік мәні бар белгілерін және мыналарды күніне 4 рет жазып қойыңыз:Температура, АҚҚ,пульс,тыныс алу жиілігі
Науқасты күту
Сондай-ақ науқастың қанша сұйық ішкенін және күніне неше рет кіші және үлкен дәретке отырғанын жазып қойыңыз. Бұл мәліметтерді денсаулық сақтау қызметкерлері мен дәрігерлер үшін сақтап қойыңыз.
Науқастың ауруы елеулі немесе қауіпті екендігі жөнінде сізді хабардар ете алатындай белгілерді қадағалап отыру өте маңызды.
ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ЗӘРДІ ЖИНАУ
1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алдым.
2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргіздім.
3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретім (амбулаториялық жағдайда).
4. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартым. Қолғапты кидім.
5. Науқасқа зәрді жинау үшін белгі салынған контейнерді бердім.
6. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жудым (стандартты қараңыз).
7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
8. 100-200 мл зәрді даярланған контейнерге жинадым және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтады.
9. Қақпақпен контейнерді жаптым.
10. Лабораторияға жолдама толтырдым. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсеттім.
11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апардым.
12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салдым. Қолымды жуып, кептірдім.

НЕЧИПОРЕНКО ӘДІСІМЕН ЗӘРДІ ЖИНАУ


1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргіздім.
2. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартым. Қолғапты кидім.
3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жудым (стандартты қараңыз).
4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
5. Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинадым.
6. Жолдаманы толтырдым. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсеттім
7. Жиналған зәрді лабораторияға апардым.
8. Қолғапты шешіп, контейнерге салдым. Қолымды жуып, кептірдім.
ЗИМНИЦКИЙ ӘДІСІ БОЙЫНША ЗӘРДІ ЖИНАУ
1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргіздім:
- зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;
- бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;
- зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.
2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.
3. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинадым.
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін,
№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін,
№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін,
№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін,
№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін,
№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін,
№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін,
№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін.
4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.
5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апардым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет