343 топ Aйтпаева Аружан Мерекеқызы Әдістемелік жетекші


Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



бет23/29
Дата24.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#86436
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Байланысты:
Аружан кунделик

Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Александра Регия Романқызы


Р/с


Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы


Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері



Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы


басталуы



аяқталуы



1.



Эндокринді жүйе аурулары бар науқастарға мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру

08:30

09:00




2.



Инсулин салу іс әрекеті
Зәрдегі қантты анықтау
Қандағы қант мөлшерін анықтау

09:00

09:30




3.

Диабетикалық табан кезіндегі күтім

09:30

10:00




4.

Гипер және гипогликемиялық кома кезінде дәрігерге дейін көмек

12:30

13:30




5.



Қан түзу ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру

09.00

10.30




6.



Стернальді пункцияға науқасты дайындау,күтімі.Көктамырға дәрілерді тамшылатып жіберу

10.30

11.30




7.

Пациенттерге қан түзу жүйесінің ауруларының алдын-алу шаралары жөнінде кеңес беру.ЖҚА талдау

11.30

13.30



Эндокриндік жүйесінің ауруларын қарап тексеру


Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі, ретсіз қимылдар, көп сөйлеу, көңіл – күйінің тез өзгерісі).
Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, құрғақтығы, түлеуі; шаш өзгерістері – түсуі, жұқалануы).
Мойын аймағын қарау – қалқанша безінің ұлғаюы ұлғаюы деңгейі; сипап тексеру – көлемі, тығыздығы, қозғалғыштығы, ауырсынуын.
– Ауыз қуысын қарау – тіл сипаты.
– Көз белгілерін анықтау
Эндокринді жүйе ауруларын қарап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі
Науқасты жалпы қарау.
Науқастың жағдайын, есін, төсектегі қалпын анықтау.
Науқасты жалпы қарау. Жалпы дене бітімін, бойы; тері асты шел майының дамуын бағалау;
науқастың жағдайына байланысты- тік тұрғызып немесе отырғызып қарау;
Тері асты шел майының дамуын бағалау – жауырын асты теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып тексеру – 2см аспау қажет
Терісі мен оның қосалқыларын және кілегей қабаттарын қарау;
Көзге көрінетін аймақтардағы терісі, көздің ақ қабығы, алақан, еріндері кілегей қабаттарын (түсі – өзгермеген, өзгерген – боз; сарғыш реңді боз – «мәрмәр» тәріздес түс; бет ұштарының, қасүсті доғалары және иек аймақтарының қызаруы -рубеоз;
ақ немесе қызыл, күлгін түсті жолақтар (стриялар);
тері мен кілегей қабаттарының гиперпигментациясы – қоңырлануы немесе қола түстес өзгеруі – таралып, дененің ашық және жабық аймақтарында, әсіресе киіммен үйкелісетін жерлері, алақан сызықтары, отадан кейінгі тыртықтарда, ауыз қуысы кілігей қабатында, емшек ұштары, артқы өтіс, сыртқы жыныс ағзалары аймақтарында орналасады.
Тері қоректену бұзылыстары -түлеген, құрғақ; қалыңдаған; қасынған іздер; алақандар мен табандарының сарғыштануы –ксантоз;
Түгі – ерлерде әйелдерше түгінің, ал әйелдерде ерлерше түгінің өсуі; қастың, кірпіктің, мұрттың және шаштың түсуі
Шашы – жұқарған, сыңғыш; дерттік өзгерістер бар, жоқ
Жергілікті қарау.
Бет әлпетін қарау тексеру реттілігін сақтап жүргізу:
ай тәріздес дөңгеленуі;
көз шарасының өзгерістері – үлкеюі; бадыраюы; көз саңлауының кішіреюі;
бетте ым жоқтығы;
Мойын аймағын қарап тексеру
жуандануы – симметриялық аймақтарында бірдей (қалқанша безінің 2-5 деңгейдегі ұлғаюы);
Ауыз қуысын қарап баға беру:
ауыз ашуын өтіну
тілді қарау – қалыңдаған, түгі азайған;
Көз белгілерін анықтап даму деңгейін бағалау.
екі жақтық көз шарасының бірдей үлкеюі;
Грефе белгісі –төмен қарағанда мөлдір қабығы мен жоғарғы қабақ арасында ақ қабық жолағаның болуы;
Штельваг белгісі – сирек кірпік қағу;
Кохер белгісі – жоғары қарағанда мөлдір қабығы мен төменгі қабақ арасында ақ қабық жолағаның болуы;
экзофтальм белгісі – бадыраң көз – көз шарасының шығып тұруы
Эндокринді жүйе ағзаларының пальпациясы
Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі шешінуін өтіну әрі қарай науқастың жағдайына байланысты – тік тұрғызып немесе отырғызып терісін сипап тексеру: науқастың келісімі алынды
Тері пальпациясы.
Серпінділігін (құрсақ бетінің немесе қолдың ішкі бетінің терісін екі саусақпен жинап, қатпар жасайды, қатпарды босатады;)
ылғалдылығын (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау;)
қызуын анықтау (қол сыртымен маңдайын сипау;)
ісінуі, қалыңдауы (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау;)
Қалқанша безін тексеру.
Тік тұрғызып немесе отырғызып қалқанша безін сипап тексеру.
қалқанша бездің бүйір бөліктерін төс-бұғана-емізіктік бұлшықет астынан оң және сол жағынан тік бағытта жылжымалы сипап тексеру;
қалқанша бездің қылқасын тік бағытта жылжымалы сипап тексеру;
оң қолдың жиналып бүгілген 2-4 саусақтарын мойынның алдына төс тұтқасынан жоғары орналастыру;
сол қолдың ұшын 7-мойын омыртқасының өсіндісіне орналастырып мойын қимылын шектету;
айналасындағы ағзалардың басылып қалуында дамитын белгілерді анықтайды –көк тамырлардың кеңеюі, тыныстың қиындауы, дисфагия және т.б.;
мойынның алдыңғы аймағын қарап, тексеру;
дәрігер науқастың оң жағына орналасады, қолы жылы; науқасқа иегін сәл төмен түсіруді және өзін бос ұстауды өтінеді;
науқасқа жұтынуды өтініп, бездің жылжымалығын анықтап, оның көлеміне, беткейіне, тығыздығы мен аурусынуына сипаттама беру

Инсулин салу техникасы


1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп және оны жүргізуге келісімін алдым;
2. Гигиеналық деңгейде қолымды тазартым, оларды тері антисептигімен өңдедім. Қолғапты кидім.
3. Флаконның жазуын оқыдым: атын, дозасын, сақталу мерзімін. Дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырдым. Флакон қорабындағы және этикеткасындағы инсулиннің атын және әріптік белгілерін тексердім.
4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргіздім. Дәрінің қоюлығына көңіл аудардым, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыдым. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептедім.
5. Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқыладым. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды!). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.
6. Флакондағы инсулинді су моншасында 36-370С температурасына дейін жылыттым.
7. Ораудағы инсулин шприцін алдым. Ораудың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексердім. Орауды ашып, шприцті құрастырдым.
8. Флаконның металды қақпағын пинцетпен аштым.
9. Флаконның резеңке тығынын тері антисептигіне суландырған мақта шаригімен екі рет тазартым. Флаконды шетке қарай қойдым, тері антисептигі кепкенше күттім.
10. Инсулин шприцін қолға алып, шприцтің поршенін тарттым, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алдым. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.
11. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгіздім.
12. Науқасты жатуын немесе отыруын сұрадым.
13. Инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен тазартым, алдымен үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын орынды. Терісі кебуі керек.
14. Шприцтен қалпақты алдым, оны енгізер алдында ауаны шығардым және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға дейін жеткіздім.
15. Оң қолыма шприцті алдым.
16. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін үш бұрышты қыртысы негізі төмен қараған жағынан жиыстырдым.
17. Тері асты майлы қабаты ортасына 30-450 бұрышпен үш бұрыш қыртысы негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап иненің ұзындығына жылдам қозғалыспен енгіздім.
18. Сол қолды босатып, қыртысты жібердім.
19. Инсулинді жаймен еңгіздім, ине қан тамырларына түспегенін тексердім.
20. Жылдам қозғалыспен инені шығардым, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойдым.
21. Науқасты тамақтандырдым.
22. Қолғапты шештім.
23. Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салдым.
24. Қолымды жуып, кептірдім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет